Сот-фоноскопиялық сараптамасын тағайындаудың негізгі жағдайларының теориясы мен тәжірбиесін түсіну мен бекіту.
Сот- фоноскопиялық сараптамасының көмегімен мән-жайларды анықтауға қатысты, болжаулар құрастыру мен тергеу жағдайларын анализдеуге қатысты дағдыларды меңгеру.
Сот- фоноскопиялық сараптамасын тағайындау кезінде қаулылар мен ұйғарымдарды құрастыру дағдыларын меңгеру.
Сот- фоноскопиялық сараптамасын тағайындауға материалдарды жіберу үшін оларды дайындау дағдысын меңгеру (азаматтық және қылмыстық істер).
Жоспар:
сот-фоноскопиялық сарапшының нәтижелерінің нысанына және сот-фоноскопиялық сараптамасының мүмкіндіктерінің теориялық білім негіздерін түсіну және бекіту.
сот-лингвистикалық сараптамасын. тағайындау мен материалдарды дайындаудың теориялық білім негіздерін бекіту.
сот-фоноскопиялық сараптамасының мұрағаттағы қорытындыларымен танысу, олардың мазмұның анализдеу және сарапшы қорытындысын бағалау (5сарапшы қорытындысынан кем емес).
сот-фоноскопиялық сараптамасын тағайындаудың тәжірбиелік және процесуалды сұрақтарын талқылау.
тапсырмаларды жазбаша орындау – қаулы толтыру (2-3 есептен кем емес).
Бақылау сұрақтары:
сот-фоноскопиялық және сот-фоноскопиялық сараптаманың өзара байланысы қандай;
дауыстың салыстырмалы, еркін және салыстырмалы-еркін үлгілерінің ұғымы нені білдіреді, сол сияқты, қандай сұрақтарды шешу үшін олар қажет;
дауыстың еркін үлгілерін алудың тәртібі қандай және азаматтық пен қылмыстық істер бойынша оларды алудың айырмашылығы бар ма (процесуалдық ерекшеліктерін атаңыздар);
дауыстың салыстырмалы үлгілерін алудың тәртібі қандай және азаматтық пен қылмыстық істер бойынша оларды алудың айырмашылығы бар ма (процесуалдық ерекшеліктерін атаңыздар);