Сопровождению инклюзивного образования методические рекомендации



Pdf көрінісі
бет24/58
Дата06.01.2022
өлшемі1,27 Mb.
#13079
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   58
Қорытынды  
 
Білім  беру  аймағына  қатысты  Бала  құқығы  туралы  конвенцияны 
қосқандағы  халықаралық  құжаттардағы  сапалы  білім  алуға  берілген  құқықтар 
адамның  әлеуетінің,  адамгершіліктік  және  өзін-өзі  сыйлау  сезімдерінің  және 
демократиялық  қоғам  өміріне  тиімді  қатысу  мүмкіндігінің  толық  дамуына 
көмектеседі.  
Инклюзивтік білім беру білім берудің жоғарғы стандарттары әрбір балаға 
қолжетімді  болатындай  етіп  жүзеге  асырылуға  тиісті.  Сондай-ақ  инклюзивтік 
білім  беруге  қатысты  халықаралық  құжаттардың  қайсысында  болмасын  білім 
берудің  ұлттық  стандарттарын  төмендету  бойынша  ұсыныстар  берілмеген. 
Керісінше, инклюзияның өзі кез келген адамға өзінің әлеуетін жүзеге асыруға 
мүмкіндік беретін білім берудің жаңа тиімді түрі ретінде қарастырылады. Бұл 
өз кезегінде үлкен дайындық жұмысын жүргізуді және халықаралық тәжірибе 
жетістіктерін  пайдалануды,  сондай-ақ  ұлттық  ерекшеліктер  мен  салт-
дәстүрлердің даму деңгейін есепке алуды білдіреді. Инклюзивтік білім беруді 
құқық ретінде қарастырғанда, білім берудің мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды 
қоғамға кең инклюзиялаудың басты талабы болатынын есте сақтау керек.  
Инклюзивтік  тәсілдемелерлді  ендірудің  дүниежүзілік  тәжірибесін  талдау 
кейбір тұжырымдамаларды жасауға мүмкіндік берді:  
Біріншіден, инклюзивтік білім беру идеясы әлемнің көптеген елдері үшін 
өзекті  болып  табылады.  Инклюзивтік  білім  берудің  шетелдік  тәжірибесін 
зерттеу  барысында  осы  тақырыпқа  арналған  зерттеулердің  көптігі  шетелдік 
мамандардың  инклюзивтік  білім  беру  мәселелеріне  үлкен  қызығушылық 
танытқандарын  дәлелдейді.  Батыстық  зерттеулердің  бастапқы  кезеңдерінде 
мүмкіндіктері  шектеулі  балалардың  білім  алудағы  әлеуметтік  теңсіздік 
фактілері  анықталған,  ал  заманауи  зерттеулерде  инклюзивтік  білім  беру 
идеясын  жүзеге  асырудың  әдіснамалық  тәсілдемелерін,  үлгілерін,  жолдарын 
және тәсілдерін әзірлеу кең көлемде баяндалған.  
Екіншіден, Батыс Еуропа және АҚШ-да мүмкіндіктері шектеулі балаларды 
бірге  оқытуды  ұйымдастырудың  бірыңғай  тәсілдемелері  мен  ережелері  жоқ. 
Азаматтық  қоғамы  қалыптасқан,  экономикасы  дамыған  және  өмір  сүру 
деңгейлері жоғары мемлекеттердің өздері инклюзивтік білім беру мәселелерін 
әр  түрлі  тұрғыда  түсінеді  және  шешеді.  Инклюзивтік  білім  берудің 
дүниежүзілік  тәжірибесінде  бірі-біріне  біріктірілген  оқыту  ұйымдарының 
тәсілдемелеріне,  сыныптық  қауымдастықтарды  қалыптастыру  тәсілдеріне, 
оқыту  әдістеріне,  білім  беру  бағдарламаларын  түрлендіру  тәсілдеріне, 
мүмкіндіктері  шектеулі  балаларға  арналған  көмекшілердің  болуына  және  т.б. 
қатысты  үлкен  айырмашылықтары  бар  кіріктірудің  көптеген  тиімді 
үлгілері бар.  
Үшіншіден,  инклюзия  идеясын  білім  беру  тәжірибесіне  тиімді  ендіруге 
кедергі  келтіретін  көптеген  мәселелер  бар.  Инклюзивтік  білім  беру 
қағидаларын  жүзеге  асыру  теориялық-әдіснамалық  бір  қатар  мәселелерін 
өзектендірді,  бұл  инклюзияны  түсінудің  негізінде  жатқан  ұғыну  аппаратын, 
әдіснамалық  тәсілдемелер  мен  тұжырымдарды  нақтылау.  Инклюзияның 
71 


аксиологиялық  аспектілерінің  мағңыздылығы  ерекшеленеді,  себебі  олар 
мүмкіндіктері  шектеулі  адамдарды  қабылдаудың  әлеуметтік-мәдени 
таптаурындарын  жеңу  және  құндылық  жүйесінің  «барлығына  арналған  білім 
беру» жаңа парадигмасындағы іргелі өзгерістерін білдіреді.  
Батыстық зерттеушілер қоғамдағы инклюзивтік үдерістерді жүзеге асыруға 
кедергі  келтіретін  мәселелердің  арасында  педагогтардың  санасының  қайта 
құрылуының төменгі қарқыны, олардың рефлексияға деген консерватизмі мен 
пікірінен таймауы кездеседі.  
Көптеген  зерттеушілердің  пікірінше,  ең  күрделісі  құндылықтың  өзгеруі: 
бұл  білім  беру  философиясының  «білім  беру  білім  беру  үшіннен»  «дамытуға 
арналған  білім  беруге»  дейін  өзгеруі;  мүкіндіктері  шектеулі  балаларды 
қабылдаудағы  әлеуметтік  және  кәсіптік  таптаурынды  жеңу;  әрқайсысының 
құндылығы  жалпы  жетістіктің  негізі  болып  табылатын,  өзінің  барлық 
қатысушыларын  дамытуға  ынталандыратын,  теңдік  пен  қабылдау  идеяларын 
бөлісу. Бұл барлық қауымға және білім беру үдерісіне қатысушыларға тікелей 
қатысты болады.  
Инклюзивтік  білім  беру  үдерісін  әр  түрлі  елдерде  ендіру  тәжірибесін 
талдау  әлемдегі  әлеуметтік  және  саяси  өзгерістер,  мәдениеттің,  тілдің  сан 
алуандығы,  мүмкіндіктері  шектеулі  балалардың  әлеуметтік-экономикалық 
жағдайының айырмашылығы инклюзивтік білім беруге көшуді күрделендіреді 
және ұзартады.  
Қазіргі  кезде,  инклюзивтік  білім  беру  біздің  қоғам  және  педагогикалық 
қауымдастық үшін жаңа бағыт болып табылады, оның қалыптасу үдерісі даму 
деңгейінде, осыған байланысты инклюзивтік білім беру мәселелерін ары қарай 
да зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет.  
 
 
 
 
 
72 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет