Мүмкіндіктері
шектеулі
оқушыларға
оқушының
дамуындағы
ауытқушылықтардың зардабын төмендетуге арналған қосымша білім беру
және\немесе оңалту жұмыстарын қамтитын арнайы көмек ұсынылады.
Сонымен, заңнама мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға білім беру
үдерісінің әр түрлі мүмкіндіктері мен ұйымдастыру түрлерін ұсынады, бұл
әрбір оқушыға өзінің қабілетіне сәйкес және оны дамытуға ынталандыратын
білім беру үлгісін табуға және ашық әлеуметтік қоғамда қөмір сүруге
дайындауға мүмкіндік береді.
Хорватияда орта білім міндетті болып табылмайды, сондай-ақ бұл
мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға да қатысты болады. Конститутцияға (1990)
сәйкес орта білім жоғары білім сияқты оқушылардың қабілеттеріне сәйкес
барлық оқушылар үшін тең жағдайда қолжетімді. Оқушылар орта білім
ұйымдарына орта мектептің бірінші сыныбына кандидаттарды таңдау Білім
беру министрлігінің жыл сайынғы Орта білім беру туралы заңының негізіндегі
өлшемге сәйкес қабылданады. Бұл Заңда мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды
тікелей (яғни түсу етихандарынсыз, ата-анасының өтініші бойынша) қабылдау
туралы да айтылған. Тікелей қабылдау туралы шешім (оқушыны мектепке
қабылдаудағы) Аймақтық білім беру департаментінің, әлеуметтік қызметтердің,
оқытуды ұсынған басқа да құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Хорватиядағы білім беру жүйесі Винко Бек (көру қабілетінің бұзылыстары
бар тұлғаларға арналған), Голяк (тірек-қимыл аппараттарының бұзылыстары
бар тұлғаларға арналған), СУВАГ (есту қабілетінің бұзылыстары бар
тұлғаларға арналған) сияқты орталықтардың болуымен ерекшеленеді. Бұл
орталықтардың мамандары үлкен зерттеу жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ
жалпы білім беру мұғалімдеріне кеңес береді, балалармен арнайы сабақтар
жүргізеді. Даму бұзылыстары ауыр оқушылар аталған орталықтарда
білім алады.
Сонымен бірге, мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды жалпы білім беру
үдерісіне қосуға қатысты барлық мәселелер шешімін тапты деп айтуға
болмайды. Хорватияда арнайы білім беру ұйымдарының әлеуеттері
пайдаланылатынын айтып өту керек, бұл ұйымдар ресурстық орталықтар
мәртебесін алған және мүмкіндіктері шектеулі интеграцияланған балаларды
қолдау, кадрларды дайындау, инклюзивтік білім беруді әдіснамалық
қамтамасыз етуді құру бойынша үлкен жұмыстар жүргізеді [70].
Достарыңызбен бөлісу: