Сондықтан Каримжанов Яхе дипломдық жұмысында оқушылардың практикалық білімдерін қалыптастыру мақсатында кіші жобаларды ұжымдық, топтық әдістерде қолданған
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жаратылыстану ғылымдары факультеті 5В011000-Физика мамандығының бітіруші студенті Каримжанов Яхе Шухратұлының «Жарық құбылыстары» тарауын оқытуда топтық оқыту технологиясын пайдаланудың әдістемесі» тақырыбына жазған дипломдық жұмысына
СЫН ПІКІР
Мектеп физика курсында оқытудың мазмұнын жаңарту, оқытудың тиімді тәсілдері мен жаңаша оқыту технологиясын енгізу, дәстүрлі оқыту үрдісін жаңа жағдайға бейімде - қоғамның ақпарат көлемінің барған сайын өсуімен ситаппалады. Физика сабақтарында, әсіресе, 8-сыныптарда жарық құбылыстарын оқыту үдерісін ұжымдық және топтық оқыту технологиясы негізінде оқыту оқушылардың дамытушылық, тәрбиелік, білімділік жағынан күрделі мәселелерді шешудегі жетекші жолдарының бірі болып саналады.
Сондықтан Каримжанов Яхе дипломдық жұмысында оқушылардың практикалық білімдерін қалыптастыру мақсатында кіші жобаларды ұжымдық, топтық әдістерде қолданған.
Оқушылар жарық құбылыстары тарауы бойынша сұрақтарды тұжырымдауда қиындықтарға тап болады, яғни, топтық оқыту технологиясына толық дайын еместігі көрініс алады. Физикадағы басқа бөлімдер мен соңғы салалардың дамуына үлкен үлес қосатын, көзге көрінбейтін құбылыстарды топтық оқыту технологиясы негізінде меңгерту әдістемесін мұқият дайындау өзекті мәселе.
Ocығaн cәйкec, Каримжанов Яхеның «Жарық құбылыстары» тарауын оқытуда топтық оқыту технологиясын пайдаланудың әдістемесі» атты дипломдық жұмысы заман талабына сай келеді. Бұл дипломдық жұмыстың бірінші тарауында жарық құбылыстарын оқытуда инновациялық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері қарастырылған. Екінші тарауда жарық құбылыстарын оқытуда топтық оқыту технологиясын қолданудың әдістемесін түбегейлі зерттеп, қолдану аясын және даму тенденциясын толық қамти отырып зерттеген.
Каримжанов Яхеның дипломдық жұмысында кейбір грамматикалық және стилистикалық қателіктер кездеседі. Бірақ, бұл қателіктер диплом жұмысындағы алынған нәтижелердің маңыздылығын төмендетпейді.
Каримжанов Яхеның дипломдық жұмысы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің дипломдық жұмыстарға қойылған барлық талаптарын қанағаттандырады. Дипломдық жұмысты қорғауға жіберуге және бұл жұмысты 94 А- «3,67» (өте жақсы) деген бағамен бағалауға болады деп есептеймін.
Пікір беруші Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университеті, ф.-м.ғ.к., аға оқытушы С.А. Рамазанова