Сот сараптамасы бойынша есептер



бет15/76
Дата15.04.2023
өлшемі1,44 Mb.
#82767
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   76
Байланысты:
Сот сараптамасы бойынша есептер

Есептер.
Төменде көрсетілген есептер бойынша студенттер қаулы немесе ұйғарым толтырыңыздар. Бірнеше есепті алдын-ала ауызша шығарыңыз. Фабуланы қарастыру кезінде соттың, прокурордың және тергеушінің қандай болжауларын тексеру мақсатында қандай сараптаманы тағайындау қажет, қандай сұрақтарды қаулы немесе ұйғарымда көрсету керек және қандай материалдарды сараптамаға жіберу қажет, қандай қосымша материалдар мен ақпараттар керек, кешенді сараптама жүргізу қажет па және қандай сарапшылардың қатысуымен берілген сұрақтар шешіледі.


1 Есеп.
Белгісіз мәітті асфальтте табуға қатысты оқиға болған жерді қарау барысында 8 жарық шам әйнегінің бөлшегі мен тежеуіш іздері табылды. Оқиға болған жерден 25 метр қашықтықтағы шоссе бұрылысында көлік шинасының нақты көрінетін шина іздері табылды.
Аталған заттай дәлелдемелер жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іске тіркеліп бекітілді.

  1. Қандай сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалуы қажет ?

  2. Сараптама тағайындау кезінде қандай материалдар сараптамаға жіберілуі керек ?

  3. Сараптаманың алдына қандай сұрақтар қойылуы керек ?



2 Есеп.
30 қазанда 200... түнде белгісіз тұлғалар Г.Хамидуллиннің фермерлік шаруашылығының қасына келіп екі бұзау мен 3 сиырды алып кетті. Оқиға болған жерді қарау кезінде, дөңгелектің протекторының іздері мен үш аяқ киімнің және жануарлардың әр түрлі тұяқ іздері алынды. Барлық іздер фотоға түсіріліп, хаттамаға тіркеліп, көлік іздеріне қатысты гипстік құймалар жасалды. Аяқ киімнің нақты қалдырылған іздеріне қатысты гипстік құймалар жасалды.
Екі жұмадан кейін М.Кувановтың малдарын алу кезінде мемлекеттік нөмері В 686 ВТN жүк көлігі М.Комелева, М.Мухтаров және М.Тезекбаевпен бірге ұсталынды. Оқиға болған жерді қарау, тінту әрекеттерін жүргізу кезінде идентификациялық сараптамаға қажетті материалдар алынды.

  1. Қандай сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалуы қажет ?

  2. Сараптама тағайындау кезінде қандай материалдар сараптамаға жіберілуі керек ?

  3. Сараптаманың алдына қандай сұрақтар қойылуы керек ?



3 Есеп.
Ақсай өзенінің жағасында азамат М.Султановтың мәйіті табылды. Оқиға болған жерді қарау барысында, көлік протектор шинасының нақты іздері алынып бекітілді. Оқиға болған жердің айналасында көлік протектор шинасының іздері орналасқан мәйіттен 17 м. қашықтықтан аяқ киім табанының суреті бар із алынды. Осы жерде 3 темекі, екеуі «Camel» маркілі, біреуі – «Стюардесса» маркілі темекіден және «Camel» мыжырайған қорабы қалдырылған.
Тергеу органдарының материалдары бойынша, жәбірленушінің туысына күдік келтірілді. Жәбірленушінің үйінде тінту жүргізілді. Тінту барысында оқиға болған жердегі аяқ киімнің суретіне ұқсас кроссовка табылды. Күл тастайтын ыдыста бірнеше темекінің қалдықтары алынды. Сезіктінің қолының іздері алынды. Тергеу барысында көлік жәбірленушінікі екндігі айқын болды.

  1. Қандай сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалуы қажет ?

  2. Сараптама тағайындау кезінде қандай материалдар сараптамаға жіберілуі керек ?

  3. Сараптаманың алдына қандай сұрақтар қойылуы керек ?

4 Есеп.
Тұрғын үйдегі кеңсенің бірінші қабатында ұрлық жасалды. Қылмыскерлер кеңсеге терезе арқылы кірді. Терезенің темір торларын майысып бүгккен. Терезенің астыңғы жағынан шынының әр түрлі мөлшердегі бөлшектері алынды. Шынылардың бөлшектерінде папиллярды өрнектердің іздері қалдырылған, бірақ, олар нашар көрінетін іздер. Ал шының бір бөлшегінде екі саусақтың паиллярды өрнектері нақты көрінетіндігі анықталды.
Тергеу барысында қылмыстық топ үш адамнан тұратындығы (Кобеева М., Мухтарова К., Лукпанова О.) анықталды. Олардың біреуінде – Кобеева М. тінту кезінде үйінде желбезектер, кілттер, металлды кесетін қайшы-құралдарды т.с.с. құралдар табылды.

    1. Қандай сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалуы қажет ?

    2. Сараптама тағайындау кезінде қандай заттай дәлелдемелер және материалдар сараптамаға жіберілуі керек ?

    3. Сараптаманың алдына қандай сұрақтар қойылуы керек ?



5 Есеп.
Мемлекеттік нөмері А 645 VNK «Форд» маркілі көлікті кедендік қараудан өткізу кезінде, көліктің ішінде ақ ұнтағы бар жасырын жер табылды. Көліктің иесі Г.Сикорскийден жауап алу кезінде, көлікті бір ай бұрын сатып алғандығын және ондағы жасырын жер туралы білмегендігін және жасырын жерде табылған ақ ұнтақты, бұрынғы көлік иесі П.Смирновтыкі екендігін анықтады.

    1. Қандай сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалуы қажет ?

    2. Сараптама тағайындау кезінде қандай заттай дәлелдемелер және материалдар сараптамаға жіберілуі керек ?

    3. Сараптаманың алдына қандай сұрақтар қойылуы керек ?



6 Есеп.
А.Рахимова азаматының пәтеріне ұрлық жасау барысында азамат М.Салимов ұсталынды. Оны жеке тінту кезінде, бұзу құралы (ломик-фомкка) табылды. Оқиға болған жерде (пәтерде) кіру есігінде бұзудың іздері қалдырылынды, есіктің құлпы және ригелі алынды, оларда сырудың іздері болды. Тергеу кезінде, тергеуші М.Салимованың басқа ашылмаған қылмыстарға қатыстылығын тексере басталды. Соңғы жылдары ашылмаған ұрлықтарға қатысты криминалистік тіркеудің мәліметтеріне сұраныс жіберу барысында, тергеуші ұрлықты жасаудың әдісіне яғни, есіктің немесе құлыптың ригелін қысу арқылы бұзуға назарын аударды. Мұндай ұрлықтардың саны – үшеу болды, олар Березовский 37-13 пәтер; Розыбакиева 144- 15 пәтер; Утепова 8 мекенжайына орналасқан жер үйінде орын алған.
Тергеушінің сұранысы бойынша, ұрлық жасалған үйлерді қарау барысында табылған заттай дәлелдемелерді және қажетті заттар тергеушіге ұсынылды.

  1. Қандай сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалуы қажет ?

  2. Сараптама тағайындау кезінде қандай заттай дәлелдемелер және материалдар сараптамаға жіберілуі керек ?

  3. Сараптаманың алдына қандай сұрақтар қойылуы керек ?



7 Есеп.
Таңертен Семиреченский көшесінің қарама-қарсы жағында орналасқан №7 үйдің қасында көлік құралы қағып кеткен жеке басы анықталмаған мәйіт табылды. Мәйіттің жанында 2-3 метр учаскісінде 15 дана көлік жарық шамдарынан қалған шыны қалдықтары табылды.
Қылмыс бойынша, ЗИЛ-130 №А 061 көлігінің жүргізушісі Смаков Б.Н. күдіктелінеді. Аталған көлікті қарау кезінде, көліктің сол жақта орналасқан жарық шамның шынысы сыңдырылған. Зақымдалған жарық шамның шыны қалдықтары алынды. Смаков Б.Н. өзінің қылмысқа қатыстылығын мойындамайды, көлігінің сол жақта орналасқан жарық шамын өзінің үйіне кіре берістегі қақпаға соққандығын мәлімдейді. Сол жерді қарау (үй қақпасының жерінде) кезінде, 10 дана шыны қалдықтары алынды.

  1. Қандай сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалуы қажет ?

  2. Сараптама тағайындау кезінде қандай заттай дәлелдемелер және материалдар сараптамаға жіберілуі керек ?

  3. Сараптаманың алдына қандай сұрақтар қойылуы керек ?



8 Есеп.
Қостанай-Зеренда шоссесінде азамат П-ны., көлік құралы қағып кетудің нәтижесінде есіне келмей, сол жерде мерт болды.
Оқиға болған жерді қарау кезінде, тақатның бір бөлігі табылды, ол жасырынып кеткен көліктің бортынан түсіп қалуы мүмкін деген болжау қарастырылды. ЖКА болғанан сәттен 3 сағаттан кейін жол полициясымен Қостанай қаласына кіріп бара жатқан жүкті көлік тоқтатылынды. Ол көлік шанағының (кузов) оң жағы қатты зақымдалған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалынып, сот сараптамасы тағайындалынды.

  1. Қандай сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалуы қажет ?

  2. Сараптама тағайындау кезінде қандай заттай дәлелдемелер және материалдар сараптамаға жіберілуі керек ?

  3. Сараптаманың алдына қандай сұрақтар қойылуы керек ?



9 Есеп.
6 қазанда 200. ж. Ауди-80 маркілі мемлекеттік нөмері А 483 МНМ көлік Карпатская көшесі бойынша келе жатып, жолдың сол жақ шетіне шыға берісте Урал-63 маркілі мотоциклмен соқтығысып, ЖКО орын алды. Мотоциклдің жүргізушусі азамат Мирошниченко Г. болды.
Көлікті қарау кезінде, оның сол жақ дөңгелегінің қақпағы және резінкесі қатты зақымдалған. Мотоциклдің сол жақ цилиндрі жұлынып кеткен. Айыпталушы Штоль М. жауап алу кезінде, оның көлігінің сол жақ дөңгелегі жарылып көлікті жолдың сол жағына алып кеткендігін және соның салдарынан мотоциклмен соғылғандығын айқындады.

  1. Қандай сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалуы қажет ?

  2. Сараптама тағайындау кезінде қандай заттай дәлелдемелер және материалдар сараптамаға жіберілуі керек ?

  3. Сараптаманың алдына қандай сұрақтар қойылуы керек?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет