Сот сараптамасы бойынша есептер



бет18/76
Дата15.04.2023
өлшемі1,44 Mb.
#82767
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   76
Байланысты:
Сот сараптамасы бойынша есептер

14 Есеп.
Азамат П-ны өлтіру қылымысы бойынша, оқиға болған жерді қарау кезінде, қолдың үш саусағының іздері табылды, олардың біреуі жәбірленушінің бас саусағының ізі болып шықты. ҚР Бас прокуратурасының жаңындағы статистикалық тіркеу және құқықтық статистика Комитетінің арнайы тіркеу Басқармасының дактилоскопиялық тіркеу бөлімінің тексерісі бойынша, оқиға болған жерде табылған іздер Сарсенбаев Нұрлан Айдаровичтің іздері, 1970 ж. туылған, ҚР ҚК 104 б. 1 т. бас бостандығынан екі жылға айырылған сотталған адам.
Тергеу-жедел әрекеттерінің нәтижесінде, сезікті ретінде 1970 ж. туылған Нұрлан деген азамат ұсталынды, оның жеке басын куәландыратын куәлігі Н.А.Доғаловтың атына жасалған.

  1. Қандай сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалуы қажет ?

  2. Сараптама тағайындау кезінде қандай заттай дәлелдемелер және материалдар сараптамаға жіберілуі керек ?

  3. Сараптаманың алдына қандай сұрақтар қойылуы керек ?

  4. Қандай тағы да сараптамалар тағайындалуы мүмкін және қандай сұрақтарды шешу үшін қажет ?



15 Есеп.
Трассада 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша, мәйіт көлік құралының қағуының нәтижесінен қайтыс болды. Мәйіттің жеке басы оның жатқан жерінен 5 метр қашықтықтағы көлік бойынша анықталды. Оның киімін қарау кезінде, онда лакпен боялған бөлшектер табылды. Ол бөлшектер заттар мен бұйымдарды криминалистикалық зерттеу сараптамасына жіберілді. Ал мәйіттің күртешесінің беткі жағында қанның іздері табылды. Қанның тобы жәбірленушінің қан тобымен сәйкес келген жоқ.
Оқиға болған жер тасты жаратын (каменоломен) жерден алыс емес жерде орын алды. Бірнеше күн бұрын бұл жерде 28-30 жастағы әйел адамның мәйіті табылды. Әйел атудың нәтижесінен қайтыс болды. ЖКА нәтижесінде, қайтыс болған еркектің әйелдің өліміне қатыстылығын тексеру үшін қанның салыстыру зерттелуі жүргізілді. Зерттеу қорытындысы ер адамның күртешесіндегі қан сол жерде табылған әйелдің қаны болып шықты. Әйелдің (мәйіттің) жеке басы анықталды. Оның пәтерін тінту кезінде қонақ бөлмесінде жуылған қанның іздері табылды. Заттар мен жиһазда қолдың іздері табылған жоқ. Оқтар мен гильзалар табылған жоқ. Қайталама қарау жүргізілген кезде әйелдің пудра қорапшасында әйелге жатпайтын өзге қолдың іздері табылды.

  1. Қандай сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалуы қажет ?

  2. Сараптама тағайындау кезінде қандай заттай дәлелдемелер және материалдар сараптамаға жіберілуі керек ?

  3. Сараптаманың алдына қандай сұрақтар қойылуы керек ?

  4. Қандай тағы да сараптамалар тағайындалуы мүмкін және қандай сұрақтарды шешу үшін қажет ?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет