13 Есеп. 3 қаңтарда 20.. ж. № 1 ықшам ауданының шетінде белгісіз тұлға азамат Т.Велиховты ұрып-соққан. Жедел тобы оқиға болған жерге келгенде, жедел иттерін пайдаланды, ол № 1 ықшам ауданының №12 үйдің қасына алып келді. Онда тұрғындар Наталья Евгеньевна Плотникова мен 1984 ж. туылған Геннадий Николаевич болды. Геннадий Николаевич мас күйінде болды. Оның аяқ киімінің астындағы қабаттары алынды.
Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?
Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?
Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?
14 Есеп. 25 наурызда 20..ж. Наурыз мейрамын тойлау кезінде, төбелесті ұйымдастырған үшін 1985 ж. туылған азамат К.Ниязов ұсталынды. Жеке тінту кезінде, оның қалтасынан пышақ алынды. Пышақтың ұзындығы 22 см. оның жүзі бір жағынан қайралған, оның ұзындығы 12 см. құрады. Лупа арқылы пышақты қарау кезінде оның жүзінде сұр қызғылт түсті дақ және қара түсті талшықтар алынды.
Түрксіб ауданының ІІБ материалдары бойынша, №1 мектептің оқушысын өлтіруге қатысты қылмыстық іс ашылмаған. Өлімнің себебі, пышақпен зақым келтірудің нәтижесінде қан жоғалтудан пайда болды. Оқиға болған жерді қараудың хаттамасында жәбірленушінің киімі, оның ішінде қара жасыл түсті свитер, теріден жасалған кеудеше, көк түсті жейде алынып бекітілген.
Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?
Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?
Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?
15 Есеп. 10 наурызда 20.. ж.полиция учаскесініе «Мазда» В 385 РРО көлігін ұралағандығы туралы азамат К.Буров жолданды. Жауап алу кезінде, жәбірленуші соңғы кезде көліктің орналсқан жері туралы келіспейтін көрсетпелер берді. Осы күні Қапшығай трассасының бойында жеке басы анықталмаған мәйіт табылды.
Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша, өлім көлікпен қағып кетудің нәтижесінде 9 наурызбен 10 наурыз күндерінде сағ 1 орын алған. Көлік оқиға болған жерден алыс емес жерде орналасқан. Көлікті қарау кезінде, ол ЖКО (жол-көлік оқиғасына) ұшырағандығы анық болды. Көліктің алдыңғы терезесі сындырылған, оның бөлшектері салонның ішінде шашырап жатты. Көліктің бампері толығымен зақымдалған.
Жедел ақпараттары К.Буровтың қылмысқа қатыстылығы бар екендігін айқындады. К.Буров ұсталынып, оған қатысты куәландыру жүргізілді және сот сараптамалары арқылы оның қылмысқа қатыстылығы бар екендігі дәлелденді.
Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?
Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?
Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?
16 Есеп. 11.05.20.. ж.Алматы қ.Экономикалық және жемқорлықпен күресу органдарына арыз түсті. Арыз азамат С.Ищенкамен жолданды және оның мазмұны келесіде болды: Ищенкадан аудандық акиматтың бастығы М.Дербасанов арақ өнімдерімен сатуға рұқсат беру үшін одан 50000 тенге көлемінде ақша талап еткендігін айтты.
13.05 15.30 мин. Жедел-тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде, акиматтың 301 кабинетінде 50000 тенге көлемінде ақша алған Дербасанов тергеу қызметкерлерімен ұсталынады. Оған тінту жүргізгенде, аталған сомма 5000 тенге экивалентіндегі купьюралар алынады. Сезіктінің қолынан жуындылар (смывы)алады. Барлық алынған заттар криминалист және куәлармен бекітіледі.
Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?
Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?