Бұл бағытта «жыл бойында ілгерілеуді» көрсетпеген мектептер жазаланады –
мемлекеттік қаржыландырудан шығарылады. АҚШ-да оқушылардың әр түрлі
топтарына: ағылшын тілі туған тілі еместерге; мүмкіндіктері шектеулі
балаларға; кейбір жеке жағдайларда афроамерикандықтарға арналған әр түрлі
стандарттар әрекет етді. Бір топтың оған қойылған мақсатқа қол жеткізе алмауы
себебінен бүкіл мектеп қатал бақылауға алынуы мүмкін.
Чикаго университетінің зертеушілерінің пікірі бойынша мәселе білім беру
мекемелерін сәйкестендіру үрдісінің күшеюінен, дүниежүзіндегі осы сала
бойынша саясат білім беру мекемелерін менеджерлер басқаратын (менеджерлер
үлгісі) бизнес ұйым ретінде қарауынан және бірінші кезекте есеп беруді талап
етуінен асқына түседі [52-54].
Соңғы уақыттарда американдық зерттеушілер бұл үрдісті мектептің
«макдоналдизациялануы» деп атайды. Мектептер бір-біріне ұқсас бола
бастауымен жалпы тұрғыда қоғамның «макдоналдизацияланған» азаматтарын
шығара бастауы мүмкін. Мектептерге үлгерімнің стандартталынған
көрсеткіштеріне
жетуге
қатысты
талаптарды
күшейту
–
бұл
макдоналдизацияланудың бір белгісі болып табылады. Бірақ бұндай
жағдайларда, авторлар балалардың оқуға деген уәжі төмендеп,
қобалжушылығы арта түседі депескертеді [53].
Америкалық зерттеушілер қазіргі кездегі байқалатын үрдістердің көп
жағдайда АҚШ-да инклюзивтік мектептік қауымдастықтарды құруға кедергі
келтіретінін атап өтеді. Иллинойстегі мектептерге әлі де оқушыларды олардың
шығу тегіне және үлгеріміне қарай сұрыптау тән. Бұл сұрыптау бұрынғыға
қарағанда аса байқалмағанымен, ол бұрынғыдай мектептік білім берудің
құрамдас бөлігі болып табылады.
Американдық мектептердің менеджеризмі және үлгерімді тірек етуі
фрустрацияның артуына әкеліп соқтырады, ал білім беру қызметкерлері мектеп
білім беру органдарының биылғы берген бұйырығы бойынша прогресске жете
ме жоқ па деген мәселеден басқаға көңіл аударуға қабілетсіз.
Достарыңызбен бөлісу: