Соөж шығарма жазуға қойылатын негізгі талаптар, бастауыш сыныптағы шығарма


Шығарма жазуға дайындық және шығарма жазу барысында оқушыларға



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата27.11.2023
өлшемі107,96 Kb.
#129533
1   2   3
Байланысты:
СОӨЖ

Шығарма жазуға дайындық және шығарма жазу барысында оқушыларға 
төмендегі дағдыларды қалыптастыру керек:
 
1.Бірлесе отырып шағын мәтін құрастыру;
2.Дайын сұрақтар бойынша өз ойларын жазбаша түрде қағаз бетіне түсіре білу;
3.Дұрыс сөйлем құрастыра білу. Сөйлемді бас әріппен бастап,аяқтай білу.
4.Өз ойын бейнелеу үшін сөзді дәл әрі нақты таба білу.
Шығарма жазу
үшін оқушылардың ауызша сөйлеу тілі белгілі бір дәрежеде 
дамыған болу керек.Күнделікті сабақ
барысында қарапайымнан күрделіге қарай 
жүйелі түрде жүргізілген жұмыс қана нәтиже бере алады. Ол үшін оқушының сөйлеу 
тіліне белгілі бір талап қоя білу керек.
Оқушының сөйлеу тілінің
-
мазмұндылығын;
-
дәлдігін;
-
анықтығын;


-
дұрыстығын;
-
шығармашылықтығын;
-
көркемдігін анықтау керек.
Бастауыш сынып оқушылары
ана тілі сабағында да шығарма
жазуға әр сабақ 
сайын дайындықта болады:
-
Мәтіннен ,әңгімеден көркем сөзді таба білу;
-
Шығармадан оқушылар түсінбеген сөзді табу,мағынасын ашу;
-
Берілген бейне бойынша көркем сөздерді пайдалана отырып сипаттау;
-
Түсінік айту барысында таныс көркем сөздерді пайдалану;
Оқушылар осы дағдыларды меңгеру үшін

қарапайымнан күрделіге қарай жүйесі 
бойынша белгілі бір жүйеде жұмыстар орындалу керек;
 
-
сөйлем құрастыру;
-
сурет бойынша орны ауысқан сөйлемдерді қалпына келтіру;
Сюжетті суреттер бойынша мәтін құрастыру;
Оқыған мәтінді әңгімелеу.
Бұл жұмыстарды күнделікті орындай отырып оқушылар өз ойларын белгілі бір 
тәртіппен әңгімелей білуге үйретеді.
Шығарма жазуға қойылатын негізгі талаптар:
1. Тақырыпты толық аша білу;
2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көпсөзділікке жол бермеу;
3. Шығармада сөз болған жайды оқушының басқаларға түсінікті болатындай орамды 
тілмен, аз сөзге көп мағына сыйғыза баяндауы;
4. Шығарманың бөлімдерінің негізгі ой арқылы шебер байланысуы;
5. Шығармада жазушының өмірбаянына, жазылу тарихына, тарихи оқиғаларға, 
кейіпкерлерге қатысты қателіктер жіберілмеуі керек;
6. Оқушының шығармада сын мақалалардан, әдебиеттану еңбектерінен шағын 
үзінділерді қисынымен қолдануы, оның терең білімін танытады;
7. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасай білу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет