Составные именные прилагательные предложения в роман-эпопее м. Ауэзова



Pdf көрінісі
Дата02.03.2017
өлшемі400,82 Kb.
#5097

KÜLTÜR EVRENİ -  UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



208 

 

 



 

 

СОСТАВНЫЕ ИМЕННЫЕ ПРИЛАГАТЕЛЬНЫЕ 



ПРЕДЛОЖЕНИЯ В РОМАН-ЭПОПЕЕ М.АУЭЗОВА 

«ПУТЬ АБАЯ» 

 

MUHTAR AVEZOV`UN “ABAY JOLI” DESTANI 

ROMANINDAKİ SIFATLAR,  BİLEŞİK YÜKLEM,  İSİM 

CÜMLELERİ 

 

ADJECTIVE, COMPOSITE VERB AND NOUN CLAUSES 



IN “THE WAY OF ABAI” AN EPIC NOVEL OF MUHKTAR 

AUEZOV 

 

 

Safura Bolatovna BERIBAEVA

*

 

 

 

Резюме 

Роман-эпопея  М.Ауэзова  «Путь  Абая»  особенно,  с  точки  зрения , 

синтаксиса  исследовалась  мало,  хотя  по  литературе  имеется  очень  много 

работ.  В  роман-эпопее  «Путь  Абая»  по  сравнению  с  другими 

художественными  произведениями  именных  предложений  значительно 

много.Это  обьясняется  тем,  что  роман-эпопея  является  историческим 

произведением.  В  произведениях  современного  времени  в  основном 

преобладают  глагольные  предложения,  а  в  роман-эпопее  «Путь  Абая» 

наоборот.  Потому  что  в  произведении  много  историй  древнего  времени, 

факты,  соответствующие  традициям  эпохи.  Это  приводит  формированию  в 

нашем  языке  частей  речи.  Что  появилось  первым,  то  есть  действие  или 

материя – языковедам по этому мнению стоит задуматься. 



Ключевые  слова:  Именные  предложения,  имя  прилагательное, 

составное  сказуемое,  качественные,  относительные  прилагательные, 

вспомогательный  глагол,  сравнительная  степень,  превосходная  степень, 

модальные  слова,  сложное  сказуемое,  суффиксы,  значимый,  выражать  вид, 

цвет,  повелительное  предложение,  нераспространенное  предложение, 

                                                 

*

 El Farabi Üniversitesi/KAZAKSTAN 



 

KÜLTÜR EVRENİ -  UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



209 

распространенное предложение, утвердительное предложение, отрицательное 

предложение,  повествовательное,  вопросительное  предложение,  сложные 

предложения. 

 

Özet 

Muhtar Avezov`un “Abay Jolı” romanı, edebi bakış açısından detaylı bir şekil-

de araştırılmış olmasına rağmen dil açısından, özellikle sözdizim / sentaks açısın-

dan az incelenmiştir. Genel olarak, “Abay Jolı” romanındaki isim cümleleri diğer 

edebi eserlerle karşılaştırıldığında pek fazladır. Bunun nedeni bir tarihi roman olu-

şudur diyebiliriz. Çünkü, günümüzdeki romanların çoğunda fiil cümlelerinin fazla 

olmasına karşın, “Abay Jolı” romanındaki durum aksine farklıdır. Çünkü, bunun 

gerçeği, devir imkanlarına uygun eski zamanlardaki olayları barındırmasındadır. 

Bu durum dilimizdeki kelime şekillerinin oluşmasına da neden olmuştur.  

Bu makalede Muhtar Avezov`un “Abay Jolı” destanı romanındaki sıfatlar, bi-

leşik yüklem, isim cümleleri ele alınmaktadır. Yani, onların yapım / türeme yön-

temlerine, çeşitlerine ve edebi özelliklerine dikkat çekilmektedir.  



Anahtar kelimeler: İsim cümleleri, sıfatlar, bileşik yüklemler, nitelikli ve yar-

dımcı eylem, karşılaştırma derecesi, şekilsel / kipsel kelimeler, bileşik / kompoze 

yüklemler, karışık sonekler, ilgi zamiri / görelik, anlamsal / semantik, çeşitli renk-

leri bildirme, birleşme / ekleme, güçlendirme / vurgu derecesi, edatlar, basit cümle, 

haber cümlesi, emir, ünlem, geniş ve geniş olmayan cümle, olumlu, girişik / bileşik 

cümle.  

 

Abstract 

Mukhtar Auezov`s The Way of Abai an epic novel was in detail studied from 

the point of view of the Literature. Neverthless, was a little analyzed from the point 

of view of the language, especially from the syntax. Generally, an epic novel “The 

Way of Abai” noun clauses are much more in comparison with other literary 

works. The reason of that we suppose in its being a historic novel. Because, the 

situation in novel The Way of Abai is on the contrary different despite of that there 

are a lots of verb clauses in the majority of the nowadays novels. As, the true of 

that is containing the historic events of the ancient time, which are convenient to 

the posibilities of the epoch. This circumstance caused the forming of the patterns 

of words in our tongue.  

In this article we have considered Adjective, composite verb and noun clauses 

in “The Way of Abai” an epic novel of Mukhtar Auezov. That is to say, the ways 

of their etymology, their forms and literary characteristic are paid more attention. 



Key words: Noun clauses, adjectives, composite clauses, qualitative and 

modal verbs, grade of the comparison, formal words, composite clauses, complex 

suffixes, relative pronouns, semantic statements, conjunction, emphasis, 

prepositions, simple sentence, predicate sentences, imperative, exclamation, 

extensive an intensive sentensces, positive, composite clauses.  

 


KÜLTÜR EVRENİ -  UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



210 

М.Əуезовтің «Абай жолы» романы əдеби жағынан мол зерттелінгенімен, 

тілдік  жағынан,  əсіресе,  синтаксистік  жағынан  аз  зерттелінді.

 

Жалпы  «Абай 



жолы»  романындағы  есімді  сөйлемдер  басқа  көркем  əдебиеттер  мен 

салыстыру  барысында  өте  мол.  Оның  өзі  тарихи  роман  болуында  демекпіз. 

Өйткені  осы  күнгі  романдардың  көбінде  етістікті  сөйлемдер  басым  болса, 

«Абай  жолы»  романында  керісінше.  Өйткені  мұның  фактісі  ғасыр  салтына 

сай  ерте  заманғы  оқиғаға  мол.  Мұның  өзі  тіліміздегі  сөз  таптарының 

қалыптасуына  да  əкеліп  соғады.  Бұл  жөнінде  тілшілер  арасында  қимыл  не 

заттың  пайда  болуы  туралы  көзқарастармен  байланысты  ойлануға  тура 

келеді.  

Əуезовтің  «Абай  жолы»  романының  тілі  өзі  қатарлас  жазушылардың 

тіліне қарағанда ерекшелеу. Мысалы: С.Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин 

шығармаларының  сөйлемдері  ықшамды,  олардың  шығармаларында  көбіне 

жай сөйлем басым да, құрмалас сөйлемдер аз.  

«М.  Əуезов  тілінің  синтаксистік  құрылысы  күрделі,  алуан  түрлі  болып 

келеді. Ол білдіретін ойының кеңдігіне, тереңдігіне қарай сөйлем құрылысын 

да  құбылтып,  өзгертіп  отырады.  Жазушы  күрделі  синтаксиске,  құрмалас 

сөйлемге көп ұмтылады. Бұл оның өмір шындығын, құбылысты, геройлардың 

психологиясын  терең  толық  күйінде  суреттеп  беру  тілегінен  туады» [1, 138 

б.].  


М.  Əуезовтің  стилінің  ерекшелігі,  шеберлігі  туралы  ғалым  М.  Қаратаев: 

«Абай  эпопеясының  тілі  бай,  орамды...  Əсіресе  сол  байлықты  жазушының 

шығармада  қолдану  шеберлігімен,  яғни  синтаксистік  құрылысымен 

өлшенеді. Осы жағынан алғанда, Мұхтардың шеберлігі ерекше. Оның өзіндік, 

тек  Мұхтарлық,  қасиеттері  атой  беріп  тұрады.  Мұхтар  тексінің  кез  келген 

жерінен  түсіп  оқысаңыз,  кімдікі  екенін  айтпай танисыз. Ол  ерекшелік  неде? 

Ол  ең  алдымен  Мұхтардың  творчестволық  амал-тəсілдерінің  ерекшелігінде, 

яғни  оның  өзіне  тəн  стиль  ерекшелігінде.  Біздің  қазір  қаламы  төселген 

прозаиктеріміздің  бəрінің  де  өзіне  тəн  қалыптасқан  стилі  бар.  Мысалы, 

кейбіреу  жеңіл  оқылатын  сұлу,  ойнақы  сөйлемдерімен,  ажарлы  сырлы 

сөздерімен, афоризмдерімен, əзілдерімен белгілі болса, кейбіреуі ойға, пікірге 

құрылған  құнарлы,  бірақ  сырт  жылтырағы  кем,  оқуға  ауырлау,  домбал, 

шұбалаң  сөйлемді,  қарадүрсін,  жалпақ  синтаксисімен,  ал  кейбіреуі  диалогі 

басым,  фразалары  келте,  тұжырымды,  мақал-мəтелдермен  сыналанған 

оқиғалы,  қимылды  сөйлеу  тілінің  құрылыстарымен  белгілі.  Бұл  стильдердің 

əрқайсысының өзіндік орны, өзінше ұтымды жақтары бар, сондықтан мынау 

артық, мынау кем деп алалау қиын. 

Ал,  Мұхтар  Əуезовтің  стиліне  оралсақ,  мұндағы  интонация  əрдайым 

оқиғаның ауанына қарай екпінін өзгертіп отырады екен. Оқиға туралы автор 

əңгімелеп  кетсе,  ол  да  көсіліп  сала  береді,  оқиға  шиеленіссе,  ол  шиыршық 

атады, оқиға жайылып ағысын баяулатса, ол да мамырлайды. Əуезов тілінің 

бояуы  көп,  бірақ  оны  жазушы  сараң  қолданады,  үнемдей,  қажетіне  ғана 

жұмсайды.  Онда  орынсыз  лепіру,  сезімсіз  шарықтау,  əдемі,  əсем  тіл  үшін 


KÜLTÜR EVRENİ -  UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



211 

əдейі  тырысушылық  жоқ.  Жазушының  бай  тілі  тек  картина  жасау  үшін, 

образ, характер жасау үшін қызмет етеді» [2, 145 б.]– деп жоғары баға берді.  

Біз  өз  мақаламызда  сын  есімді  есімді  құрама  баяндауышты  сөйлемдер 

түрлерін  сөз  етеміз.  Бұрынғы  мақалаларымызда  зат  есімді,  сан  есімді, 

есімдікті  есімді  сөйлемдерді  сөз  етсек,  бұл  жерде  сын  есімді  сөйлемді  ғана 

объектіге алып отырмыз.  

К.  Оңалбаева  қазақ  тіліндегі  жай  сөйлем  арқылы  құралған  есімді 

сөйлемдерді сөз етсе[3], енді тіпті Б. Елікбаев [4]есімді құрмалас сөйлемдерді 

жеке зерттеу етіп  жүргені белгілі. Əрине бұл авторлар есімді жай, құрмалас 

сөйлемдерді  жалпы  зерттесе,  біз  ондай  сөйлемдерді  бір  ғана  шығарма 

төңірегінде сөз етеміз.  

Жалпы  алғанда  М.  Əуезов  романында  есімді  сөйлемдердің  мол  екенін 

жоғарыда  айтқанбыз. Зерттеу барысында  осы  шығармада  есімді  жай  сөйлем 

де, есімді құрмалас сөйлем де жетерлік. Бірақ біздің пайымдауымызша, есімді 

құрмалас  сөйлем  көбірек сияқты. Өйткені  М.  Əуезовтің ол  романындағы  ой 

жеткізуі көбіне құрмалас сөйлем арқылы іске асатыны анық көрініс тапқан.  

Есімдер  деп  аталатын  сөздердің  ішіндегі  зат  есімнен  кейінгі  есесі  де, 

еншісі де мол сөз табы – сын есім. Семантиқалық жағынан зат есім əр алуан 

заттық  ұғымдарды  білдіретін  сөздердің  лексика-грамматикалық  тобы  болса, 

сын  есім  неше  алуан  сыр-сипатпен  байланысты  ұғымдарды  білдіретін 

сөздердің лексика-грамматиқалық тобы ретінде бөлінеді [5, 166 б.].  

Сын  есімдер  табиғатында  затқа  қатысты  анықтауыштық  қатынаста 

жұмсалуы тиіс. Дегенмен сын есім сөйлемде тек анықтауыш сөйлем мүшесі 

ғана  емес,  заттанып  толықтауыш,  бастауыш  сол  сияқты  пысықтауыш 

қызметінде жұмсалады. 

Сын есімдердің əсіресе соңғы кезде көп жұмсалатын түрі оның сөйлемде 

тиянақты  баяндауыш  қызметінде  жұмсалуы.  Міне  оның  осы  қызметте 

жұмсалуы  оның  есімді  сөйлемді  құраудағы  басты  ерекшілігі  болып 

табылады. 

Сонда  сын  есімдер  сөйлемнің  соңында  келіп,  баяндауыш  қызметінде 

жұмсалу  негізінде  өз  бастауышымен  предикативтік  қатынас  құрайды  да, 

есімді сөйлемнің негізгі арқауы жасалады. Ондай кезде сын есімдер сапалық, 

қатыстық, түрлі шырай формаларында да қатысады [6, 87 б.].  



Сын есімдер есімді сөйлемді жасауда тек есімді баяндауыш түрде ғана 

емес құрама баяндауыш түрінде келгенде сөйлемдерді тиянақтауы нақтырақ. 

Сын есім мен көмекші етістікті есімді сөйлемдердің жасалуын көрсетсек: 

Сапалық сын есім мен көмекші етістік арқылы: Тымағын алғанда, сұлу 

біткен  кесек  жүзі  салқын  еді.  Күлкісінің  үні  соншалық  сыңғыраған,  сонша 



мөлдір, нəзік еді. Қонаққа тігілген үйлер мол, ауыл сəні зор екен. Бірақ аспан 

ашық емес

-  Салыстырмалы  шырай  арқылы:  Қалған  қыздардың  жастары  бұдан 



кішірек еді. Бірақ Құнанбай есебі бұлардан тақысырақ екен. Қанша дегенмен 

қырдың  қара  заңынан,  мұсылманның  қожа,  молласының  шариғатынан 

Россияның заңы адамға мейірімдірек, рахымдырақ қой.  


KÜLTÜR EVRENİ -  UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



212 

Күшейтпелі шырай арқылыЖіп-жіңішке боп, ұзын сызылған қап-қара 

қасы да жігіт жүзінің жақсы ажарын аша түскендей. Бағыныңқы сыңарының 

баяндауышы  жіп-жіңішке  сын  есімі  мен  көсемше  тұлғалы  бол  көмекші 

етістігінің түйдектелуі арқылы жасалған.  

-  Қатыстық  сын  есім  мен  модаль  сөздер  арқылы  жасалған  түйдекті 



баяндауыш:  Аузы  сөзге  олақ  болса  да,  алқыны,  екпіні  күшті  тəрізденеді

Ұзынша  боп  біткен,  үлкендеу  келген  қоңырқай  көздері  саналы  сияқты

Мəкіш  те  Абайдан  осы  жөннен  жауап  естімекке  ынталы  сияқты.  Осы 

сөйлемдердегі  негізгі  мағынадағы  сөздер  күшті,  саналы,  ынталы  дара 

қатыстық сын есімдер, ал оларға тəрізденеді, сияқты модаль сөздері тіркесіп 

келген. Негізінде бұл тұлғалы сөздер сөйлемнің соңында келуі басты шарты. 

Демек,  модаль  сөздер  арқылы  жасалған  есімді  сөйлемдерде  сөйлемді 

тиянақтау  жағы  басым.  Егер  көмекші  етістіктер  өзі  түйдектелген  шақтық 

мағына үстейтін болса, модаль сөздерде де шақтық мəннің ізі бар деп айтуға 

болады. 


Абай  жолы  роман – эпопеясындағы  сын  есімді  есімді  сөйлемдер 

төмендегіше семантикалық мағынада жұмсалған: 

-  Түсін  білдіреді:  Екеуінің  шапан,  тымақтары  да  сұрғылт  түсті.  Түн 

жарық емес, бұлты бар ма, тастай қараңғы екен.  

-Бірқалыпты  жайды  білдіреді:  Құнанбай  қоршауында,  ол  екеуі  қажып 

талған түрлерімен, ашаң, жүдеу жүздерімен өзгеше сұп-сұр. 

-Армандауды білдіреді: Өмір сондай абзал ғой! 



- Сұлулықты білдіреді: Басындағы кимешек шаршысы да ұқыпты сəнмен 

тартылған, кіршіксіз аппақ, өзгеше өнер нұрымен балқыған, ерекше сұлу еді

- Мінезін білдіреді: Шүкіманның көңлі жүйрік, сезімтал еді

-  Парасаттылықты  білдіреді:  Ұзынша  боп  біткен,  үлкендеу  келген 

қоңырқай көздері саналы сияқты.  

-Өлшемдік  қасиетін  білдіреді:  Абай  енді  көрді,  көлденең  өтіп,  селдей 

ағып жатқан халықтың саны ұшан- теңіз екен.  

-  Салыстыруды  білдіреді:  Үлкен  үйдің  іші  сыртындай  жұпыны  емес, 



жасаулы, кілемді, алашалы екен. 

-Теңеулік  мағынаны  білдіреді:  Абайдың  да  оған  бейіл,  мейірі – аға, 

туыстай ғана, əкедей емес. Бұл «қасқа» десе дегендей, еңгезердей екен.  

Міне  бұл  қасиеттерге  қарағанда  М.  Əуезов  «Абай»  романындағы  есімді 

сөйлемдер жан- жақты формада қалыптаса келе əр түрлі реңкті білдіруде өте 

шебер құралған. Бірақ сөйлемдердегі осы қасиеттері осы кезге дейін қазақ тіл 

білімінде  арнайы  зерттеудің  объектісі  болмағаны  белгілі.  Бұл  бүкіл  роман 

бойынша бір ғана тамшы ретіндегі көрініс.  

М.Əуезовтің  «Абай  жолы»  роман-эпопеясындағы  сын  есімді  есімді 

сөйлемдердің жай жəне құрмалас түрлерін көрсетсек 

 

 

 



 

KÜLTÜR EVRENİ -  UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



213 

Жай сөйлем түрлері 

Сұраулы сөйлемдер: -Ту, сарамас. Мынау неткен көз жоқ бетбақ еді? Кім 

тентек, кім мақұл? ... –Шіркін, Ербол! Неткен жақсы едің?  

Бұйрықты  сөйлемдер: -Бəрекелді!  Сүйіндік  аға,  оныңыз  жақсы  ақыл! -

Есіттім, Абай! Өлеңіңіз жақсы екен!  



Лепті сөйлемдер: Өмір сондай абзал ғой! -Япыр-ай, қандай сұлу!  

Болымсыз сөйлемдерЖайсыз суық емес

Толымды  сөйлемдер: Бұл  жайдың  бəрін  танып  сезген  Бөжей  Құнанбайға 

қатты ашулы еді. Ол үйдегі Абайдың апасы Мəкішпен ерекше тату еді. 

Сын есімді салалас сөйлемдер 

Сапалық  сын  есімді  жалғаулықсыз  мезгілдес  салалас:  Қонаққа  тігілген 

үйлер мол, ауыл сəні зор екен. Өзгеше өнер нұрымен балқыған, ерекше сұлу 



еді.  Түсі  салқын  томсарған,  ашулы  сияқты.  Соңғы  сөйлемнің  екінші 

сыңарының баяндауышы -лы жұрнағы арқылы жасалған қатыстық сын есімге 

сияқты модаль сөзі тіркесіп келген. 

Жалғаулықты  мезгілдес  (ыңғайлас)  салалас:  Толық  денелі,  дөңгелек 

жүзді  Нұрғаным  сұлу  да,  сəнді  екен.  Бұл  сөйлемнің  бірінші  сыңарының 

баяндауышы  сапалық  сұлу  сын  есімі  арқылы  жасалса,  екінші  сыңары  -ді- 

жұрнағы арқылы сəнді қатыстық сын есіміне екен көмекші етістігінің тіркесуі 

арқылы  жасалған.  Сапалық  сын  есім  арқылы:  Жасына  жеткен  қыздардың 

пішіндері сұлу да, сыпайы да емес. 



Сабақтас құрмалас сөйлемдер  

Сын  есімді  қарсылықты  бағыныңқылы  сабақтас:  Сүйекті  денесі  əлі  де 

қапсағай,  зор  болғанмен,  бет  ажымы  мол.  Бұл  сөйлемнің  бағыныңқы 

сыңарының  баяндауышы  сапалық  зор  сын  есімі  мен  –ған  тұлғалы  бол 

етістігінен жасалса, басыңқы сыңарының баяндауышы сапалық мол сын есімі 

арқылы жасалып тұр. Шыңғыстың қара желі өзге уақыттың бəрінде жақсы 



болғанмен, дəл күздігүні жайсыз-ақ. Бағыныңқы сыңары сын есім мен есімше 

тұлғалы  көмекші  етістікті  болып,  басыңқы  сыңары  қатыстық  жайсыз  сын 

есімі жəне -ақ күшейткіш шылауының түйдектелуі арқылы жасалған.  

Салыстырмалы  бағыныңқылы  сабақтас:  Қазірде  Абай  көңілі  қандай 

салқын  болса,  Ділдə  да  сондай  жалынсыз.  Бағыныңқы  сыңарының 

баяндауышы салқын болса сапалық сын есім мен шартты райлы бол көмекші 

етістігінің  тіркесуі  арқылы  жасалса,  басыңқы  сыңарының  баяндауышы 

жалынсыз қатыстық сын есімді болып келуі арқылы жəне олардың алдында 

қандайсондай сөздерінің келуі салыстырмалы мағынаны білдіріп тұр. Абай 

өзі  қандай  шарасыз  болса,  олар  да  сондай.  Бұл  сөйлемнің  бағыныңқы  жəне 

басыңқы  сыңарларының  баяндауыштары  есімді  болып  келген,  бағыныңқы 

сыңарының  баяндауышы  -сыз  жұрнақты  қатыстық  сын  есім  мен  шартты 

райлы бол көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалған.  



Мезгілдес  (ыңғайлас)  бағыныңқылы  сабақтас:  Үлкен  жазық  маңдайы 

ақыл  бейнесін  аңғартса,  түксиген  қабақ  астындағы  қисық,  қиғаш  көздері 



ерекше  суық.  Басыңқы  сыңарының  баяндауышы  ерекше  суық  күрделі  сын 

есімнің  түйдектелуі  арқылы  жасалған.  Жас  қыз  кірген  кезде,  қатып  қарап 



KÜLTÜR EVRENİ -  UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



214 

қалған  Абайдың  реңі  тіпті  жат  еді.  Басыңқы  сыңарының  баяндауышы 

асырмалы шырай мен сапалық сын есімге еді көмекші етістігінің түйдектелуі 

арқылы жасалған.  



Қорытынды. М.Əуезовтің роман-эпопеясында сын есімді баяндауыштар 

сапалық та, қатыстық та, дара, күрделі түрде де кездеседі. 



-Сапалық  сын  есім  есімді  сөйлемде  нақтылық  шылаулармен  де,  ойдың 

тиянақтылығын нақтылайды: - Қара көктің жал-құйрығы қара ғой.  



-Сын  есімді  есімді  сөйлемдер  құрмаластың  бағыныңқы  жəне  басыңқы 

сыңарында  да  жұмсалады:  Шыңғыстың  қара  желі  өзге  уақыттың  бəрінде 



жақсы болғанмен, дəл күздігүні жайсыз-ақ. 

-  Сын  есімдер  барлық  шырай  түрінде  келеді: -Салыстырмалы  шырай 

арқылы:  Қанша  дегенмен  қырдың  қара  заңынан,  мұсылманның  қожа, 

молласының шариғатынан Россияның заңы адамға мейірімдірек, рахымдырақ 

қой.  

-Асырмалы  шырай:  Бірақ,  байқап  қараса  Тоғжан  тіпті  ұялшақ.  Тағы  да 

талай күннен толас таппаған, ақыры үскірген сұмдық суық. 

-Сын есімдер құрама баяндауыштар түрінде де салалас сөйлемдерде мол 

жұмсалады: Толық денелі, дөңгелек жүзді Нұрғаным сұлу да, сəнді екен.  

-Сын  есімдер  құрама  баяндауыштар  түрінде  сабақтас  құрмаластың 

бағыныңқы жəне басыңқы сыңарында да жұмсалады:  

Омбы  қар  қорықтың  шет-шетінде  қалың  болғанмен,  дəл  шилердің  ішіне 

кіргенде оншалық қатты емес, күпсек екен. 

-М.  Əуезовтің  «Абай  жолы»  роман-эпопеясындағы  сын  есімді  есімді 

сөйлемдер  парасаттылықты,  армандауды,  сұлулықты,  өлшемді  т.б. 

мағыналарда жұмсалады. 

-Сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  қарсылықты  бағыныңқылы  сабақтас, 

салыстырмалы  бағыныңқылы  сабақтас,  мезгілдес  (ыңғайлас)  бағыныңқылы 

сабақтас,  себеп  бағыныңқылы  сабақтас,  қимыл-сын  бағыныңқылы  сабақтас, 

шартты бағыныңқылы сабақтас түрлері мол кездеседі. 

-Көп бағыныңқылы сабақтас жəне аралас құрмалас сөйлемдер де мол.  

-Сын есімді есімді жай сөйлемдерге қарағанда сын есімді есімді құрмалас 

сөйлемдер басым.  

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР 

1.Нұрқатов  А.  Ел  өмірінің  айнасы // Мұхтар  Əуезов  творчествосы: 

Мақалалар. – Алматы: Жазушы, 1965. – 18-146 бб.  

2.Қаратаев  М.  Қазақтың  тұңғыш  эпопеясы // Мұхтар  Əуезов 

тағылымы:  Əдеби-сын  мақалалар  мен  зерттеулер. – Алматы:  Жазушы, 

1987. – 145 б.  

3.Оңалбаева  К.Қ.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  есімді  сөйлемдер:  филол.  ғыл. 

канд. дис. автореф.: 10.02.02. – Алматы, 2002. 

4.Елікбаев  Б.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  есімді  құрмалас  сөйлемдер:  филол. 

ғыл. канд. дис. автореф.: 10.02.02. – Алматы, 2000.  


KÜLTÜR EVRENİ -  UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



215 

5.Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Ана тілі, 1991. –166 б. 

6.Серғалиев  М.,  Айғабылов  А.,  Күлкенова  О.  Қазіргі  қазақ  əдеби  тілі. – 

Алматы: Зият-PRES, 2006.– 87 б. 

7.Балақаев  М.  Сабақтас  сөйлемнің  кейбір  ерекшеліктері  туралы // Қазақ 

тілі мен əдебиеті. – 1959. – № 2.  

8.Балақаев  М.,  Сайрамбаев  Т.  Қазіргі  қазақ  тілі.  Синтаксис. – Алматы: 

Санат, 1997.  



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет