Сопровождению инклюзивного образования методические рекомендации



Pdf көрінісі
бет16/58
Дата06.01.2022
өлшемі1,27 Mb.
#13079
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   58
Швецияда  инклюзивтік  тәсілдемелерді  талдауға  және  оларды 
мұғалімдердің,  ата-аналардың,  барлық  тұрғындардың  меңгеруіне  қатысты 
көпжылдық  әлеуметтік-педагогикалық  жұмыс  жүргізілді.  Бұнда  да  АҚШ-да 
сияқты интеграция «төменнен» өсті, социал-демократиялық қозғалыспен, елдің 
әлеуметтік-экономикалық  жағымды  дамуыменынталандырылды  және  қолдау 
көрсетілді. 1990 жылдардың ортасында шведтер қоғамында әлеуметтік акцент 
ұжымдық  құндылықтан  тұлғалық  құқық  пен  персоналды  таңдауға  қарай 
ауысты.  Сондай-ақ  жаңа  қаржылық  жүйені  ендіру  ресурсты  ұлттылықтан 
басқарудың  және  бақылау  механизмінің  жаңа  түріменжергілікті  деңгейде 
қайтадан бөлуі де көп көмек етті.  
Швеция – инклюзивтік білім берудің әр түрлі түрлері белсенді дамыған ел. 
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың 80%-ы әдеттегі мектептерге барады, олар 
үшін арнайы білім беру бағдарлары әзірленген. Мүмкіндіктері шектеулі барлық 
балалардың  басым  бөлігі  әдеттегі  балабақшаларға  барады.  Алайда  әдеттегі 
мектептерге  көру  және  есту  мүмкіндіктері  жоқ  немесе  өте  төмен,  сөйлеу  тілі 
47 


мүшелерінің  бұзылыстарының  немесе  ақыл-ойы  дамымағандығы  себебінен 
бара аламайтын балаларға арналған арнайы мектептер бар.  
Шведтік  білім  беру  жүйесінде  жалпы  ұлттық  жоспарлау  және  басқару 
элементі  өте  маңызды.  Оқытудың  мақсатын,  ұзақтығын,  білім  беру 
бағдарламаларын  қаржыландыруды  Парламент  шешеді.  1989  жылға  дейін 
үкімет те жалпы білім беру бағдарламаларын құруға қатысты.  
Соңғы  жылдары  Швецияда  білім  беру  саласында  көптеген  реформалар 
жүргізілді. Оның ішінде ең бастысы жүйеге және жеке оқу орындарына үлкен 
дербестік беру,  сондай-ақ оқушылардың  мүмкініктерін  кеңейту  мақсатындағы 
орталықтандыру  жатады.  Мектепте  оқыту  бойынша  көптеген  мәселелерді 
шешуге қатысуға муниципалиттер ғана емес, оқушылар ұжымы мен ата-аналар 
да  құқық  алды.  Енді  Білім  беру  министрлігі  оқыту  бағдарламаларының  тек 
жалпы  мақсаттарын  қана  бекітеді.  Оқыту  әдіс-тәсілдерін,  материалды  таңдау, 
жұмыс  талабы  мен  жалақы  мөлшерін,  оқу  үдерісін  ұйымдаструдың  барлығы 
қазір  мектеп  директорлары  мен  мұғалімдердің  құзыретінде.  Сонымен,  ата-
аналардың  мектепті  өз  баласының  жеке  ерекшеліктеріне  қарай  таңдау 
мүмкіндіктері кеңейді.  
Швецияда 
балалық 
шаққа 
көмек 
көрсету 
жүйесі 
жоғары 
құрамдастырылған,  құрылым  орталықтандырылған.  Көмектің  әрбір  түрі 
әкімшілік,  құқық  және  қаржылық  тұрғыда  дербес  мәртебесі  бар  арнайы 
мемлекеттік  мекеменің  бақылауында  болады.  Аймақтың  кеңесі  (коммуна) 
жанында әрекет ететін муниципалдық Балаларды оңалту орталығының арнайы 
педагогы  ата-аналар  мен  мектеп  мұғалімдеріне  кеңес  береді.  Баланың 
мүмкіндігіне  қарай,  олар  бірігіп,  орындалуы  үшін  мектеп  мұғалімі  жауап 
беретін, жеке оқу жоспарын құрады. Қажет болған жағдайда педагог-ассисент 
шақырылады.  
Шведтік  Арнайы  білім  беру  агентігі  (SIH)  жанұя  мен  мектептерге  кеңес 
беру  мен  оларға  қолдау  көрсетуге  жауап  береді;  практикада  сабағаттылықты 
нақты  баламен  жұмыс  істейтін  кеңесші  жүзеге  асырады.  SIH  кеңесшісі  оқу 
пәндеріне  қатысты  ұсынымдар  береді;  муниципалды  өкіметке  мүмкіндіктері 
шектеулі балаларды оқытуды тиімді ұйымдастыруға көмек береді.  
Жалпы  миграцияға  байланысты  Швецияның  білім  беру  жүйесі,  көптеген 
еуропа  елдеріндегі  сияқты  соңғы  екі  он  жылдық  ішінде  ауыр  қысымға  түсті. 
Бұл  экзогендік  есеңгіреу  этникалық  Швецияны  мәдениеттердің  алуандылығы 
мен  жаһандану  дәуіріне  өзгертті.  Бұл  демографиялық  жылдам  өзгерістердің 
жағымсыз жағына эниткалық сегрегация мен теңсіздіктің туындауы жатты, бұл 
әсіресе орталықтандыру мен бәсекелестіктің салдарынан әлеуметтік топтардың 
арасында  бұрыннан  теңсіздік  құбылыстары  бар  үлкен  қалаларда  айқын 
байқалды.  Бұл  білім  беру  жүйесіндегі  үлкен  мәселе  болды,  себебі  шведтік 
қоғам  көп  ұлттық,  көп  тілдіге  айналып,  тұрмысы  нашар  жанұялардың 
балаларының саны біршама арта бастады [53- 56].  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет