Сот сараптамасы бойынша есептер


Тақырып: Құжаттардың сот-техникалық сараптамасы (құжаттардың технико-криминалистикалық сараптамасы)



бет7/76
Дата15.04.2023
өлшемі1,44 Mb.
#82767
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   76
2.Тақырып: Құжаттардың сот-техникалық сараптамасы (құжаттардың технико-криминалистикалық сараптамасы).


Сабақтың мақсаты:

  • Құжаттардың сот-техникалық сараптамасын тағайындаудың негізгі жағдайларының теориясы мен тәжірибесін түсіну мен бекіту.

  • Құжаттардың сот-техникалық сараптамасының көмегімен мән-жайларды анықтауға қатысты, болжаулар құрастыру мен тергеу жағдайларын анализдеуге қатысты дағдыларды меңгеру.

  • Құжаттардың сот-техникалық сараптамасын тағайындау кезінде, қаулылар мен ұйғарымдарды құрастыру дағдыларын меңгеру.

  • Құжаттардың сот-техникалық сараптамасын тағайындауға материалдарды идентификациялық және идентификациялық емес сұрақтарды шешу үшін дайындау дағдысын меңгеру (азаматтық және қылмыстық істер).



Сабақтың жоспары:

  1. құжаттардың сот-техникалық сарапшының нәтижелерінің нысанына және құжаттардың сот-техникалық сараптамасының мүмкіндіктерінің теориялық білім негіздерін бекіту – сұрау жүргізу.

  2. құжаттардың сот-техникалық сараптамасын тағайындау мен материалдарды дайындаудың теориялық білім негіздерін бекіту – сұрау жүргізу.

  3. құжаттардың сот-техникалық сараптамасының мұрағаттағы қорытындыларымен танысу, олардың мазмұның анализдеу және сарапшы қорытындысын бағалау (5-10 сарапшы қорытындысынан кем емес).

  4. құжаттардың сот-техникалық сараптамасын тағайындаудың тәжірбиелік және процесуалды сұрақтарын талқылау.

  5. тапсырмаларды жазбаша орындау – қаулы толтыру (10-15 есептен кем емес).



Бақылау сұрақтары:

  1. криминалистикалық техника саласындағы «құжаттарды сот-техникалық зерттеу» және «құжаттарды сот-техникалық сараптамасының» қандай өзара байланысы бар;

  2. аталған криминалистикалық салада және құжаттарды сот-техникалық сараптамасында қандай объектілер зерттеледі;

  3. құжаттың реквизиттеріне және материалдарына не жатады;

  4. қандай техникалық құралдар құжаттарды сот-техникалық сараптамасының объектілеріне жатады;

  5. қандай құжаттар қатаң есептегі құжаттарға жатады және оларға қойылатын талаптар;

  6. құжаттарды сот-техникалық сараптамасының мүмкіндіктері қандай және сараптама арқылы шешілетін мән-жайлары қандай топтарға бөлінеді;

  7. қандай категориялы істер бойынша құжаттарды сот-техникалық сараптамасы тағайындалады;

  8. реквизиттерді, құжат материалдарын және техникалық құралдарды зерттеу кезінде идентификациялық мазмұндағы қандай сұрақтар қоюға болады;

  9. реквизиттерді, құжат материалдарын және техникалық құралдарды зерттеу кезінде идентификациялық емес мазмұндағы қандай сұрақтар қоюға болады;

  10. құжаттар бойынша қандай сұрақтар сарапшының құзыреттілігіне жатпайды;

  11. құжаттарды дайындау тәсіліне және құжаттардың реквизиттерін өзгерту мүмкіндігіне қатысты идентификациялық емес сұрақтарды қою кезінде қандай материалдар сараптамаға жіберіледі (мәтін, қол таңбасы, мөр-таңбалар, фотосуреттер, құжаттың бланкілері);

  12. құжаттардың реквизиттерін дайындау мүмкіндігіне қатысты идентификациялық сұрақтарды қою кезінде қандай материалдар сараптамаға жіберіледі (мәтін, қол таңбасы, мөр-таңбалар, фотосуреттер, құжаттың бланкілері);

  13. идентификациялық сұрақтарды қою кезінде үлгілерді алудың тәртібі, қылмыстық және азаматтық істер бойынша оларды алудың айырмашылығы қандай;

  14. құжаттарды оған сәйкес материалдар (қағаз, бояу, клей) және техникалық құралдарды (қалам, мөр, принтер т.с.с.) , үлгілерді табу, алу, бекіту үшін қандай тергеу әрекеттерін жүргізу қажет;

  15. құжаттар-заттай дәлелдемелерді қолданудың ережелері қандай;

  16. сараптамаға жіберілетін үлгілерге (мөрлер, ойып жасалған қалып, әр түрлі материалдар) қандай талаптар қойылады;

  17. сарапшы қандай жағдайларда сараптама жүргізуден бас тарта алады;

  18. идентификациялық сұрақтарды қою кезінде кім және қандай мәліметтерді сарапшыға хабарлау қажет;

  19. сарапшы қорытындысының толықтылығы, ғылыми негізділігі нені білдіреді;

  20. зерттеу барысында сарапшымен қандай нәтижелер берілуі мүмкін;

  21. сарапшының қандай нәтижесі іс бойынша дәләлдемелік маңызға ие;

  22. сарапшының қандай нәтижелері іс бойынша дәлелдеме бола алады;

  23. құжаттардың сот-техникалық қайталама сараптама тағайындау үшін қандай негіздер қажет;

  24. құжаттардың сот-техникалық сараптаманың қандай сұрақтарын шешу барысында кешенді сараптама тағайындалады және қандай сарапшыларды қатыстырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет