Есептер. Төменде көрсетілген есептер бойынша студенттер қаулы немесе ұйғарым толтырыңыздар. Бірнеше есепті алдын-ала ауызша шығарыңыз. Фабуланы қарастыру кезінде соттың, прокурордың және тергеушінің қандай болжауларын тексеру мақсатында қандай сараптаманы тағайындау қажет, қандай сұрақтарды қаулы немесе ұйғарымда көрсету керек және қандай материалдарды сараптамаға жіберу қажет.
1 Есеп. Жазушы А.Лавин журналистер К.Аржанов пен Д.Смирноваға олардың «Иртыш» газетінде берілген мақаласына қатысты сотқа талап арызымен жолданды. Аталған мақала, талапкердің ар-намысына, қадір-қасиетіне, абыройына моральды зақым келтірді және жазушының кәсіби сапасына, құзыреттілігіне қоғамның күдік келтіретіндей ой тудырады.
Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?
Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?
Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?
2 Есеп. Журналистер М.Арынова мен Д.Қалменоваға қатысты қозғалған қылмыстық істің фактісі бойынша, оның ішінде сот процессіне араласқан және сот әділдігін жүзеге асыруға кедергі жасағандығы үшін, адвокат аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің филология кафедрасымен жүргізілген зерттеуді тергеуге ұсынады. Аталған зерттеуге сәйкес, журналистердің мақаладағы мәтінінде тек сот талқылауы нәтижелерінің фактологиялық мәліметтері берілген. Бірақ, тергеуші адвокаттың бастамасымен ҚазҰУ-нің филология кафедрасында жүргізілген зерттеуі, дәлелдемелік күшке ие емес, олар сарапшы болы табылмайды. Адвокат «ҚР Адвокатура туралы» Заңының 6 бабына сілтеме жасады, мұнда:»айыпталушының жазбаша дәлелдемелер ұсынуға құқығы бар» делінген, ал оқытушылардың жүргізілген зерттеулерін мамандардың қорытындысы ретінде бағалауға болады.
Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?
Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?
Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?
3 Есеп. Криминалды полицияның бастығы Н-нің талап арызы бойынша сараптама тағайындалды. Талап арыздың мазмұны келесіде: журналист А.Мельников «Время» газетінде талапкердің ар-намысына, қадір-қасиетіне, абыройына моральды зақым келтірді, сол сияқты, мақалада «Сенің өмірін 200 бакс доллар тұрады» делінген. Сарапшымен келесі қорытынды берілген:»талапкер Н.-нің жеке тұлғасына негативті баға берілмеген. Мәтінде, Н.-нің кәсіби қызметіне негативті баға, ашық әдіспен берілмеген. Зерттелген мәтінің белгілі үзіндісінде талапкердің кәсіби қызметіне негативті баға берілген, яғни тұрғылықты тұрғындар мен жәбірленушілердің сөздеріне сілтеме жасалған». Сот талап арызын қанағаттандырды. Бірақ, жауапкер соттың шешімімен келіспей, аппеляциялық сатыда қайталама сараптама тағайындауын немесе мәтінді филолог-мамандарға зерттеуге жіберуді сұрады.
Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?
Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?