Әлеуметтік интеграция (лат. Integratio – толықтыру) – әр текті өзара
әрекеттенуші элементтерді әлеуметтік қауымдастыққа, бүтінге, жүйеге
біріктіретін үдерістердің жиынтығы; қоғамның, әлеуметтік топтардың
қатынасындағы белгілі бір тұрақтылық пен тепе-теңдікті қолдау түрі;
әлеуметтік жүйенің немесе оның бөліктерінің бұзушы факторларға қарсы
тұруы; ішкі және сыртқы шиырығудан, қиындықтардан, қарама-қайшылықтан
өзін-өзі қорғау.
Эксклюзия (шығару, шеттету, оқшаулау, сегрегация) – білім беру
аясындағы мүмкіндіктері шектеулі балалардың қорғалуына халықаралық,
ұлттық және жергілікті нормативтік-құқықтык актілермен кепілдік берілген
толық құнды сапалы білім алуға деген құқықтарды пайдалану мүмкіндіктерінен
айырылған жағдайлар.