Сот сараптамасы бойынша есептер


Есеп. Қаскелен жолының бойында белгісіз еркектің мәйіті табылды



бет27/76
Дата15.04.2023
өлшемі1,44 Mb.
#82767
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   76
Байланысты:
Сот сараптамасы бойынша есептер

5 Есеп.
Қаскелен жолының бойында белгісіз еркектің мәйіті табылды. Оқиға болған жерді қарау кезінде, тергеуші жәбірленушінің киімін алып, мәйітті сот-медициналық сараптамаға жіберді. Өлімнің себебі - көлік құралының басуынан болды. Өлімнің уақыты - 24 сағ. 00сағ.30 мин. орын алды. Жедел ақпараттары бойынша, осы уақыттыа автобазаға жүк машиналары келетіндігі анықталды. Екі жүк машиналарынан В 253 және В 327 лак бояу қабаттары және жәбірленушінің киімдері алынған, содан соң сараптамаға жіберілген.

    1. Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?

    2. Сараптаманы тағайындау кезінде қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?

    3. Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?



6 Есеп.
Комбинаттан контрабандалық жолмен алынған 100 кг. урандық руданы алу үшін (1% уран) қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру жолымен, ұрлап алынған тауардың Маркова көшесі бойында орналасқан үйінің жертөлесінде (подвал) орналасқан. Сол жердің кілтін жедел-іздестіру қызметкерлері тауып, оның ішінде уран толлы қаптарды тапқан. Оқиға болған жерді қарау кезінде, онда сараптама тағайындау өте қажетті болғаның тергеушілер анықтады. Мамандардың қатысуымен салыстыру үшін үлгілер алынды. Барлық материалдар сараптамаға жіберілді.

  1. Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?

  2. Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?

  3. Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?



7 Есеп.
Н. мәйітін табуға қатысты оқиға болған жерді қарау әрекеттері жүргізілді. Оны жүргізу кезінде, зат таңбасы жоқ бір шишаға (флакон) және стаканға назар аударылды. Бір шиша бос болды, бірақ оның қабырғаларынды ақ түсті заттар қаралынды. Стаканның түбінде суға ұқсас ақ заттар көрінді. Мәйіттің денесін қарау кезінде, қандай да зақымдар көрінген жоқ. Н.-ның мәіті сот-медициналық сараптасмаға жіберілді. Стакан мен бір шиша оқиға болған жерден алынды. Н.-ның қол саусағынан папиллярды өрнектері алынып, сот сараптамасына жіберілді.

  1. Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?

  2. Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?

  3. Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?



8 Есеп.
С. азаматы әйеленің айтуынша, үйдің қасынан сатып алған самсаны жиген соң өзін жаман сезініп, денсінің температурасы жоғарланып, жүрегі айнып, жедел көмек көрсету кезінде дәрігерлердің алдынғы қойған диагнозы ішегінің улануы, бірақ, ауыруханаға жетпестен азамат С. қайтыс болады. Сот-медициналық қорытындының нәтижесі, азамат С. дәрі-дәрмектерді ішудің нәтижесінен қайтыс болуын анықтады. Тексеру әрекеттерін жүргізуден кейін, тергеуші азамат С.-дың әйеліне күдік келтіре бастады. Үйлеріне тінту жүргізген кезде, әр түрлі дәрі-дәрмектер табылды. Олардың ішінде екі бос бір шиша (флакон) зат таңбасысыз және бір шишаның түбінде дәрі-дәрмекке ұқсайтын ақ түсті ұнтақтар табылды.

  1. Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?

  2. Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?

  3. Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?



9 Есеп.
А.Қозыбаев сотқа «Ақжол» мекемесінің басшысына 1 млн. 600 мың тенге көлемінде ақшаны өңдеп алу арызымен жолданды. Арыздың мәні келесіде болды: «Ақжол» мекемесі улы химикаттарды А.Қозыбаевтың декоративті өсімдіктер өсіретін учаскелеріне шашты. Бұл улы заттар (селитра, гербицид) тұқымға өте зиянды болып табылады. Сотта судья осы мәселеге қатысты сот сараптамасын тағайындады.

  1. Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?

  2. Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?

  3. Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет