Сопровождению инклюзивного образования методические рекомендации



Pdf көрінісі
бет19/58
Дата06.01.2022
өлшемі1,27 Mb.
#13079
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   58
Италияда  жалпы  білім  беру  мектептерінде  мүмкіндіктері  шектеулі 
балалардың  90%-нан  астамы  оқиды.  Зерттеушілердің  пікірінше,  Италия  басқа 
елдер  үшін  білім  берудің  инклюзивтік  түрін  апробациялау  алаңы  болды. 
Италяндықтар  инклюзияның  ерте  кезеңін  «жабайы  интеграция»  деп  атайды. 
Алайда  бұндай  жағдайда  «интеграция»  мен  «қосу»  сөздері  шартты  түрде 
болады.  Негізінде  бастапқы  кезде  оның  өзі  қосуға  жақын  болады,  сондықтан 
бұл  жердегі  басты  мақсат  балаларда  қатыстық  сезімін  тудыру  үшін  оларды 
мектептік  қауымға  әлеуметтендіру  және  бейімдеу  болды.  Басынан  бастап-ақ 
айырмашылықтарды қабылдау және сыйлау тұлғаның бөлінбес сипаты ретінде 
бірінші кезекке қойылды. Сол бірінші кезеңді естеріне түсіргенде, италияндық 
педагогтар  барлық  сұрақтардың  толық  жауабын  білмей,  тек  алға  қарай 
жүргендері туралы айтады.  
1971  жылы  «Мүмкіндіктері  шектеулі  балалардың  жалпы  білім  беру 
мектептерінде  оқу  құқығы  туралы»  №118  бірінші  заң  қабылданды.  Онда: 
«мүгедек  оқушылардың  ақыл-ойы  немесе  дене  бітімі  бойынша 
бұзылыстарының  ауырлық  деңгейіне  байланысты  әдеттегі  сыныптарда  оқуы 
немесе  қосылуы  өте  күрделі  болған  жағдайлардан  басқа  жағдайда  мүгедек 
балалардың  білім  алуы  мемлекеттік  мектептердегі  әдеттегі  сыныптарда  жүруі 
керек», – деп бекіткен.  
1977  жылы  білім  беру  әркетінің  «оқушылардың  жеке  тұлғасының  толық 
қалыптасуында  алға  жылжу»  бағыттылығы  мен  белгілі  бір  нормативтерді 
анықтау  мақсатында  «Жалпы  мектепте  оқитын  мүмкіндіктері  шектеулі 
балалардың  құқығы»  туралы  (№  517)  заңға  өзгерістер  енгізілді.  Осы  заңға 
сәйкес  барлық  балалар  ешбір  шектеусіз  жалпы  білім  беру  мектептеріне 
қабылдануға  және  олардың  сапалы  білім  алуларына  арналған  барлық 
жағдайларды тудыруға міндетті.  
1992 жылы қабылданған «Жалпы мектепте оқитын мүмкіндіктері шектеулі 
балалардың  құқығы»  туралы  (№  104)  жаңа  заң  әлеуметтендіруді  ғана  емес, 
сондай-ақ академиялық пәндерге сапалы оқытуды басты міндеттердің қатарына 
жатқызады.  Мысалы,  13-бапта  «арнайы  педагогтардың  әрекетін  қолдауға» 
кепілдік  береді,  бұндай  оқытушылар  «олар  жұмыс  істейтін  сыныбында 
мұғаліммен бірге оқытады, білім беру бағдарламаларын құруға және оқытуға, 
сынып  және  колледж  кеңестерінің  әрекеттерін  талдауға  және  тексеруге 
қатысады» деп көрсетілген. Көмек көрсету жиынтығына балаға арналған жеке 
бағдарламаны  құруға  жанұяның  да  қатысуына  қатысты  кепілдік  кіреді.  2003 
жылы  Білім  беру  министрлігі  қосудың  ұлттық  саясатын  өмірге  ендіруді 
жетілдіру мақсатында, барлық директорларды жұмыстан қол үзбей тренингіге 
қатысуды  міндеттейді.  Барлық  мұғалімдерге  жылына  40  сағатқа  есептелген, 
біліктілігін арттыру курстарынан өтуді міндеттейді. Италияндық тәсілдемелер 
мектептің  диагностикалау  мен  терапияны  жүзеге  асыратын  денсаулық  сақтау 
саласына қатысты ұйымдардың мамандарымен өзара әрекеттестікте болуымен 
ерекшеленеді. Бұл мамандардың арасында дәрігерлер, психологтар, әлеуметтік 
қызметкерлер,  медбикелер,  логопедтер,  атқарымдық  және  физикалық 
терапевтер  кіреді.  Бала  дамуын  бағлаудан  басқа  диагностикалауда  жанұяны 
тірек  ету  үшін  олардан  кейбір  эмоциялық  ресурстар  талап  етіледі. 
52 


Диагностикалаудың бұндай тәсілдемесінің мақсаты – бұзылысты анықтау емес, 
қазіргі  кезде  көптеген  елдерде  қабылданған,  тұтас  көріністі  алу.  Оны 
«экологиялық» деп атайды.  
Жеке  оқу  бағдарламасын  әзірлеген  кезде  оқушының  жеке  тұлғалық 
ерекшеліктері,  білім  алудағы  қажеттіліктері;  жанұяның  ерекшелігі  есепке 
алынады;  оқушының  нақты  қажетілгін  есепке  ала  отырып,  қолдау  мамандары 
(дефектолог,  логопед,  психолог)  анықталады.  Мектепке  баратын  мүгедек 
оқушыларды негізгі үш топқа бөлуге болады:  
а)  әдеттегі  бағдарлама  бойынша  оқитын  және  оқуды  бітіргені  туралы 
әдеттегі  диплом  алатын,  алайда  оқу  бағдарламасын  өзінің  сыныптастарымен 
(мысалы, есту немесе көру қабілетін толық немесе жартылай жоғалтқан немесе 
тірек-қозғалыс  аппаратында  бұзылыстары  оқушылар)  бірге  өту  үшін  арнайы 
қолдауды қажет ететін оқушылар. Бұл жағдайда оқушыларға оқыту үдерісіне, 
сабақтарда  және  тестілік  тапсырмаларды  орындауға  көмектесетін  арнайы 
және\немесе  қосымша  құралдар  беріледі;  шынайы  себептер  бойынша  бұл 
оқушыларға  әр  түрлі  тапсырмаларды  орындау  үшін  әдеттегіден  артық  уақыт 
беріледі (№104 заң, 1992);  
б) біршама түзетілген және\немесе жеңілдетілген бағдарламалар бойынша 
оқитын  оқушылар.  Бітіру  емтихандарының  қорытындысы  бойынша  бұл 
оқушыларға  қалған  оқушыларға  берілетін  дипломдардан  біршама 
айырмашылығы бар, бір оларға баламалы құжат беріледі;  
в)  әдеттегі  бағдарламамен  оқуға  мүмкіндік  бермейтін,  дене  бітімінде 
және\немесе  психикалық  дамуында  бұзылыстары  бар  оқушылар.  Мектепті 
аяқтағаннан  кейін  олар  өздерінің  жұмыс  тәжірибелерінің,  икемділіктері  мен 
дағдыларының  толық  сипаттамасы  бар,  мектепке  барғаны  туралы  анықтама 
алады.  
Мүмкіндіктері шектеулі барлық оқушыларға сынып бөлмесінен шығу және 
жеке оқу мүмкіндігі болатын икемді кесте жасалады [52, 60, 62].  
 
Алғаш рет Францияда «мектептік интеграция» ұзымы 1975 жылы бірінші 
бабында  «мектептік  интеграция»  тұжырымдамасы  берілген  заңнын 
қабылдануына  байланысты  пайда  болды.  Заң  шығарушылар  мектептік 
интеграция  идеясын  мүгедек  балаларды  оқу  үдерісіне  қосқан  кездегі  оларға 
қатысты  қорғау  шарасы  ретінде  қарастырды.  1982  және  1983  жылдардағы 
Әлеуметтік істер бойынша министрлік пен Халыққа білім беру министрлігінің 
дайындаған  нұсқауларында  мектептік  интеграцияның  маңыздылығы 
нақтыланып, осы үдеріске қатысушылардың рөлдері анықталды. Халыққа білім 
беру  министрлігінің  бірқатар  нұсқауларында  мектептік  интеграция 
саласындағы әлеуметтік білім беру қызметі мен үйде көрсетілетін қызметтердің 
рөлі нақтыланды.  
1991 жылы сәйкес министрліктер мен мүгедектер ісі бойынша мемлекеттік 
секретариат  мүгедек  балалар  мен  жасөспірімдерді  интеграциялау  үдерісіне 
бағытталған  нұсқауды  жариялайды.  Осы  нұсқауға  сәйкес  мектеп 
директорларына  бастауыш  мектепте  мектептік  интеграциялау  сыныптарының: 
ақыл-ойы  дамымаған  балаларға,  көру  және  есту  қабілеттерінің  бұзылыстары 
53 


бар  және  тірек-қимыл  аппаратарының  бұзылыстары  бар  балаларға  арналаған 
төрт  түрін  ашуға  өкілеттік  берілді;  бұл  сыныптар  бұрынғы  тегістеу 
сыныптарын ауыстырды.  
1995  жылы  жалпы  орта  білім  беру  жүйесінде,  лицейлерде  және 
колледждерде 
директордың 
шешімімен 
ділдік 
бұзылыстары 
бар 
жасөсіпірмдерге арналған педагогикалық бөлімшелер ашыла бастады.  
Франциядағы  инклюзивтік  білім  берудің  құрылуына  2005  жылы  11 
ақпанда қабылданған № 20056 102 «Мүгедектігі бар тұлғалардың құқығы пен 
мүмкіндіктерінің, азаматтық орны мен қатысу теңдігі бойынша» заңының үлкен 
маңызы  болғанын  атап  өту  керек.  2005  жылғы  заңның  маңызды  жетістігіне 
мүгедек  баланың  әлеуметтік  ортадағы  жағдайын,  мүгедектіліктің  әлеуметтік 
көрінісін қарастыру болып табылады. Заң шығарушылдардың пікірінше, бұдан 
екі қағида туындайды: қолжетімділік (барлығы үшін барлығына қолжетімділік) 
және өтемділік (құқық пен мүмкінділіктердің теңдігін құратын жеке шаралар).  
Мектептік  оқу  саласында  қолжетімділік,  мысалы,  тұратын  жеріне  жақын 
орналасқан  оқу  орнына  жазылу  мүмкіндігі;  оқытудың  бейімделген  даралық 
және  ұжымдық  жоспары  бойынша  білімге  қолжетімділік;  мектептік  оқуды 
жүзеге  асыруға  арналған  барлық  қажетті  жайлар  мен  материалдарға 
қолжетімділік;  мектептік,  мәдени  және  спорттық  құралдарды  сәйкес  нормаға 
(кедергісіз  оқу  ортасын  құру)  келтірумен  анықталады.  Өтем  мектептік  ортаға 
мектептегі  көмекшінің  қолдаумен  қосуды,  баламен  медициналық-әлеуметтік 
мекемелердің  қызметкерлерінің жұмыстарын, баланың көлікке деген құқығын 
ұйымдастыра алады.  
2005  жылғы  11  ақпанындағы  заңмен  «Мүгедектерге  арналған 
территориялық  орталықтар»  деп  аталатын  орталықтар  құрылды,  олар 
мүмкіндіктері  шектеулі  тұлғалар  мен  олардың  жанұяларын  қолдаумен 
байланысты  барлық  өкілеттікті  қамтиды.  Орталықтарда  мүмкіндігі  шектеулі 
әрбір  оқушының  қажеттіліктерін  бағалайтын,  оған  мектепте  оқудың  жеке 
жоспары  кіретін  өтемнің  жеке  жоспарын  ұсынатын  мульти-тәртіптік  команда 
әрекет  етеді.  Мүгедектігі  бар  тұлғалардың  құқықтары  және  автономдығы 
бойынша  комиссия  (CDAPH)  мамандардың  мульти-тәртіптік  командасы 
жүргізген  бағалауының  негізінде  қажетті  шараларды  жүзеге  асыру  туралы 
шешім қабылдайды.  
Оқытудың  жеке  жоспары  (PPS)  мүмкіндігі  шектеулі  оқушының  мектепте 
оқу  жағдайын,  сондай-ақ  оның  ерекше  қажеттіліктеріне  жауап  беретін 
педагогикалық, 
психологиялық, 
тәрбиелік, 
медициналық 
және 
парамедициналық  (кинезиотерапевттер,  логопедтер,  психомоторлық  даму 
саласындағы  мамандар  және  т.б.)  шараларды  анықтайды.  Жоспарда  баланың 
өзінің  және  оның  ата-аналарының  қалаулары  есепке  алынады,  ол  мектептік 
білім берудің дәйектілігі мен үзіліссізділігін қамтамасыз етеді. Мүгедектігі бар 
тұлғалардың автономдығына құқықтары бойынша комитет осы оқытудың жеке 
жоспарының негізінде мүгедектігі бар оқушының білім беру бағдары, яғни оны 
жалпы  немесе  арнайы  білім  беру  мектептерінде  оқыту  туралы  шешім 
қабылдайды. Референт мұғалімге мүгедектігі бар баланың жеке оқу жоспарын 
ендіру  және  оның  орындалуын  бақылау  тапсырылады.  Референт  мұғалім 
54 


Территориялық  орталықпен,  мүгедектігі  бар  оқушымен  жұмыс  жүргізетін 
мұғалімдер  командасымен,  медициналық  қызметтермен  және  персоналдармен 
байланыс  орнатады.  Ол  сондай-ақ  оқушының  жанұясымен  тығыз  байланыста 
болады және ата-аналарға ақпарат береді.  
2005  жылғы  11  ақпанындағы  заңда  мектептік  оқыту  жағдайына  қатысты, 
онда  мүгедектігі  бар  баланы  әдеттегі  ортада,  яғни  бастауыш  немесе  орта 
мектепте жеке бағдарлама бойынша оқытудың артықшылығы туралы ескертеді. 
Заңмен  қарастырылған  әдеттегі  сыныпта  оқу  оқушының  денсаулығына 
байланысты  мүмкін  болмаған  жағдайда,  ол  бастауыш  мектептегі  мектептік 
инклюзиялық  сыныпта  немесе  орта  мектептегі  мектептік  инклюзияның 
жергілікті  бөлімінде  оқи  алады.  Оқушы  арнайы  оқытылған  педагогтың 
басшылығымен  оның  ерекше  қажеттіліктеріне  бейімделген  бағдарлама 
бойынша білім ала алады.  
Баланы  мектептік  оқыту  барысында  оқытудың  төменде  берілген  әр  түрлі 
тәсілдерін кезектестіруге немесе құрамдастыруға болады: толық күндік немесе 
жартылай оқыту, әдеттегі ортада немесе арнайы ұйымдарда, үйде оқыту немесе 
Ұлттық орталықтың көмегімен қашықтықтан білім беру.  
2012  оқу  жылының  басында  Францияда  «мұғалімдер  және  медициналық 
немесе  әлеуметтік  қызметкерлердің  пікірлерін  есепке  ала  отырып,  әрбір 
баланың  аңғарымын»  әзірлеу  мақсатында  жаңа  құрал  «Мектептегі 
оқушылардың  қажеттіліктерін  бағалау  бойынша  басшылық»  (GEVAS) 
ендірілді.  Бұл  басшылықтың  артықшылығы  оның  авторлары  оқушылардың 
мүгедектігін емес, олардың қалдық атқарымдарын негізге алды, мектепте оқуға 
бөгет  жасайтын  кедергілерді  анықтауға  тырысты.  Онысына  қарамай,  бұл 
тәсілдеме  Территорялық  орталықтың  оқытудың  жеке  жоспарын  әзірлеу 
(өтемдік жеке жоспардың оқулық бөлігі) үдерісіндегі элементтерінің біреуі ғана 
болып табылады [53, 54].  
Франциядағы  инклюзивтік  білім  беру  үдерісі  «мектеп  өміріндегі 
көмекшілер»  деп  аталатындармен  қамтамасыз  етіледі.  Атқарымдық 
міндеттеріне  қарай  көмекшілер  екі  топқа  бөлінеді  –  оқушыны  педагогикалық 
және онсыз қолдау. Бұл көмекшілер нақты бір балаға бекітілген жеке болуы да 
орта  мектептің  интеграциялық  сыныбының  оқушылар  тобының  барлығын 
қолдайтын ұжымдық болуы да мүмкін.  
2014 жылдан бастап мектептегі инклюзивтік үдерістерді күшейту бойынша 
бірқатар  шаралар  қабылданды.  Бұл  шаралар  осы  үдеріске  кіріктірілген 
қызметкерлердің  кәсіптілігін  нығайтуға,  мүмкіндіктері  шектеулі  оқушыларды 
қолдау  үдерісін  күшейтуге,  мүгедектілігі  бар  жастардың  кәсіптік 
жұмыстылығын  жеңілдетуге  және  білім  алудағы  ерекше  қажеттіліктерді 
қанағаттандыру 
үшін 
сандық 
технологияны 
жұмылдыруға 
бағытталған [53, 54, 62].  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет