Тапалова Р.Б. Мергембаева Н.Б.
СОТ САРАПТАМАСЫ БОЙЫНША ЕСЕПТЕР
Алматы 2012 ж.
СОТ САРАПТАМА. Оқу
Авторлар ұжымы:
Тапалова Р.Б., з.ғ.к., доцент
Мергембаева Н.Б. , з.ғ.к., доцент
Рецензенттер:
Шопабаев Б.А., сарапшы, полковник
Темирболат Н.С., з.ғ.к., доцент
Авторлар ұжымы рецензенттерге үлкен ризашылығын білдіреді.
СОТ САРАПТАМА оқулығы заң факультетінің студенттеріне, магистранттарға, колледж оқушыларына, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналған.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
I-ТАРАУ
§1. Криминалистикан
§2. Криминалистиканың
§3. Криминалистиканың ә
II-ТАРАУ. КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ
III-ТАРАУ. ТРАСОЛОГИЯ
IV-ТАРАУ. КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ (СОТ) БАЛЛИСТИКА
VI-ТАРАУ. ҚҰЖАТТАРДЫ ТЕХНИКА-КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
VII-ТАРАУ. ЗАТТАР МЕН МАТЕРИЛДАРДЫ КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
§1. Заттар мен материалдарды криминалистикалық зерттеудің түсінігі және оның міндеттері
§2. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде заттар мен материалдарды табу, бекіту және алу
§3. Лак- бояу және боялған заттарды зерттеу
§4. Топырақтану
§5. Талшық заттарды зерттеу
Кіріспе
Сот сараптаманың азаматтық, қылмыстық және әкімшілік құқық саласында пайдаланудың маңыздылығы жыл сайын өсуде. Әсіресе сот сараптамасы қылмыстық құқық саласында, қылмыстық істерді тергеу және ашу кезінде арнаулы білімді қолданудың қажеттілігі туындағанда орын алады. ҚР «Сот сараптамасы туралы» Заңы ең алғаш рет 1997 ж қабылданған, кейін 2010 ж. 20 қаңтарда бірқатар өзгерістері мен толықтырулары бар «Сараптамалық қызмет туралы» Заңы қабылданды. Аталған заң және бірқатар құқықтық нормативті актілер сот-сараптамалық қызметтің қатынастарын реттейді.
«Сот сараптама» пәні, ең алдымен арнайы білімнің сот сараптама нысанында сотөндірісінде қолданудың негізгі жағдайларын, оның ішінде, сот сараптаманың класстары мен түрлерін, ҚР сот сараптама органдары, сараптаманы тағайындаудың тәртібі мен заңды негіздерін және сарапшы қорытындыларының дәлелдеу процесіндегі орны сияқты мәселелерді студенттерге оқытуды мақсат етеді.
Жоғарыда көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру үшін, студенттердің арнайы білімді қолдануға қатысты тәжірбиелік дағдыларын жетілдіру қажет. Ол үшін студенттер әр түрлі сараптамаларды тағайындау туралы қаулыларды толтыру, сарапшылардың қорытындыларын анализдеу талдау және берілген фабулаларға сәйкес, есептерді шығару қажет.
Аталған оқу әдістемесі келесі схема бойынша құрастырылған: ең алдымен жеке сараптамалар бойынша, сабақтардың мақсаты мен жоспарлары берілген, сол сияқты, бақылау сұрақтары және фабулаларға қатысты есептер құрастырылған. Бұл есептер бойынша, студенттер қаулы немесе ұйғарым толтыру қажет. Бірнеше есепті алдын-ала ауызша шығарып, фабуланы қарастыру кезінде соттың, прокурордың және тергеушінің болжауларын тексеріп, қандай сараптаманы тағайындау қажеттілігін, қандай сұрақтарды қаулы немесе ұйғарымда көрсету және қандай материалдарды сараптамаға жіберу керектілігін анықтау болып табылады.
Есептерді оқу процессінде лабораториялық және СӨЖ сабақтарында қолдануға болады.
Сонымен қатар, оқу әдістемесінде сот сараптамасын тағайындау туралы қаулылар мен ұйғарымдардың үлгілері көрсетілген. Студенттерге тапсырма ретінде, аталған процесуалды құжаттардың ҚР ҚІЖК 242,245,246 баптары, ҚР АІЖК 91бабына, Сот сараптамалық қызмет туралы Заңға және әр сот сараптамасының түрі бойынша әдістемелік талаптарға сәйкес жасалғандығын тексеру қажеттілігін тапсырма ретінде ұсынып отырмыз.
Оқу әдістемесі, студенттердің сарапшының қорытындысын талдау тапсырмасымен аяқталады.
Барлық аталған тапсырмаларды жазбаша орындау дұрысырақ, өйткені процесуалды құжаттарды дайындаудың дағдыларын меңгеру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |