Сопровождению инклюзивного образования методические рекомендации



Pdf көрінісі
бет22/58
Дата06.01.2022
өлшемі1,27 Mb.
#13079
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   58
Белоруссиядағы  адам  мен  қоғамның  дамуы  үшін  жағдай  тудыратын 
әлеуметтік жүйені білім берудің жаңа құндылығы деп қабылдау интеграциялау 
үдерісін  дамытуға  үлкен  үлесін  тигізді.  Арнайы  білім  беру  мекемелері 
мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеуді  ғана  жүзеге 
асырмайды,  сонымен  бірге,  олар  осы  санаттағы  тұлғаларды  толық 
әлеуметтендіру  мен  қоғамға  интеграциялауға  бағытталған.  Интеграция  елдегі 
арнайы білім беруді дамытудың жетекші бағытына айналуда.  
Белорусь Республикасындағы «Бала құқығы туралы» заңда қабылданатын 
әрекеттердің негізгі бағыттары белгіленген: мемлекет мүгедек балаларға, ақыл-
ойы дамымаған немесе дене бітімінде даму бұзылыстары бар балаларға арнайы 
63 


медициналық,  дефектологиялық  және  психологиялық  ақысыз  көмекке,  ата-
аналарға оқу мекемесін, негізгі және кәсіптік білім беруді таңдау мүмкіндігіне, 
олардың мүмкіндіктеріне сәйкес жұмысқа орналастыруға, әлеуметтік оңалтуға, 
олардың  жарамдығын  қамтамасыз  ететін  жағдайдағы  толық  құнды  өмірге, 
қоғам өміріне белсенді қатысуға көмек көрсетуге кепілдік береді.  
1995  жылы  «Психофизикалық  даму  ерекшеліктері  бар  балаларды 
интеграциялық  оқыту  туралы  уақытша  ережелер»  қабылдануымен  оларды 
әдеттегі балалармен  бірге оқытуға  және  оларды  оқшаулауды жеңуге  арналған 
бірыңғай  білім  беру  кеңістігін  құру  үшін  дайындықтар  жасалды.  Бұл 
міндеттерді  табысты  шешу  үшін  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  барлығы 
екінші, дефектологиялық білім алуға тиісті.  
Белоруссияда  мектеп  жасындағы  балаларды  оқытудың  кіріктірілген  үш 
түрі (үлгісі) анықталды және мемлекеттік қолдау көрсетілді:  
1. 
Жалпы  білім  беру  жанындағы  арнайы  сыныптар.  Оларда 
психофизикалық  дамуында  әр  түрлі  ауытқушылықтары  бар  балалар  оқиды. 
Оқытуды  ұйымдастырудың  бұл  түрі  сыныптан  тыс  жұмысты  арнайы  мектеп 
(мектеп-интернат)  жағдайына  қарағанда,  интеграциялық  кең  көлемде 
ұйымдастыруға мүмкіндік береді.  
2. 
Интеграциялық оқыту сыныптары. Сыныпта даму бұзылыстары бір текті 
балалар  оқи  алады.  Арнайы  сыныптарды  және  интеграциялық  оқыту 
сыныптарын  құру  үшін  мектептегі  түзете  дамыта  оқу  үдерісін  ұйымдастыру 
және жағымды түзіммен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін білікті мамандар, 
қажетті жағдайлар мен құрал-жабдықтардың болуын талап етеді.  
3. 
Оқыту  түріндегі  арнайы  ұйымдастырылған  түзете  педагогикалық 
сабағаттандыру.  Бұл  түр  шағын  мектептерде  оқитын,  психофизикалық 
ерекшеліктері  бар  балаларға  және  оқуда  үлгерімі  нашар  және  тұрақты 
атқарымдық  өзгерістерді  білдіретін  ұзақ  аурудан  кейінгі  уақытша  көмекті 
қажет ететін балаларға арналған. Түзете педагогикалық көмектің мазмұны мен 
көлемі  оқушының  жеке  қажеттіліктеріне  тәуелді  болады.  Көмек  жүйелі, 
тұрақты  немесе  ұзақ  уақытқа  емес,  дүркін-дүркін  көрсетілетін  түрде  болуы 
мүмкін. Дефектолог мұғалім баламен баланың қабілетін дамытуға және ондағы 
бар даму ауытқушылықтарын түзетуге бағытталған жеке бағдарлама бойынша 
сабақ  жүргізеді.  Өтем  қабілеттерін  дамыту  –  мүмкіндігі  шектеулі  баланы 
заманауи қоғам өміріне бейімдеудің міндетті талабы болып табылады.  
Белоруссия  мамандарының  бақылаулары  бойынша  білім  беру 
интеграциясының  табыстылығы  оқу-тәрбиелеу  үдерісінің  әлеуметтік 
бағыттылығының  дұрыс  ұйымдастырылуына,  баланың  психофизикалық 
бұзылыстарының түрі мен айқындығының есепке алынуына тәуелді болады.  
Белоруссияда  заманауи  жағдайда  білім  беру  интеграциясының 
табыстылығын  және  арнайы  мектептердің  қатар  өмір  сүруінің  қажеттілігін 
мойындайды. Арнайы білім беру жүйесінің икемділігі мүмкіндіктері шектеулі 
балалардың  сан  алуан  түрлі  мұқтаждықтары  мен  қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, арнайы және жалпы білім 
беруді байланыстыратын, сәйкес білім беру қызметтерімен қамтамасыз ететін, 
даму  бұзылыстарын  түзететін  және  мектеп  бітірушілерді  қоғамға  табысты 
64 


кіріктіретін  интеграциялау  жүйесі  көлеміндегі  әлеуметтік  оқытуды  күшейтуді 
ұсынады [71, 72].  
 
Соңғы  жылдары  Молдова  Республикасының  білім  беру  жүйесінде 
инклюзивтік білім беру үгілерін алға жылжыту мақсатында көптеген қадамдар 
жасалды.  Инклюзиялық  тәжірибе  азаматтық  қоғам,  сондай-ақ  кейбір 
педагогикалық  кадрлар,  еріктілер  мен  ата-аналардың  жағынан  көрсетілген 
құлышыныстың арқасында бірқатар табыстарға жетті.  
Осыған  байланысты  Молдова  Республикасының  үкіметінің  Молдова 
Республикасында  инклюзивтік  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға 
арналған  мемлекеттік  бағдарламасын  қабылдауы  мемлекеттік  органдардың 
инклюзивтік  білім  беруді  ұлттық  және  жергілікті  деңгейде  дамытуды 
қамтамасыз етуге қатысты жауапкершілік алуын білдіреді.  
Осы  бағдарламаға  сәйкес  инклюзивтік  білім  беру  кооперацияға, 
серіктестікке, әлеуметтік білім беруге және жеке тұлғалық қатынастарға назар 
аударылатын  жаңа  бағытты  білдіреді.  Білім  беру  ұйымдарының  мақсаты, 
міндеттері  және  түрлері,  қандай  да  бір  әр  түрлі  себептерге  байланысты 
шеттетілген  немесе  білім  беру  бағдарламасы  мен  оны  жүзеге  асыруға  қосу 
үдерісінен  шығып  қалған  балалардың,  жастардың  және  ересектердің 
құқықтарын сақтауға қатысты ұлттық саясаттың ережелері қарастырылды.  
Инклюзивтік  білім  беру  балалардың  сан  алуан  түрлі  мінездемесіне  және 
оларға сәйкес білім беру қажеттіліктеріне жауап беруге және жалпы білім беру 
жүйесінің  аясындағы  интеграциялау  негізінде  балалармен  жастарға  сапалы 
білім  беру  үшін  білім  беру  жүйесін  үздіксіз  өзгерту  мен  бейімдеуді 
қарастырады.  
Инклюзивтік  білім  берудің  нормативтік  базасы  Keystone  Moldova 
әзірлеген,  Мүмкіндіктері  шектеулі  балаларға  инклюзивтік  білім  беру 
әдіснамасына сәйкес дамыған.  
Keystone  Moldova  әдіснамасы  инклюзивтік  білім  беруді  ендірудің  келесі 
кезеңдерін ұсынады:  

білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды жіктеу;  

Мектепішілік  көп  бейінді  комиссия  құру  және  жанұялық  білім  беру 
ортасын бағалау, бастапқы бағалау және кешенді бағалау, ЖДБ әзірлеу;  

инклюзия үдерісінде балалар мен жанұяларға көмек көрсету;  

инклюзиялық ортаны әрбір мектептен педагогикалық кадрларды, көмекші 
педагогтарды,  көп  бейінді  комиссияның  мүшелері  мен  орталықтардың 
үйлестірушілерін оқыту; ата-аналардың, сыныптастары мен қоғам мүшелерінің 
назарын аудару арқылы дамыту;  

мүмкіндіктері  шектеулі  балаларға  инклюзивтік  білім  беруді 
мониторингілеу мен бағалау.  
Әдіснаманың  ережелеріне  сәйкес  Инлкюзивтік  білім  беру  мекемелерінің 
қызмет істеу стандарттары мен типтік ережелері әзірленді.  
Ереже  бойынша  білім  беру,  монитрингілеу  және  бағалау  және  т.б. 
ақпараттандыру,  құжаттандыру,  сабағаттандыру,  білім  беру  бойынша 
жекелендірілген  жоспарларды  жобалау  және  әзірлеу  бойынша  арнайы  қызмет 
65 


көрсететін, мүмкіндіктері шектеулі балаларды білім алудағы қолжетімділікпен 
қамтамасыз  ететін  әрекеттердің  институционалдық  ортасы  болып  табылатын 
Мектепішілік  көп  бейінді  комиссия  инклюзивтік  білім  беруді  ендіруде  үлкен 
рөл атқарады.  
Сондай-ақ инклюзивтік білім беру мекемелерінде мүмкіндіктері шектеулі 
балаларды  білім  беру  және  әлеуметтік  инклюзияда  қолдау  бойынша 
қызметтерді  көрсететін  білім  беру  қызметтері  (көмекші  педагог,  психолог, 
педагог және т.б.) әрекет етеді.  
Ережелерге  сәйкес  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларға  білім  беру  үдерісі 
көмекші  педагогтың  қолдауымен  жүзеге  асырылады.  Мүмкіндіктері  шектеулі 
оқушылар  Мектепішілік  көп  бейінді  комиссия  әзірлеген  және  бекіткен 
қысқартылған бағдарлама бойынша оқи алады.  
Инклюзивтік  жалпы  білім  беру  мекемесінің  қызмет  істеу  стандарттары 
инклюзивтік  білім  беруді  ендіру  бойынша  нормативтік  негізді  құрудағы 
маңызды  құжаттардың  бірі  болып  табылады.  Стандарттар  Молдова 
Республикасының  инклюзивтік  жалпы  білім  беру  мекемелері  үшін  міндетті 
норма  болып  табылады,  олардың  қолданылуы  инклюзивтік  білім  беру 
үдерісінің  ең  төменгі  міндетті  сапа  деңгейімен  қамтамасыз  етуге  кепілдік 
береді.  
Стандарттың инклюзивтік жалпы білім беру мекемелерінің қызмет істеуін 
анықтайтын  жеті  көрсеткіші  бар,  олар:  инклюзия;  тиімділік;  ден  саулық; 
қауіпсіздік  пен  қорғау;  қаржылық  қаражаттар;  адамдық  ресурстар;  дене 
ресурстары; мектеп пен қауымдастықтың арасындағы қатынас.  
Әрбір стандартқа инклюзивтік жалпы білім беру мекемелерінің белгілі бір 
сипаттамасына  қол  жеткізуге  бағытталған  нақты  сапалы  көрсеткіштер  сәйкес 
келеді.  
Стандарттар мектептік мекемеге инклюзивтік білім беруді дамыту жолын 
көрсететін,  барлығын  қамти  алатын  ресурс  болы  табылады.  Сонымен  бірге, 
мектептің  пікірі  бойынша  жалпы  бастауыш  және  орта  білім  беру  мекемелері 
үшін  баланың  жеке  ерекшелігін  (жобалау  кезеңінде)  есепке  алатын,  жақын 
арада  әзірленген  сапа  стандарты  белгілі  бір  салалар  мен  белгілер  бойынша 
тәжірибеде  жүзеге  асатын  Білім  беру  инклюзиясының  көрсеткіші  болып 
табылады.  
Стандарттардың рөлі:  

қызмет  істеуді  қамтамасыз  ету  мақсатында  жалпы  құқықтық  негізді 
белгілеу;  

инклюзивтік жалпы білім беру мекемелері;  

инклюзивтік  жалпы  білім  беру  мекемелерінің  өз  нәтижелерін  тәуелсіз 
анықтаудағы өзін-өзі бағалау үдерісінде бағдарлауы және берілген нәтижелерді 
жақсартуға тиісті салаларды анықтауы;  

өздік  бағалау  туралы  институционалдық  есептері  құрастыруға  арналған 
негізді ұсыну;  

оларды сыртқы бағалау үшін негіз ретінде пайдалану [73, 74].  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет