Сот сараптамасы бойынша есептер



бет5/76
Дата15.04.2023
өлшемі1,44 Mb.
#82767
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
Сот сараптамасы бойынша есептер

3 Есеп.
Азамат Бероевтың пәтерін тінту кезінде, басқа заттай дәлелдемелермен қатар бүгілген қолхат табылды, қолхатта: «Сіздер мені білесіздер...» деген сөзбен басталып, «... мылжырамай сақ болыңыздар» деген сөзбен аяқталады. Қолхат қара сиямен жазылған. Бероев кәсіпкер М.Кулиев пен П.Сулейменовадан ақшаны қорқытып алу қылмысы бойынша айыпталған.

  1. Қандай сарапатама және қандай мән-жайларды тексеру үшін тағайындалуы қажет ?

  2. Сараптаманы тағайындау кезінде қандай материалдар сараптамаға жіберілуі қажет ? Қандай сұрақтар сараптаманың алдына қоюлу керек ?

  3. Азамат Бероевтың қолжазбасының салыстырмалы үлгісін алудың тәртібі қандай ?

  4. Берілген фабулаға сәйкес теңдестірілу объектісін анықтауға қатысты қандай сараптама тағайындалу қажет ?



4 Есеп.
Қылмыскерлер Г. Ломов пен К.Бутыринге кәсіпкерлер К.Никитин мен М.Егоровтың 5 млн. АҚШ доллар мөлшерінде несие алу туралы ақпарат белгілі болды. Несиенің мақсаты Екатеринбург ұн комбинатына Қазақстаннан ірі партиялы бидай сатып алуға бағытталған. Қылмыскерлер Қостанай облысының элеваторының директоры К., бухгалтер Л., технолог М., алдын-ала қылмыстық сөз байласты. Келген кәсіпкерлер К.Никитин мен М.Егоровке Г.Ломов пен К.Бутырин №2 элеватордың әкімшілігінің өкілі ретінде танысты. Оларға бидайдың сапасын көрсетіп, кәсіпкерлермен 5млн. АҚШ соммасына сатып және сатып алу шартына отырды. К.Никитин мен М.Егоров ештенеге күдік келтірмей 2,5 млн. сомманы алдын-ала төлеп ешқандай бидайды алмайды. Тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру кезінде, №2 элеватордың технологы Л. Штернді ұстайды, ол өзіне мәлім болған барлық белгілі мән-жайларды айтып береді. Қылмыскерлер Г. Ломов пен К.Бутыринді тергеу органдары ұстайды, бірақ қылмысқа қатысушылар директоры К. өзінің отбасымен АҚШ-қа сапар шегіп, ал бухгалтер Л. өз жан-ұясымен Германия мемлекетіне кетіп қалады.

  1. Қандай сарапатама және қандай мән-жайларды тексеру үшін тағайындалуы қажет ?

  2. Сараптаманы тағайындау кезінде қандай материалдар сараптамаға жіберілуі қажет ? Қандай сұрақтар және қандай субъектілерге қатысты сараптаманың алдына қоюлу керек ?

  3. Қандай тергеу әрекеттері арқылы субъектілердің қолжазбаларын теңдестіру үшін еркін үлгілер алынады ?

  4. Қандай тергеу әрекеттері арқылы субъектілердің қолжазбаларын теңдестіру үшін салыстырмалы үлгілер алынады ?



5 Есеп.
К.А.Махмутова сотқа сатып-сатып алу шартын заңсыз деп тануға қатысты талап арызын берді. Өз талап арызын талапкер өзінің анасының №48142 жекешелендіру шартының негізінде Байзаков 183 көшесінде орналасқан пәтерге үлестік құқығы бар болуымен негіздейді. Басқа үлесі Р.А.Итыбаеваға, апайы К.А.Махмутоваға жатады. 1996 жылы анасының өсиеті бойынша өз үлесін К.А.Махмутоваға қалдырады. К.А.Махмутова РМК «Жылжымайтын мүлік орталығына» келгенде 21 қыркүйекте 2001 жылы К.А.Махмутованың анасы пәтерді Р.А.Итыбаеваға сатты. 2001 жылдың басында анасы инсульт ауруына шалдықандықтан өзінің пәтерге үлесін сата алмады және сатып алу шартына өзі қол қоя алмады.
Шарт қазіргі уақытта Р.А.Итыбаеваның апайысында, ол К.А.Махмутованы анасына жолатпайды.

  1. Қандай сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалуы қажет ?

  2. Сараптама тағайындау кезінде қандай құжаттар мен материалдар сарапшыға жіберілуі қажет ?

  3. Қандай сот әрекеттері арқылы субъектілердің қолжазбаларын теңдестіру үшін еркін үлгілер алынады ?

  4. Азаматтық іс жүргізу заңына сәйкес, субъектілердің қолжазбаларын теңдестіру үшін салыстырмалы үлгілер алыну тәртібі қандай ?

  5. Сараптамаға қажетті материалдар мен қолжазбаның еркін үлгілерін беруден бас тарту тәртібі азаматтық іс жүргізу заңына сәйкес қалай реттеледі ?



6 Есеп.
Азаматша С. Раимова П.Кирилловтен 250 мың тенгені алу туралы сотқа талап арызын береді. Өзінің арызын Раимова жауапкердің қарызды қайтару қолхатымен және куәгер Абишовадан жауап алу сұранысын қанағаттандырумен негіздейді. Жауапкер қолхатты жазғандығын мойындаған жоқ, өйткені қолхат жазылған мерзімде өндірісте екі саусағының фалангісін сыңдырып алғандығы туралы қалалық аурухананың трамватологиялық бөлімінің хирургінің анықтамасы бар болуымен дәлелдейді.

  1. Қандай сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалуы қажет ?

  2. Сараптама тағайындау кезінде қандай құжаттар мен материалдар сарапшыға жіберілуі қажет ? Қандай сұрақтар және қандай субъектілерге қатысты сараптаманың алдына қоюлу керек ?

  3. Қандай сот әрекеттері арқылы субъектілердің қолжазбаларын теңдестіру үшін еркін үлгілер алынады ?

  4. Қандай тәртіппен субъектілердің қолжазбаларын теңдестіру үшін салыстырмалы үлгілер алынады ?

  5. Сараптамаға қажетті материалдар мен қолжазбаның еркін үлгілерін беруден бас тарту тәртібі азаматтық іс жүргізу заңына сәйкес қалай реттеледі ?



7 Есеп.
Азаматша А.Г.Полуянова нотариус М.Икрамоваға жекешелендіру шартын заңсыз деп тану арызымен сотқа шағымданды. Арыздың мазмұны келесіде: Барибаева 15 көшесінде орналасқан 2 пәтерді жекешелендіру кезінде ол Г.И.Полянованың пайдасына жекешелендіруден бас тартқан жоқ, жекешелендіруден бас тарту арызында және нотариустың тіркеу журналына А.Г.Полуянов қол таңбасын қойған жоқтығын айтты.

  1. Қандай сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалуы қажет ?

  2. Сараптама тағайындау кезінде қандай құжаттар мен материалдар сарапшыға жіберілуі қажет ? Қандай сұрақтар және қандай субъектілерге қатысты сараптаманың алдына қоюлу керек ?

  3. Қандай сот әрекеттері арқылы субъектілердің қолжазбаларын теңдестіру үшін еркін үлгілер алынады ?

  4. Қандай тәртіппен субъектілердің қолжазбаларын теңдестіру үшін салыстырмалы үлгілер алынады ?

  5. Сараптамаға қажетті материалдар мен қолжазбаның еркін үлгілерін беруден бас тарту тәртібі азаматтық іс жүргізу заңына сәйкес қалай реттеледі?



8 Есеп.
ҚР Жоғарғы сотының қадағалау алқасы К.Малахованың талап арызы бойынша, бұрынғы шешілген сот шешімін өзгертті. Қадағалау алқасының қаулысы бойынша, бірінші сатылы және аппеляциялық сот қайталама сараптама тағайындау мүмкіндігін ескерген жоқ. Бірінші сатылы сот талқылауы кезінде, К.Малахованың талап арызы бойынша, оның апасы С.П.Бурканованың өсиеті заңсыз, сондықтан қолжазбатану сараптамасы тағайындалды. Сот сараптама жүргізу барысында, сарапшы Р., алдына түскен материалдарды қарау кезінде зерттелетін қол таңбасы және С.П.Бурканованың үлгідегі қолының таңбасының белгілерін бағалау мүмкін еместігін айтты. Сотта сарапшыдан шығарған қорытындыға қатысты жауап алу кезінде сарапшы зерттеу жүргізу үшін үлгілер жеткіліксіздігін және сол сарапшының қорытындысына әсерін тигізгендігін атады.

  1. Қандай жағдайларда қайталама сараптама тағайындалады және нақты жағдайда ол қажет па?

  2. Нақты жағдайда сарапшы, қосымша материалдарды талап етуге құқығы болды ма?

  3. Сараптамаға қажетті материалдар мен қолжазбаның еркін үлгілерін беруден бас тарту тәртібі азаматтық іс жүргізу заңына сәйкес қалай реттеледі?

  4. Қайталама сараптама тағайындау кезінде қандай материалдар мен құжаттар сараптамаға жіберілуі қажет ? қайталама сараптаманың алдына қандай сұрақтар қоюлуы керек ?

  5. Қайталама сараптама тағайындаудың тәртібі қандай ?



9 Есеп.
Алма-Арасан үңгірінде белгісіз мәйітті табу фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Мәйіт бетімен төмен қарап жатты, аяғы созылған, екі қолы арқасына қарай байланған. Мәйіттің қасында жаңылған оттың күлдері қалған. Күлдің арасында қолмен жазылған қолхаттың жаңған бөліктері табылды. Жан жағында қолмен жазылған жыртылған қағаздар жатты.
Мәйіттің жеке басын тану мүмкіндігі болған жоқ, өйткені мәйіттің беті бас сүйегі көрінгенге дейін жанып кетті. Дактилоскопиялық тіркеу бойынша тексеріс ешқандай нәтиже берген жоқ. Бірақ, жәбірленуші сыртқы белгілері және киім-кешектері бойынша криминалистік тіркеуде тұрған хабар-ошарсыз кеткен тұлғаларға ұқсас болды. Ата-аналары олардың ұлы К. дачадан келген жоқтығы туралы арызы болды.
Жәбірленушінің киімі жақсы сақталған, киім-кешегінің қалтасында А-4 форматты төртке бүктелген қолхат табылды.
Оқиға болған жерде табылған қолхаттың бөлшектерінде және жәбірленушінің қалтасынан табылған қолжазбалардың белгілері бірдей және бірдей сиямен жазылған.
Ата-аналары ұлдарының қолжазбасын, киімін және денесінің құрылымын таныды. Тергеу кезінде, бір топ тұлғалардың қылмысқа қатыстылығы туралы болжаулар жасалды. Олар: С.Михеева, С.Цой, Д.Куприна. Аталған тұлғалардың пәтеріне тінту жүргізген кезде киімдері, аяқ киімдері қаралды. С.Михеваның аяқ киімінің табанында қолжазбасы бар қағаздың бөлшегі табылды, қолжазбаның белгілері және сияның түсі оқиға болған жерде табылғандағыдай. Мөлшері 3,2 см.-4,21 см., қолмен жазылған қолхатты қарау кезінде, тергеуші орыс алфавиттің барлық әріптері көрініс тапқандығын анықтады.

  1. Қандай мән-жайларды анықтау үшін қолжазбатану сараптамасын тағайындау қажет ?

  2. Сараптама тағайындау кезінде қандай материалдар сарапшыға жіберілуі қажет ? Қандай сұрақтар сараптаманың алдына қоюлу керек

  3. Қандай тергеу әрекеттері арқылы субъектілердің қолжазбаларын теңдестіру үшін еркін үлгілер алынады ?

  4. Қандай сараптама фабула бойынша жыртылған беттерге қатысты тағайындалады ?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет