Сот сараптамасы бойынша есептер



бет48/76
Дата15.04.2023
өлшемі1,44 Mb.
#82767
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   76
Байланысты:
Сот сараптамасы бойынша есептер

Есептер.
Төменде көрсетілген есептер бойынша студенттер қаулы немесе ұйғарым толтырыңыздар. Бірнеше есепті алдын-ала ауызша шығарыңыз. Фабуланы қарастыру кезінде соттың, прокурордың және тергеушінің қандай болжауларын тексеру мақсатында қандай сараптаманы тағайындау қажет, қандай сұрақтарды қаулы немесе ұйғарымда көрсету керек және қандай материалдарды сараптамаға жіберу қажет.


1 Есеп.
ЖШС «Кереге-Инвест» бастығы Т.Б.Жанбаев «Аспан-Тау» көп пәтерлі тұрғын үй құрылысын салу бағдарламасына қатысты, азаматтар Т.Кульчагин, Т.Плотников, Н.Юрчуктен 236287898 тенге көлемінде үй құралыстарын жер учаскелерімен бірге сатып алды. Тексеру барысында, үй құрылыстарының меншік иелерімен 111990000 тенге көлемі ғана алынған, қалған соммаларды Т.Жанбаев бас бухгалтер Н.Нургалиевамен, Л.Ергожинмен алдын-ала сөз байласып, мәміленің сенімхаты арқылы бухгалтерлік құжаттарда үлесшілерден жер учаскелерін сатып алуға түскен қаражаттарды есептен алып тастады (списали).
Жедел-тергеу шараларын жүргізу кезінде, Т.Жанабаевтың Н.Нургалиевамен және Л.Ергожинмен үлесшілердің қаражаттарын бөлу туралы әңгімелерін жазып бекітілді.

      1. Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?

      2. Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?

      3. Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?



2 Есеп.
11.05.20..ж. Алматы қаласының Қаржы полициясына азамат С.В.Ищенкодан аудандық акимат бөлімінің басшысы М.Д.Дербасовтың 50000 тенге көлемінде пара сұрағандығына қатысты арызы келіп түсті. Мұндай ақшаны М.Дербасов спирт өнімдерімен сауда ету қорытындысын беруіна қатысты сұрады.
Прокурордың санкциясымен С.Ищенка мен М.Дербасов арасындағы әңгімелері жазылды. Нәтижесінде М.Д.Дербасов ұсталынды.

      1. Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?

      2. Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?

      3. Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?



3 Есеп.
Қарағанды қаласының полициясына, кәсіпкер Д.Ищковадан арыз түсті. Арызында екі азамат Ж.Евсюк пен П.Жуков (оның бұрынғы жұбайысы) Д.Ищкованы және оның ата-аналарын тонау мақсатымен өлтіргілері келеді. Мұндай мәліметті Д.Ищковаға олардың ортақ танысы Н. хабарлады. Н. мен әңгімелесудің нәтижесінде, ол полиция қызметкерлеріне Ж.Евсюк пен П.Жуковтың қылмысқа дайындалуға қатысты әңгімелерін қажетті аппаратураға жазып алуға көмектесуге уәде берді.
Жедел-тергеу қызметкерлерімен операция жүргізу кезінде Д.Ищкованың ата-аналарын өлтірмекші болған кезде қылмыскерлер ұсталынды.

      1. Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?

      2. Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?

      3. Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет