Соөж эссе: «Қазіргі заман жағдайында қазақ халқының ауызша мұрасы (тарихи дәстүрлерді) мен жазбаша тарихнаманы (Мохаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Қасымұлы Жалайырдың шығармаларын) зерттеу»



Дата15.05.2022
өлшемі24,54 Kb.
#34459
Байланысты:
tarrih


СОӨЖ Эссе: «Қазіргі заман жағдайында қазақ халқының ауызша мұрасы (тарихи дәстүрлерді) мен жазбаша тарихнаманы (Мохаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Қасымұлы Жалайырдың шығармаларын) зерттеу».

Қазақ халқының бүгінгі мәдениеті мен дүниетанымын тереңі-нен әрі жан-жақты түсіну үшін оның қайнарларын халқымыздың архетиптік санасындағы іздерінен іздеу яғни түріктер мен арғы-қазақ мифологиясынан бастап, ілкі түркілер мен ежелгі қазақ-тардың дәстүрлі мәдениетінен табу керек. Қазақ халқының дүние-танымы мен дәстүрлі мәдениетінің рухани тамырлары мен бастау көздері ежелгі сақ, ғұн және ортағасырлық түркі мәдениетінде екенін отандық зерттеушілер бүгінгі күні дәлелдеп, түйіндей тү-суде. Әсіресе, ортағасырда барлық түркі халықтарының бірігіп, бір суперэтносқа ұйысқан кезеңнің орны бөлек. Елбасы Н. Назар-баев ғасырлар тоғысының Түркі қағанатының 1450 жыл толуы қар-саңында жазылған «Тарих толқынында» еңбегінде былай деп жазды: «Біздің бәріміздің де мақтаныш етуімізге тұрарлық мол мұрамыз бар. Өйткені ата-бабаларымыз адамзат тарихында өш-пес із қалдырып кеткен, Еуразия құрылығындағы халықтардың тағдырына орасан зор күшті әсер еткен» Адамдардың әлеуметтік немесе ұлттық бірлестіктерге ұйы-суының негізін ортақ дүниетаным, ортақ сенім құрайтыны анық. Кез-келген елдің немесе халықтың оның өркениеттік дамуы сырт¬тан енгізілген ықпалдардың әсерімен емес, ұлт болмысының терең рухани қыртыстарын қамтитын дүниетанымдық тұрғыда шешіледі. Сондықтан ұлттың өткен тарихы мен дәстүрлі рухани-дүниетанымдық тұғырларын қалпына келтіруде философия ма-ңызды орын алады. Қазақ халқы философияға бейім халық және ол өзінің рухани бастауларын түркілік дәстүрлерден алады. Қазақ халқы мемлекеттік тəуелсіздігінің арқасында өзінің тарихи, рухани жəне мəдени құндылықтарына ие бола бастады. Соңғы жылдары елдің бұрынғы атақты батырларына, ұлы қайраткерлеріне жəне ғалымдарына іздеу салып жатырмыз.

Қазақта ауызша тарихпен бірге жазбаша тарих та болды. Оның негізін салған, ХVІ ғасырда өмір сүріп, түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының сол дəуірдегі ата тарихын хатқа түсіріп, артына өшпес мұра қалдырған тарихшы, ғұлама ғалым Қадырғали би Қосымұлы Жалаири (кейде Жалайыри деп те жазылып жүр).

Тəуелсіздігіміздің арқасында «Қадырғали би Жалайыри» қоры көп жылдан бері дарынды данамыздың еңбектерін жинап, зерттеп, жарыққа шығарды. 2007 жылы Алматыда Х.М.Ғабжалилов басқарған Алаш тарихи-зерттеу орталығынан екі томдық «Жалайыр» деген атпен шыққан еңбекте Қадырғали би туралы өте құнды деректер басылды.



Тағдырдың жазуымен өмірінің көпшілік бөлігі өзге ел, өзге жерде өткенімен  Қадырғали Жалаири өзінің туған елін, халқының мұрат-мақсатын қашанда жадында ұстады. Ол қазақ жұртының тарихын тарқататын, кейінгіге нұсқа болатын «Жамиғ ат-Тауарих» («Жылнамалар жинағы»,    немесе «Шежірелер жинағы») атты кітап жазып қалдырды. Ал белгілі отандық ғалымдар Р.Сыздықова мен М.Қойгелдиев (Қойгелді) кемеңгер тарихшының кітабын жан-жақты зерттеп, «Қадырғали би Қосымұлы жəне оның «Жылнамалар жинағы» атты монографияны жарыққа шығарды. Қадырғали бидің кітабында халқымыздың шығу тарихы ғылыми тұрғыда баяндалған. Өзінің көрген-білгенін, көкейге түйгенін жазып қана қоймаған. Өзінен бұрынғы шығыс елдеріне кеңінен танымал Парсы мемлекетінде министр қызметін атқарған Рашид ад-Дин еңбегінен («Джами ат-Тауарих» атты кітабы) қазаққа қатысты жерлерін аударып, шығармасына арқау еткен.Рашид ад-Диннің еңбегі екі кітаптан тұрады. Соның бірінші бөлімінің қысқартылған нұсқасын аударып, өз еңбегіне қосқан. «Қадырғали би Қосымұлы жəне оның «Жылнамалар жинағы» атты кітаптың авторларының айтуынша: «Мұнда түркі-монғол тайпаларының Шыңғыс хан империясы құрылғанға дейінгі қоғамдық өмірі, Шыңғыстың тоғызыншы атасы Бұланжардың өмірге келуі жəне оның Шыңғыска дейінгі ұрпақтары жайлы аңыз, Шыңғыстың өмірбаяны жəне оның Газан ханға дейінгі ұрпақтарының тарихы баяндалады. Шыңғыстың яса-заңдарын қосқанда мұнда барлығы 24 дастан берілген. ХV ғасырдың орта кезінде Өзбек хандығынан бөлінген қазақтар ноғайлы-түрікмен секілді тайпалармен бірігіп, өз алдына жеке мемлекет құра бастады. Алғаш бұл бірлікке ертедегі Түрік қағанатының негізін қалаған көне рулар: қаңлы, қыпшақ, үйсін, дулат, қоңырат, албан, суан, жалайыр сияқты тайпалар кірген еді. Адамдардың әлеуметтік немесе ұлттық бірлестіктерге ұйы-суының негізін ортақ дүниетаным, ортақ сенім құрайтыны анық. Кез-келген елдің немесе халықтың оның өркениеттік дамуы сырт¬тан енгізілген ықпалдардың әсерімен емес, ұлт болмысының терең рухани қыртыстарын қамтитын дүниетанымдық тұрғыда шешіледі. Сондықтан ұлттың өткен тарихы мен дәстүрлі рухани-дүниетанымдық тұғырларын қалпына келтіруде философия ма-ңызды орын алады. Қазақ халқы философияға бейім халық және ол өзінің рухани бастауларын түркілік дәстүрлерден алады.Академик Ә. Нысанбаевтың қонымды пікірі бойынша, ең ал¬дымен «түркі философиясы» деген ұғымның мәнін ашып алу керек. Жекелеген ғылым салалары табиғат пен қоғамның нақты қырларын зерттеумен айналысса, ал философияның пәндік аймағы адам мен әлемнің арақатынасын қамтиды. Осыған сәйкес ғылым ұлттықтың ауқымынан тыс жатса, ал философия өзінің бастауын мифологиядан, діннен алатындықтан әлемге деген қа-тынастың этникалық сипатымен, мәдени ерекшелігімен тығыз байланыста болады. Философияны Гегель ұлттық мәдениеттің «тірі жаны, квинтэссенциясы» деп анықтағаны белгілі. Демек, әлемде қанша ұлттық жетілген мәдениеттер бар болса, сонша ұлттық философиялық жүйелердің болатындығы белгілі. «Әлем-дік философия», «үнді философиясы», «қытай философиясы», «грек философиясы», «ислам философиясы», «неміс фило¬софиясы», «орыс философиясы» деген сөз тіркестері филосо¬фия тарихында орныққан болса, ал «қазақ философиясы» түгілі, «түркі философиясы» терминін айтудың өзі баршаға белгілі идеологиялық қысымның әсерінен мүмкін болмай келді. Ал қазір-гі саяси тәуелсіздік пен рухани дербестік, мәдени плюрализм мен толеранттылық жағдайында қазақ философиясына, оның алдың-ғы сатысы түркі философиясының типологиясын жасауға, оның архетиптері мен хронотоптарын анықтауға мүмкіндік туды. Дүниетаным, ақиқатты рухани-практикалық игерудің танымдық жүйесі болса, дүниетанымның соңғы және жоғарғы формасы философия деп есептеледі. Оның ішіндегі бір ұлтқа ұйысқан адамдардың білім мен сенім жиынтығы, рухани-адамгершілік және моральдық мұраттары, әлеуметтік-саяси бағдарлары мен қоршаған ортаға деген психологиялық және эстетикалық көз-қарастары дүниетаным түсінігінен қуат алады. Олай болса, Қа-зақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың бастама-сымен елімізде бірнеше жыл бойы жүзеге асып жатқан «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының ауқымында ұлттық рухани құндылықтар мен мұрамызды игеруде философия өте үлкен рөл атқармақ.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет