Сопровождению инклюзивного образования методические рекомендации



Pdf көрінісі
бет18/58
Дата06.01.2022
өлшемі1,27 Mb.
#13079
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58
 
Норвегияда  инклюзивтік  білім  берудің  үлкен  тәжірибесі  бар. 
Норвегиялық  заңнамаға  сәйкес  білім  берудің  инклюзивтік  түрі  бұл 
стратегиялық  мақсат.  Бұл  мектепке  дейінгі  және  орта  білім  беру  барлық 
оқушылар үшін олардың әлеуметтік-мәдени қатысына және әлеуетіне тәуелсіз 
қолжетімді  екенін  білдіреді.  Барлық  оқушылар  үлкен  әлеует  иесі  ретінде 
қабылданады.  Білім  беру  мекемелерінің  жұмыс  қағидасы  ретіндегі  инклюзия 
жеке мүмкіндіктер мен әлеуетті тұрақты түрде есепке алу мен оған сәйкестігін 
білдіреді. Білім беру заңынын ережелеріне сәйкес бастауыш және орта мектеп 
оқушыларының  жергілікті  жердегі  мектепте  оқу  құқығы  бар.  Заңда  сондай-ақ 
оқушылардың бейміделме оқуға және әрбір нақты жағдайға қарай білім берудің 
тиімі бағдарламасын анықтай алатын көмекші персоналдың қызметіне құқығы 
бары туралы бірқатар қағидалар берілген.  
Талдау барысында барлық оқушылардың оқуы әдеттегі сыныптарда немесе 
топтарда өтетіні, сонымен бірге қажет болған жағдайда арнайы жағдайда да оқу 
мүмкіндігінің  барлығы  туралы  аталып  өткен.  Норвегиядағы  білім  беру 
қызметтері  оқушының  емес,  оқыту  ортасының  өзгеруіне  бағдарлаған. 
Норвегиялық  мектептердің  басты  міндеті  «барлығына  арналған  білім  беруді», 
сонымен  бірге  міндетті  білім  беру  жүйесімен  қамтылған  барлық  бала  оқи 
алатын  мектепті  құру  болып  табылады.  Оларды  құру  жұмысы  бейімделме 
оқыту  әдістемелерін  (Jakhelln,  2013.)  қолдана  отырып,  құрамы  аралас-құралас 
оқушыларды оқыту үшін тең талаптармен қамтамасыз ету жолымен жүреді.  
Инклюзивтік  сынып  мұғалімдерін  педагогикалық  институттарда 
дайындайды.  Университеттердің  студенттері  түзету  педагогикасы  курсын 
таңдай алады, педагогикалық мамандықтағы студенттер оқушылардың кездесуі 
мүмкін  қиындықтар  туралы  білім  алады;  мектепте  құрамы  аралас-құралас 
оқушылармен  қалай  жұмыс  істейтінін  және  бейімделме  оқытудың  арнайы 
оқытудан  айырмашылығы  қандай  екенін  талдайды.  Мақсаты  –  оқу-тәрбиелеу 
үдерісін  оқушылардың  әлеуеті,  қабілеті,  мүддесі  мен  әлеуметтік  мәдени 
қатысына  сәйкес  бейімдей  білетін,  сондай-ақ  балаларды  оларға  түсінікті  оқу 
тапсырмаларын  беру  және  әр  түрлі  оқыту  әдіс-тәсілдерін  қолдана  отырып, 
ынталандыра білетін маманды дайындау [61-62].  
 
Қазіргі  кездегі  Филяндиядағы  ұлттық  білім  беру  жүйеснің  негізгі 
құндылықтарына  міндеттілік  және  ақысыздық,  теңдік  пен  инклюзивтілік 
жатады.  Филяндияның  Білім  беру  министрлігі  білім  беру  жүйесін  тегістеу 
саясатын  жүргізеді,  бұл  білім  беру  қолжетімділігі  мен  мазмұны  бойынша 
барлық  жерде  және  барлығына  қолжетімді,  яғни  білім  берудің  кез  келген 
деңгейіндегі  тең  мүмкіндіктерді  білдіреді.  Финляндиядағы  инклюзивтік  білім 
беру  20  жыл  бойы  даму  үстінде  және  оларды  маңызды  ғылыми  зерттеу 
жұмыстарымен қолдайды.  
Елдегі  барлық  оқушылар  үшін  Ұлттық  стандарт  бекіткен  бірыңғай  білім 
беру бағдарламасы бар. Бұнда білім беру саласының негізгі мазмұны, күтілетін 
50 


нәтижелер  мен  бағалау  өлшемдері  берілген.  Финляндиядағы  негізгі  оқыту 
«мектеп барлығы үшін» қағидасына сәйкес жүзеге асырылады. Инклюзивтілік – 
білім  беру  жүйесіндегі  қағидалардың  бірі  бола  отырып,  білім  берудің  барлық 
балаларға  (мигранттарға,  шет  аудандағы  балаларға,  мүмкіндіктерді  шектеулі 
балаларға және т.б.) міндеттілігі мен қолжетімділігі арқылы жүзеге асырылады.  
Барлық  балалар  өзінің  мүмкіндігіне  сәйкес  негізгі  мектепте  оқиды.  2010 
жылдан  бастап  негізгі  жалпы  білім  беру  мектебіндегі  әрбір  бала  деңгейлік 
сипаттағы  қолдаудың  үш  түрінің  бірін  алуға  құқығы  бар.  Қолдаудың  бірінші 
деңгейі – жалпы қолдау. Оны сынып мұғалімі жүзеге асырады. Ол кез келген 
балада (мысалы, аурудан кейін) кездесуі мүмкін қандай да болмасын әр түрлі 
қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Оқудағы анықталған қиындықтар баланың 
ата-анасымен,  сондай-ақ  мектептегі  мамандармен  талданады.  Педагог  оқыту 
үдерісінде  балаға  жеке  көмек  көрсетудің  әр  түрлі  (жалпы  және  арнайы) 
тәсілдерін  және  технологияларын  меңгерген.  Егер  жалпы  қолдау  оқудағы 
туындаған мәселелерді шешу үшін оқушыға жеткіліксіз болса, онда қолдаудың 
екінші  деңгейі  ұсынылады.  Бұл  қарқынды  қолдау.  Оның  қажеттілігі  туралы 
шешімді мультитәртіптік команда қабылдайды. Ұлттық түрдегі педагогикалық 
командалық бағалау  жүргізіледі.  Қарқынды қолдау  тек  мұғаліммен ғана  емес, 
сонымен  бірге  мектеп  мамандарымен  (арнайы  педагог,  әлеуметтік  қызметкер, 
мұғалімнің  көмекшісі)  де  жүргізіледі.  Бұл  кезеңде  мектеп  мамандары 
қолдаудың жеке жоспарын (жарты жылдыққа) құрастырады. Осы бала оқитын 
сыныпқа педагог көмекшісінің қажеттілігі турлы сұрақ шешіледі. Мұғаліммен 
бірге  сабақ  жүргізетін  арнайы  педагог  та  мұғалімге  көмектесе  алады. 
Қолдаудың  екінші  деңгейінің  мақсаты  –  бағдарламаны  меңгеруге  көмектесу, 
үлгермеушіліктің алдын алу және жеңу. Егер баланың мәселесі 6 айдың ішінде 
шешілсе,  онда  ол  қолдаудың  бірінші  деңгейіне  ауыстырылуы  мүмкін.  Егер 
қарқынды  қолдау  жеткіліксіз  болса,  онда  ол  арнайы  қолдаудың  үшінші 
деңгейіне ауыстырлады.  
Баланы  қолдаудың  үшінші  деңгейіне  көшіру  үшін  білім  беру  бойынша 
комитеттегі  консилиуммен  жүргізілетін  сыртқы  медициналық-психологиялық 
тексеру  қажет  болады.  Оны  жүргізу  үшін  алдыңғы  қолдау  сипатталатын 
педагогикалық  негіздеме  құрылады.  Мектептің  инклюзивтік  білім  беруді 
үйлестірушісі  сыртқы  тексеру  нәтижелері  бойынша  оқушыға  қолдаудың 
үшінші деңгейін көрсету керектігі туралы шешім қабылдайды.  
Егер  оқушы  қолдаудың  үшінші  деңгейіне  көшірілсе,  онда  оның  қандай 
жағдайда:  арнайы  (шағын  топта)  сыныпта  немесе  жалпы  сыныпта  (сыныпта 
екінші  педагог,  қажет  болған  жағдайда  көмекші  болғанда)  оқитыны  туралы 
анықталады. Қолдаудың үшінші деңгейінде жеке оқу жоспары және әрбір пән 
бойынша  жеке  оқу  бағдарламасы  құрылады.  Жеке  жоспар  мен  бағдарлама 
мульти-тәртіптік  командамен  коллегиалды  түрде  жасалады.  Олар  жарты 
жылдыққа  немесе  бір  жылға  жасалады,  қажет  болған  жағдайда  қайтадан 
қарастырылады [60, 63].  
Сонымен,  Финляндияда  міндетті  негізгі  білім  беру  деңгейіндегі  оқуда  әр 
түрлі  қиындықтарға  кездесетін  оқушыларды  қолдауға  арналған  арнайы  тиімді 
шаралардың жүйесі құрылған.  
51 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет