Есептер. Төменде көрсетілген есептер бойынша студенттер қаулы немесе ұйғарым толтырыңыздар. Бірнеше есепті алдын-ала ауызша шығарыңыз. Фабуланы қарастыру кезінде соттың, прокурордың және тергеушінің қандай болжауларын тексеру мақсатында қандай сараптамалар тағайындау қажет, қандай сұрақтарды қаулы немесе ұйғарымда көрсету керек және қандай материалдарды сараптамаға жіберу қажет, қандай қосымша материалдар мен ақпараттар керек, кешенді сараптама жүргізу қажет па және қандай сарапшылардың қатысуымен берілген сұрақтар шешіледі.
1 Есеп. Таңертен Саина көшесінің бойында қуыстардың арасында жас келіншек З.Исмайлованың мәйіті табылды. Үш-төрт жұмадан кейін, сол жерде қайтадан тағы да екі әйелдің мәйіттері табылды. Қарау және сот-медициналық сараптамамен әйелдер зорланғандығы және тұншықтырудың нәтижесінен қайтыс болғандары анықталды. Тергеуші, мәйіттерден алынған киім-кешектерді сараптамаға жіберді. Сараптаманың нәтижесі, барлық киімдерде қара бояумен боялған жүннің талшықтары бар екендігін және сондай талшықтарда ақ түспен араласқан қызғылт түсті боялған талшықтарды анықтады. Сол сияқты, металлдың бөлшектері табылды. Мұндай мәлімет қылмыскер металлмен жұмыс істейтіндігін болжайды. Тергеу кезінде, тағы да Новостройка микроықшамында екі әйел адамның мәйіттері табылды. Олардың өлімі тұңшығудың нәтижесінен пайда болды және олардың киімдерін зерттеудің нәтижелері алдынғы сараптаманың нәтижесімен ұқсас болды.
Жедел әрекеттерімен қылмыскер ұсталынды. Ол ЖҚТ шеберхананың жұмысшысы А.Валиев болып шықты. Шеберханада тінту кезінде, металлдың бөлшектері мен қара түсті әр түрлі бояулары бар жүннен жасалған свитері алынды.
Сот-медициналық сараптамадан басқа алғашқы сатыда қандай сараптама тағайындалды және қандай мән-жайларды анықтау үшін қажет болды ?
Қылмыскерді анықтау үшін қажет мән-жайларды білу үшін қандай сараптамалар қажет ?
Сараптаманы тағайындау кезінде қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?
Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?
2 Есеп. Қаскелен қаласының шетінде, қуыстарда 12 жастағы баланың мәйіті табылды. Қарау және сот-медициналық сараптама арқылы баланы зорлап, тұңшықтырғандығы анықталды. Сараптама кезінде, баланың трахеиасында бөтен зат табылды. Ол зат сарапшыға жіберілді. Сараптаманың нәтижесі ол заттың мрамордың бөлігі екендігін анықтады. Тергеу кезінде, оқиға болған жерде екінші баланың мәйіті табылды. Оқиға болған жерді қараған соң, баланың киімін тергеуші сараптамаға жіберді. Сараптаманың нәтижесі мәйіттің киімінде мрамордың бөлшектері және сұр-көкшіл бояуы бар лак қабаттары бар екендігін анықтады.
Жедел әрекеттерінің нәтижесінде, мраморлық зауыттың жұмыскерлерін тексеру кезінде, қылмысқа қатыстылығы бар азамат П.Голубев күдіктенді. Сезіктіге тінту жүргізу кезінде, оның жұмыс және күнделікті киімдері алынды.
Сот-медициналық сараптамадан басқа, алғашқы сатыда қандай сараптама тағайындалды және қандай мән-жайларды анықтау үшін қажет болды ?
Қылмыскерді анықтау үшін қажет мән-жайларды білу үшін қандай сараптамалар қажет ?
Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?
Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?
3 Есеп. 19 қаңтарда түнгі уақытта Наурызбай даңғылының бойында орналасқан №13 тұрғын үйдің жер төлесінде (подвал) 22 жастағы Н.Кулькованың мәйіті табылды. Әйелді зорлап өлтірген.
Оқиға болған жерді қарау кезінде, баспалдақтың ұстайтын жері қоныр бояумен боялған, жер төлесінің қабырғалары жасыл түске боялған. Еденде қызыл кірпіш жатты.
Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы Кулькованың өлімі доға тәрізді затпен бас сүйегіне зақым келудің нәтижесінен болғандығы анықталды. Қылмыстың құралы кірпіш болуы мүмкін деген болжау пайда болды.
Сезікті К.Арбузов ұсталынды, оның киімін қарау кезінде, қоныр түсті бояу қабаттарының бөлшектері алынды. Сезіктінің тырнағының астында қызыл және жасыл түсті заттардың бөлшектері табылды.
Не үшін сезіктінің киімдерін қарау және куәландыру жүргізілді ?
Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?
Сараптаманы тағайындау кезінде қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?
Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?
4 Есеп. Жедел-ауырханасына әйел сана-сезіміне келмей, сол жерде қайтыс болды. Оның өліміне себеп болған оның бүйрегі. Оның киіміне қарау жүргізілгенде, оның аяқ киімінде қоныр суреттері бар. Тергеуші оның киімдерін сараптамаға жіберді. Сараптаманың нәтижесі бойынша, қабаттар (наслоение) әр түрлі аяқ киімдеріне арналған қабаттардан болған аяқ майдардан (крем) пайда болған заттар болды. Тергеу жолымен сезіктіні анықтады, ол П.Нилов болып табылды. Сидельниковты тінту кезінде, оның аяқ киімдерге арналған аяқ майлары алынды. Ол қара түсті және қоныр түсті болып табылынды.
Сот-медициналық сараптамадан басқа алғашқы сатыда қандай сараптама тағайындалды және қандай мән-жайларды анықтау үшін қажет болды ?
Қылмыскерді анықтау үшін, қажет мән-жайларды білу үшін қандай сараптамалар қажет ?
Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?