Сопровождению инклюзивного образования методические рекомендации



Pdf көрінісі
бет23/58
Дата06.01.2022
өлшемі1,27 Mb.
#13079
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   58
 
 
66 


Украинадағы  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  интеграциялауға 
көмектесу бойынша шаралар Украина президентінің «Мүмкіндіктері шектеулі 
тұлғаларды  кәсіптік  оңалту  және  жұмыспен  қамтудың  ұлттық  бағдарламасы 
туралы»қаулысымен  қарастырылған.  Украинаның  Білім  беру  министрлігі 
Арнайы  білім  берудің  мемлекеттік  стандартын,  «Украинадағы  мүмкіндіктері 
шектеулі балаларға жақын жылдар ішінде және келешекте арнайы білім беру» 
және  «Дене  бітімі  мен  ақыл-ой  даму  бұзылыстары  бар  балаларды  оңалту» 
тұжырымдамаларын  бекітті,  арнайы  бастауыш  білім  беру  стандартын  жасау 
жұмысы  аяқталды.  Бұл  мәселелерді  шешудегі  экономикалық  саясат 
мекемелердегі арнайы білім беруді қаржыландырумен қамтамасыз етуге емес, 
бір  оқушыны  инклюзия  жағдайында  оқытумен  (қосуға)  байланысты  кеткен 
шығындарға  бағытталған,  сонымен  бірге,  бұл  жерде  оқыту  түрін,  білім  беру 
деңгейі мен ауқымын ата-аналардың өздері таңдайды.  
Мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  мектепте  оқыту  курсының  мазмұны, 
оқу  жүктемесінің  көлемі  анықталған  арнайы  оқу  жоспарымен  жүзеге 
асырылады.  Оқу  жоспарының  инварианттық  бөлігінде  білім  беру  және  түзету 
блоктары  ерекшеленген,  ал  вариативтік  бөлігінде  оқушылардың  танымдық 
қажеттіліктерн есепке ала отырып, дайындауды жүзеге асыратын, қандай да бір 
мекеме  қызметінің  ерекшелігі  көрініс  табады.  Мүмкіндіктері  шектеулі 
балаларға  арналған  сабақтар,  жеке  және  шағын  топтық  түзету  сабақтары, 
таңдау  бойынша  сабақтар  жүргізіледі.  Мектептерде  мүмкіндіктері  шектеулі 
балаларға  психологиялық-педагогикалық  көмек  көрсету  үшін  барлық 
жағдайлар құрылады.  
Біріктірілген  және  инклюзивтік  білім  беруді  жүзеге  асыру  аясында 
«Украинадағы  арнайы  білім  беру  туралы»  заң  жобасы  әзірленген.  Мектепке 
дейінгі  және  мектептік  білім  беру  мекемелерінде  мүмкіндіктері  шектеулі 
балалар  біріктірілген  (психологиялық-медициналық-педагогикалық  көмек 
көрсетілетін  дамуында  ауытқушылықтары  бар  балаларға  арналған  арнайы 
сыныптар),  сондай-ақ  инклюзивтік  (психофизикалық  даму  бұзылыстары  бар 
балаларды  мұғаліммен  және  дефектологиялық  білімі  бар  және  түзету 
технологияларын меңгерген көмекші ассисентпен бірге бір сыныпта) білім беру 
түрлері  жүзеге  асырылады.  Инклюзивтік  білім  беру  сыныптарындағы 
оқушылар санын келешекте азайту ұсынылады.  
2009  жылы  Украинада  мүгедектілік  мәселелерге  қатысты  қоғамдағы 
көзқарасты түбегейлі өзгертуге шақырған, әдеттегі балалар мен мүмкіндіктері 
шектеулі  балаларды  бірге  оқытудың  «Украинадағы  мүмкіндіктері  шектеулі 
балаларға  арналған  инклюзивтік  білім  беру»  бірінші  жобасы  басталды.  2010 
жылы Инклюзивтік білім беруді дамыту тұжырымдамасы бекітілді.  
Соңғы  жылдары  елде  қалыпты  дамыған  балалар  мен  мүмкіндіктері 
шектеулі  балаларды  бірге  оқытудың  үлгісі  қалыптасуда,  бірақ  бұл  үдерісті 
реттейтін  заңанамалық  негіздің  жоқтығы,  инклюзивтік  білім  берудің 
дамуындағы негізгі кедергілердің бірі болып табылады [75, 76].  
 
 
 
67 


Қазіргі  кезде  Ресейде  білім  беру  саласындағы  әлеуметтік  саясат  үлкен 
өзгерістерге  ұшырап,  қайта  құрылуда,  бұл  жағдай  мүгедек  балалардың 
инклюзивтік  оқуының  қалыптасуы  мен  даму  үдерісінде  қарама-қайшылықты 
тудырып,  үлкен  әсер  етеді.  Бір  жағынан  өзгерістегі  идеологиялық  және 
әлеуметтік мәдени жағдайлар әлеуметтік аздық топ өкілдерін кемсітушлілік пен 
олардың құқығына нұқсан келтіруге қарсы тұратын заңдарды қабылдауды және 
ізгілікті  бастаулардың  пайда  болуын  ынталандырады.  Ал  басқа  жағынан 
алғанда,  қолайсыз  экономикалық  жағдайлар,  заманауи  ресейлік  қоғамның 
стратификациялық  құрылымы  әлеуметтік  аздық  топтарға,  оның  ішінде 
мүмкіндіктері  шектеулі  балаларға  қатысты  шектеуліктер  мен  теңсіздіктерді 
күшейте түседі.  
Инклюзивтік білім беру саласындағы ресейлік зерттеушілер мүмкіндіктері 
шектеулі балаларды интеграциялау ерте кезден тұрақты және табысты тәжірибе 
болған  елдердің  білім  беру  саясатында  болған  әлеуметтік-құқықтық 
өзгерістердің мәнмәтінін толық зерттеді. Ең алдымен, біріктірілген білім беру 
либералдық-демократиялық  реформалардың  және  кемсітушілікпен  күрестің 
мәнмәтінін, қоғамдық моральдық жаңа нормалардың және адамдар арасындағы 
айырмашылықтарды сыйлаудың қалыптасуымен қарастырылады [77].  
Көптеген зерттеушілер Ресейде ұзақ уақыт «стихиялық» немесе оны кейде 
«амалсыз»  интеграция  деп  аталатын  тәжірибе  өмір  сүретіні  туралы  айтады. 
Оның  пайда  болуына  әдеттегідей  түзете  білім  беру  мекемелерінің  болмауы 
немесе  оның  баланың  тұрып  жатқан  жерінен  алыс  орналасуы, 
диагностикалаудың  дұрыс  жүргізілмеуі  немесе  оның  мүлдем  болмауы,  ата-
анасының  баласын  арнайы  мектепте  оқытқысы  келмеуі  және  елдегі 
демографиялық дағдарыс жағдайында кез келген оқушының қабылдауға деген 
жалпы білім беру мектебінің мүддесі себепші болады. Бұл ең алдымен аздаған 
сенсорлық  бұзылыстары  немесе  психикалық  дамуының  тежелуі  жеңіл 
деңгейдегі  оқушыларға  қатысты  болады.  Біріктірілген  білім  беру  институтын 
дамыту  ісі  қазіргі  кезде  Ресейде  мәселелер  мен  қарама-қайшылыққа  толы, 
оларды шешу үшін кешенді түрдегі арнайы шаралар қажет болады [77-80].  
Академик  Н.Н.  Малофеевтың пікірінше:  «... тиімді біріктірілген оқытуды 
ұйымдастру  үшін,  міндетті  түрде  педагогикалық  кадрлардың  арнайы 
дайындығы  қажет».  Оның  мақсаты  жалпы  мектептер  мен  балабақшалардың 
педагогтарын  арнайы  психология  мен  түзету  педагогикасының  негіздеріне 
оқыту, оларға әдеттегідей емес балаға жеке тәсілдеме құруға мүмкіндік беретін 
арнайы  оқыту  технологияларын  меңгерту.  Бұндай  дайындық  ішінен  бірнеше 
негізгілерін ерекшелеуге болатын өзара байланысқан міндеттерді білдіреді.  
Ең бірінші кезекте, жалпы балабақшалар мен мектептердің педагогтарында 
мүмкіндігі  шектеулі  баланың  пайда  болуына  сәйкес  қатынасты: 
ұнатушылықты, қызығушылықты және осы баланы оқытуға деген шын пейілді 
тудыру.  
Екіншіден,  мүмкіндіктері  шектеулі  балалардың  әлеуетті  мүмкіндіктерін 
ашу қажет. Бұндай балалардың арнайы ұйымдастырылған қолдау жағдайында 
өздерінің көптеген құрдастарының даму деңгейіне жетуі, тіпті оларды озуы да 
мүмкін екенін көрсету және дәлелдеу қажет.  
68 


Үшіншіден,  мұғалімнің  кіріктірілетін  баланы  ең  алдымен  бала  ретінде 
қабылдауы  оның  психикалық  дамуын,  танымдық  әрекетінің  ерекшеліктерін, 
оның әлсіз және күшті жақтарын анық түсінуімен үйлесуге міндетті.  
Төртіншіден,  ата-аналармен  және  жақын  қоршаған  ортасымен  өзара 
әрекеттенуге, ынтымақтастыққа және серіктестікке арнайы үйрету керек.  
Ең  соңында,  педагогтарды  мектепке  дейінгі  және  мектептегі 
интеграциялық  оқыту  жүйесіндегі  баланы  түзете  қолдаудың  нақты  әдіс-
тәсілдерімен таныстыру қажет» [77, 78].  
Бұл  міндеттер  жалпы  түрдегі  білім  мекемелеріне  кіріктірілген  есту 
қабілетінің  бұзылыстары  бар  балалармен  жұмысқа  жалпы  мектепке  дейінгі 
және  мектептердің  педагогтарын  дайындаудың  құрылған  бағдарламасында 
жүзеге асырылуда.  
Қазіргі  кезде  Ресейде  РБА  Түзету  педагогикасы  институтының  жетекші 
мамандарымен әзірленген Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы 
федералдық мемлекеттік білім беру стандарты (АФМБС) бекітілген.  
АФМБС  тұжырымдамалары  қарастыратын  білім  берудің  сараланған 
деңгейлері мен нұсқалары арнайы (түзету) мектептерде, сондай-ақ біріктірілген 
немесе инклюзивтік жағдайларындағы жалпы білім беру мектептерінде оқитын 
денсаулығында  әр  түрлі  ауытқушылықтары  бар  балаларға  арналған  арнайы 
стандарттың  негізі  болып  табылады.  Мүмкіндіктері  шектеулі  балаларға 
арналған  арнайы  федералдық  мемлекеттік  білім  берустандарты  қоғамдағы 
әлеуметтік  әділетсіздікті  жеңуге  бағытталған.  Стандарттың  орталық  идеясы 
білім беру мүмкіндіктерінің теңдігі мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың білім 
беру  үдерісін  жүзеге  асыруға  жағымды  жағдай  тудыру  және  белгілі  бір 
нәтижелерге жетулері үшін олардың арасындағы ерекшеліктерін есепке алуды 
білдіреді.  Басты  мақсат  пен  біріктіру  нәтижесі  бұл  жеке  тұлғаны  білім  беру 
құралдарымен әлеуметтік мәдени дамыту.  
АФМБС  жалпы  білімберу  стандартының  ажырамас  бір  бөлігі  ретінде 
қарастырылады.  
Ресейлік  зерттеушілердің  пікірінше,  жергілікті  білім  беру  басқармасы 
органдарының  мысалы,  Самара,  Постов  облыстары,  біріктірілген  білім  беру 
кеңістігін  құру  туралы  шешім  қабылдауларына  қатысты,  осы  аймақтық 
бастамалар  жаңа  құбылыс  болып  табылады.  Самара  облысында  ерте  араласу 
орталықтары арқылы даму ауытқушылықтары бар балаларға ерте жастан көмек 
көрсетуді  ұйымдастыру  басты  рөл  атқаратын  біріктірілген  білім  беру  туралы 
ережелерді,  сондай-ақ  мектептік  біріктірілген  білім  беру  кеңістіктерін 
ұйымдастыруға арналған арнайы нормативтерді әзірледі.  
Сонымен  бірге,  зерттеушілер  инклюзивтік  білім  беру  мүмкіндіктері 
шектеулі  балалар  қосылған  балалардың  сыныптық  қоғамы  мен  мұғалімдердің 
өзара әрекеттену стратегиясын ауыстыру, сондай-ақ жалпы және арнайы білім 
беру  педагогтарының  өзара  әрекеттену  жүйесін  құру  арқылы  макро  деңгейде 
ғана  емес,  жергілікті  қауым,  мектептік  ұжымдар  деңгейінде  де  өзгерістерді 
талап  етеді.  Мүгедек  оқушылардың  сан  алуан  түрлі  қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға  арналған  қажетті  талапқа  жеке оқу  жоспары мен  қызметтер 
континуумының  болуы  жатады.  Бұған  көлік,  логопедия,  аудиология,  терапия, 
69 


қолдау  педагогтары  мен  көмекшілері,  мектептік  әлеуметтік  қызметкер,  ата-
аналарды сабағғаттандыру мен дайындау жатады.  
Жағдайды талдау нәтижесінде, ресейлік зерттеушілер жалпы және арнайы 
білім беру мұғалімдерінің кәсіптік өзін-өзі анықтау деңгейінде интеграцияның 
құндылығын қабылдамайынша инклюзивтік білім берудің ең алдыңғы қатарлы 
заңнамасын  әзірлеу  мен  қабылдау  және  қаржыландыру  мүмкін  болмайды  деп 
тұжырымдады [80-85].  
 
 
 
 
 
70 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет