Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы «Белгілі Е. Зікібаев атындағы Өрнек негізгі мектебі»


Ата-ана құқықтарына айыру және оларды шектеу



бет5/8
Дата01.05.2023
өлшемі0,63 Mb.
#88681
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
нормативтік-құқықтық құжаттары

Ата-ана құқықтарына айыру және оларды шектеу
Ата-ана құқықтарына айыру және оларды шектеу жағдайында әлеуметтік педагог көптеген мәліметтерді жинақтап, ата-ана құқықтарынан айыру және оларды шектеуге міндетті түрде қатысады.
ҚР Неке және отбасы туралы заңының 11 тарауының 67 бабына сәйкес.
Ата-ана құқықтарына айыру.

  1. Егер ата-аналар (олардың біреуі):

  • ата-ана міндеттерін орындаудан, оның ішінде алимент төлеуден қасақана жалтаратын болса;

  • өз баласын перзентханадан (бөлімшесінен) не өзге де балаларды тәрбиелеу, емдеу немесе басқа да мекемелерден алудан дәлелді себептерінсіз бас тартса;

  • өздерінің ата-ана құқықтарын пайдаланып қиянат жасаса;

  • балаларға қатыгездік көрсетсе, оның ішінде олардың денесіне немесе психикасына зорлық-зомбылық жасаса, олардың жыныстық пәктігіне қастандық жасаса;

  • заңдарда белгіленген тәртіппен маскүнемдікпен, нашақорлықпен және ауыткұмарлықпен ауырады деп танылатын болса олар ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.

  1. Өз балаларының не жұбайының өміріне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыс жасаған жағдайда ата-аналар (олардың біреуі) ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.

Ата-ана құқықтарына айыру бұл –

  1. ата-анасының (біреуінің) тәртібін оң жаққа өзгерту мүмкін болмаған жағдайда;

  2. тек сот арқылы;

  3. ата-ананың кесірінен (екеуі де) болуы мүмкін.

Отбасыдағы жағдайға байланысты ата-ана құқықтарынан айыру ата-аналарға келесідей мүмкіндіктер туғызады: әлеуметтік патронат, әңгімелесу қорғаншы және қамқоршы органдардың ескертуі, ішкі істер органдары.
Ата-ана құқығынан айыру сот тәртібімен жүргізіледі. Ата-ана құқығынан айыру туралы істер ата-аналардың біреуінің (олардың орнындағы адамдардың), кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттер жүктеген органдардың немесе ұйымдардың (қорғаншы және қамқоршы органдардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің және басқаларының) арызы бойынша, сондай-ақ прокурордың талабы бойынша қаралады.
Ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде сот ата-ана құқығынан айырылған ата-аналардан (олардың біреуінен) алимент өндіріп алу туралы мәселені шешеді.
Ата-ана құқықтарынан айырудың салдары ата-ана құқықтарынан айыру балалармен туыстық фактісіне негізделген барлық құқықтардан, оның ішінде одан асырауға қаражат алу, сондай-ақ балалары бар азаматтар үшін белгіленген жеңілдіктер мен мемлекеттік жәрдемақылар алу құқықтарынан айырылуға әкеп соғады.
Ата-ана құқығынан айыру ата-аналарды өз баласын асырау міндетінен босатпайды, ол баланы асырап алу арқылы тоқтатылады.
Бала мен ата-ана құқықтарына айырылған ата-ананың одан әрі бірге тұруы туралы мәселе сот тәртібімен шешіледі.
Ата-анасы (олардың біреуі) ата-ана құқықтарынан айырылған бала ата-анасымен және басқа да туыстарымен туыстық фактісіне, оның ішінде тұра алу құқығына негізделген тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын, сондай-ақ мүліктік құқықтарын сақтап қалады.
Баланы басқа ата-анаға беру мүмкін болмаған кезде немесе ата-анасының екеуі де ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда бала қорғаншы және қамқоршы органның қамқорлығына беріледі.
Ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналардың (олардың біреуі) өтініш бойынша қорғаншы және қамқоршы орган, егер бұл балаға зиянды ықпал етпесе, баламен жолығуға рұқсат ете алады.
Ата-анасы (олардың біреуі) ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда баланы асырап алуға ата-ананы (олардың біреуін) ата-ана құқықтарынан айыру туралы сот шешім шығарған күннен бастап кемінде алты ай өткенде жол беріледі.
Егер ата-аналар (олардың біреуі), мінез-құлқын, тұрмыс-салтын және баланы тәрбиелеуге көзқарасын өзгертсе, олардың ата-ана құқықтары қалпына келтірілуі мүмкін. Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ананың арызы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады. Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру туралы істер қорғаншы және қамқоршы органдардың, сондай-ақ прокурордың қатысуымен қаралады.
Егер ата-ана құқықтарын қалпына келтіру баланың мүдделеріне қайшы келсе, сот баланың пікірін ескере отырып, ата-ана құқықтарын қалпына келтіру туралы ата-ананың (олардың біреунің) талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы. Он жасқа толған бала жөніндегі ата-ана құқықтарын қалпына келтіру баланың келісімімен ғана жасалуы мүмкін. Егер бала асырап алынған болса және баланы асырап алудың күші жойылмаса, ата-ана құқықтарын қалпына келтіруге жол берілмейді.
Неке және отбасы туралы заңның 71 бабына сәйкес сот баланың мүддесін ескере отырып, баланы ата-анадан (олардың біреуінен) оларды ата-ана құқықтарынан айырмай алу жолымен ата-ана құқықтарын шектеу туралы шешім шығара алады.
Егер баланың ата-аналармен (олардың біреуімен) қалуы:

  1. ата-аналарға (олардың біреуіне) байланысты емес мән-жайлар (психикасының бұзылуы немесе өзге де созылмалы ауру, ауыр мән-жайлардың және себеп-салдары) бойынша бала үшін қауіпті болса;

  2. олардың мінез-құлқының салдары бала үшін қауіпті болса, алайда ата-аналарды (олардың біреуін) ата-ана құқықтарынан айыру үшін жеткілікті негіздер анықтамаған болса, ата-ана құқықтарын шектеуге жол беріледі. Егер ата-аналар (олардың біреуі) өз мінез-құлқын өзгертпесе, қорғаншы және қамқоршы орган ата-ана құқықтарын шектеу туралы сот шешімі шыққаннан кейін алты ай өткен соң оларды ата-ана құқықтарын айыру туралы талап қоюға міндетті. Баланың мүдделеріне сәйкес қорғаншы және қамқоршы орган осы мерзім аяқталғанға дейін ата-аналарды (олардың біреуін) ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап қоюға құқылы.

  3. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы талапты баланың жақын туысқандары, кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау міндеті заңмен жүктелген органдар мен мекемелер (мектепке дейінгі мекемелер) жалпы білім беретін және басқа да мекемелер, сондай-ақ прокурор қоя алады.

  4. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы істер прокурор мен қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен қаралады.

  5. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы істер қаралған кезде сот ата-аналардан (олардың біреуінен) балаға алимент өндіріп алу туралы мәселені шешуге құқылы.

ҚР Неке және отбасы туралы Заңының 72 бабында: Ата-ана құқықтарын шектеудің салдары қаралған.
Ата-ана құқықтарын сот шектеген ата-аналар баланы жеке өзі тәрбиелеу құқығынан айырылады. Ата-ана құқықтарынан шектеу ата-аналарды баланы асырау жөніндегі міндеттерден босатпайды.
Өзіне қатысты ата-аналарының (олардың біреуінің) ата-ана құқықтары шектелген бала тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үйдің пайдалану құқығын сақтап қалады, сондай-ақ ата-аналары және басқа да туысқандарымен туыстық фактісіне негізделген мүліктік құқығын, соның ішінде мұра алу құқығын сақтап қалады.
Ата-анасының екеуінің де ата-ана құқықтары шектелген жағдайда бала қорғаншы және қамқоршы органның қамқорлығына беріледі. Ата-ана құқықтарын сот шектеген жағдайда ата-аналарға, егер олар балаға зиянды әсерін тигізбесе, баламен қатысуға рұқсат етілуі мүмкін. Ата-аналардың баламен қатысуына қатысуына қорғаншы немесе қамқоршы органның не қорғаншысының (қамқоршысының), баланың патронат тәрбиелеушілерінің немесе бала тұратын мекеме әкімшілігінің келісімімен жол беріледі.
Әлеуметтік педагог ескеру керек:
Баланың өміріне немесе оның денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган баланы ата-аналардан (олардың біреуінен) немесе оны қамқорлыққа алған басқа да адамдардан дереу айырып алуға құқылы.
Баланы дереу айырып алуды республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органның тиісті актісі негізінде қорғаншы және қамқоршы орган жүргізеді.
Баланы айырып алу кезінде қорғаншы және қамқоршы орган прокурорға дереу хабарлауға, баланы уақытына орналастыруды қамтамасыз етуге және баланы айырып алу туралы республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органның актісі шыққаннан кейін жеті күн ішінде сотқа ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе олардың ата-ана құқықтарын шектеу туралы талап қоюға міндетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет