Сөйлеу тілінің дамуының теориялық негіздері


Көмекші мектеп оқушыларның сөйлеу тілінің ерекшеліктері



бет12/13
Дата06.01.2022
өлшемі57,78 Kb.
#13182
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Документ Microsoft Word

1.2 Көмекші мектеп оқушыларның сөйлеу тілінің ерекшеліктері

Интеллектісі бұзылған балалардың сөз қорлары таным қызметтеріне, олардың ойлауына және қарым- қатынасында, жалпы психикалық дамуына байланысты дамиды.Бұл оқушылардың сөздік қорларының қалай дамитындығын бақыласақ мекиепте оқу кезіндегі оларда айтарлықтай өзгерістер байқалады.

Интеллектісі бұзылған оқушылардың сөздік қорларының кедейлігі олардың ақыл- ойының дамуының төмен деңгейлігіне байланысты.Көмекші мектептегі астауыш снып оқушылырының сөздік қорлары кедей болады.Ол күнделікті көріп жүрген заттарының атауын білмеуә мүмкін.Мысалы: қолғап,қар, парақ, нан т.б.

Іс- әрәектеттерді айтуда олардың сөздері тұйықталған, санаулы ғана болады.Мәселен, « жазды қалай өткіздің « деген тапсырма беріп әңгімелеп беруді сұрасақ олар аз сөздерді қолданады. Интеллектісі бұзылған оқушылардың 1- сынып оқушылары өз сөздерінде 15 етістікті қолданса, ал жалпы мектептің 1-сынып оқушылары өз сөздерінде 46 етістікті қолданған.

Интеллектісі бұзылған оқушылар: желімдедім, қидым, құрдым, жасадым деген сөздерді пайдаланғанннан гөрі бір сөзбен « жасадым » деп жауап береді. Себебі, бұл сөздер олардың сөздік қорында кездеспейді.

А.Н. Гвоздев, 1961ж отандық авторлардың бірі, ол оқушылардың сөйлеу тілінің құрлымына өз үлесін қосқан.Ол жазады: « Интеллектісі бұзылған оқушылардың сөздік қорында зат есімді меңгеруі қалыпты нормалардағы қарағанда тез меңгеріледі.Содан кейін етістікпен сын есімді меңгеру проценті жоғарлай береді.Ақыл ойы артта қалған балалардың қатарларында әртүрлі сыныптағы балалар көп сөйлейді, сөздік қорының мол деп саналады, бірақ олардікі тек құр бос сөз болып келеді. Есте сақтауның дұрыс еместігінен меңгергендігі олардың көп және аз мөлшерде естіген сөздерін қайталайды.

Сыныптан келесі сыныпқа көшу барысында олардың сөздік қоры молаяды. Ол өзіндік өзгешілікті сипаттайды.Оқушылардың сөйлеу тілі етістік пен сын есіммен толады.Жоғарғы сыныптың оқушылары қоршаған заттардың аттарымен қоса, өздері еңбек сабағында қолданылатын заттардың атауын біледі, құралдарды, материалдарды, қала атауларын біледі.

Жоғарғы сынып оқушылары (VII- VIII) әртүрлі бақылаған және өздері орындаған іс- әрекеттерді сипаттап бере алады.Сонымен қатар жоғарғы сынып оқушылары 4 сыныпқа етістіктер мен жанама мағынада қолдана алады.

М.С.Соловьева (1969) оқушылардың 7 сыныбы етістікті қолдануын арнайы зертей отырып оларда сөздік қорының кедейлігін байқанын айтмыз. Оның мәлеметі бойынша етістіктегі қолданулардың жартысыы қозғалыс пен кеңістегі заттар мен араластырып шатастырады.

Көмеші мектептегі интеллектісі бұзылған оқушылардың сөздік қорлары кедей және ақыл- ойлары шектеулі болып келеді.Олар көп сөздерді түсініп, пайдалана білмейді,оларға көп сөздер таныс емес грамматикалық категориядағы жекелеген сөздерді біле бермейді.Әсіріесе абстрактілі сөздерді ( бақыт, зор.)Олар өсімдіктердің түрлерін және олардың тектерін біле бермейді( емен, қайың, терек.) Сөздік қорларының кедейлігіне байланысты ақыл-ойлары кеміс оқушылардың сөздері қысқа, нақты емес, түсініксіз және өте қарапайым болып келеді.

И.П. Феофанованың айтуы боынша қалыпты дамыған 5-6 жастағы балаларға 22 көмекші сөздер жақсы таныс және олар өз сөздерінде жиі қолдана бастайды. Ал ақыл ойы арттақалған балалар 8-9 жастарында немесе тура 10 жасында өз сөздерінде қолдана бастайды.

Интеллектісі бұзылған оқушылар сөйлеу кезінде лексиканы дұрыс қолданбайды.Балалар бір сөзбен ұқсас заттарды атай береді( қоңыз беп масаны, өрмекшіні, құмырсқаны және шегірткені).Сонымен бірге мағыналары ұқсас заттарды да бір сөзбен атай салады ( баскиімдеп: қалпақ, малақай, тақия, кепка).

Ақыл-ойы артта қалған оқушылардың белсенді және енжар сөздерінің арасында айтарлықтай айырмашылық бар.Белсенді сөздері аз, енжар сөздері тіпті аз болып келеді.

Кузницованың айтуы бойынша интеллектісі бұзылған балалар үш грамматикалық категориларды ( зат есім, сын есім, етістік) енжар сөздер белсенді сөздерден екі есе көбейтеді.Сөйлеу тілі баланың ақыл-ойының дамуына әсерін тигізеді.

Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша « ой сыртқа шықпайды, бірақ ол сөз арқылы орындалады» деген.Тіл дамыған сайын ойда дамиды.Оқушыларды өмірге дайындау тек жалпы мектепте емес, сонымен бірге көмекші мектепте де негізгі мәселе болып саналады.

М.П. Феофановтың пікірінше әңгіменің мазмұнын жеткізуде ақыл- ойы кем оқушылардың тілдерінде біршама өзгерістер болады. Ол өзгерістерде әңгіменің мазмұны кедейленеді, тілдік формасы жеңілденеді. Зияты бұзылған оқушылардың мәтіндегі сөздерді өздерінің күнделікті тілдерінде кездесетін сөздермен алмастырады.

Н.В. Тарасенконың айтуынша көмекші мектептің оқушылары өз сөздерінде сын есімдерді өте аз қолданады. Оларға тағы мынадай тапсырма берілген болатын: сын есім бойынша заттың сапасы, көлемі бойынша сөздері беріледі. Олар сол сөздерге қарама- қарсы сөз тауып айту кереук болған. Олардың берген жауаптары төмендегідей:

Салмақты- мейірімді

Ашулы – ашулы емес

Жақсы- жақсы емес сол сияқты

Көмекші мектетегі ең негізгі міндеттерінің бірі зияты бұзылған балалардың ойлау қызметтерін және сөйлеу тілдерін белсендерту, алыптастыру. Осы зияты бұзылған оқушылардың ойлау мен сөйлеу тілдерін дамытып, қалыптастырудың арқасында әлеуметтік ортаға тез бейімделіп кете алады. Ақыл- ойы артта қалған оқушыларға мынадай сипаттама беріледі: селсоқ, икемсіз, әлсіз, қызығушылық танытушылығы жоқ, жаңғалақ шаршағыш болып келеді.( Морозова Н.Г.)

Бұл мәселенің бір бөлігі оқушылардың сөйлеу тілі мәдениетінің қалыптасуына байланысты. Сөйлеу тілін дамытып, жетілдіру мәселесі көмекші мектепте әсіресе басты орын алады.Бұл мектепте интеллектуалдық қызметтері бұзылған және есту сөйлеу анализаторлары бұзылған балалар оқиды.Мұның барлығы сөйлеу тілін меңгеруде қиыншылықтарға әкеліп соғады.

Бұл мәселемен айналысқандар: Г.М. Дульнев,М.Ф.Гнездилов, В.Г.Петрова, З.Н.Смирнова, В.А.Лапшин, С.Н.Комская, Г.М.Данилькина, Е.А. Гордиенко, Н.В.Тарасенко,Ө.Ө Өмірбекова, К.Ж. Бектаева т.б. Бұл мәселеде интеллектісі бұзылған оқушылардың еңбек қызметіндегі сөйлеу тілі, грамматикаға байланысты сабақтарда, оқу және жазу сабағындасөйлеу тілі мәселері қарастырылады.

Интеллектісі бұзылған оқушылардың ойлау ерекшіліктері мынадай: олар оқу мен жазу сабақтарында көп қате жібереді, сөздік қорлары кедей, сөйлем құрауда жіберетін қателері көп.Көмекші мектеп оқушыларының сөйлеу тілдері айтарлықтай толық емес.Олар көп жағдайда күрделі, қиын сөздерді айтудан қашқалақтайды, олардың көп қолданылатын сөздерінің біріол онда, мында, міне т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет