Байланысты: Состояние и перспективы развития системы микрокредитования в рк
Диссертациялық зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде несиелік қатынастар мен шағын несиелеудің теориясы және практикасы жөніндегі қазақстандық, ресейлік және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектері, Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық акттері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің экономикалық бағдарламалары, кәсіпкерлікті дамытудың аумақтық бағдрламалары алынды. Зерттеудің ақпараттық базасын Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің, Қазақстан шағын қаржыландыру ұйымдары қауымдастығының мәліметтері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, екінші деңгейлі банктерінің материалдары, мерзімді басылымдар материалдары және басқа экономикалық ақпараттар құрады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалықтары төмендегідей:
теориялық негізді кеңейтуге және оның мазмұнын жетілдіруге мүмкіндік беретін шағын несиелеудің ерекшелік белгілері айқындалды;
шағын несиелеудің шетелдік тұжырымдамасы және несиелік жүйе субъектілерінің қызметін кешенді талдау негізінде шағын несиелік нарықтың әлеуметтік-экономикалық маңызы негізделді;
Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуына шағын несиелеудің әсер ету дәрежесі анықталды, шағын кәсіпкерлікті банктік несиелеудің жеткіліксіз белсенділігінің негізгі себептері айқындалды;
құқықтық реттеу үрдісін оңтайландыруға және қаржыландыру көздерін кеңейтуге бағытталған, шағын несиелік ұйымдардың қызметін дамытудың альтернативті жолдар өңделген;
шағын несиелеу механизмін жетілдіру үшін несиелік скоринг әдісімен тәуекелді бағалау өңделді.