Сот сараптамасы бойынша есептер


Тақырып: Қолжазбатану сараптамасы



бет2/76
Дата15.04.2023
өлшемі1,44 Mb.
#82767
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
Сот сараптамасы бойынша есептер

1.Тақырып: Қолжазбатану сараптамасы.


Сабақтың мақсаты:

  • Сот-қолжазбатану сараптамасын тағайындаудың негізгі жағдайларының теориясы мен тәжірбиесін түсіну мен бекіту.

  • Сот-қолжазбатану сараптамасын тағайындау кезінде, қаулылар мен ұйғарымдарды құрастыру дағдыларын меңгеру.

  • Сот-қолжазбатану сараптамасының көмегімен мән-жайларды анықтауға қатысты, болжаулар құрастыру мен тергеу жағдайларын анализдеуге қатысты дағдыларды меңгеру.

  • Сот-қолжазбатану сараптамасын тағайындауға материалдарды дайындау дағдысын меңгеру (азаматтық және қылмыстық істер).



Сабақтың жоспары:

  1. қолжазбатану сарапшы нәтижелерінің нысанына және сот- қолжазбатану сараптамасының мүмкіндіктерінің теориялық білім негіздерін бекіту – сұрау жүргізу.

  2. сот-қолжазбатану сараптамасын тағайындау мен материалдарды дайындаудың теориялық білім негіздерін бекіту – сұрау жүргізу.

  3. сот-қолжазбатану сараптамасының мұрағаттағы қорытындыларымен танысу, олардың мазмұның анализдеу және сарапшы қорытындысын бағалау (10 сарапшы қорытындысынан кем емес).

  4. сот-қолжазбатану сараптамасын тағайындаудың тәжірибелік және процесуалды сұрақтарын талқылау.

  5. тапсырмаларды жазбаша орындау – қаулы толтыру (5-10 есептен кем емес).



Бақылау сұрақтары:

  1. криминалистикалық техника саласындағы «сот қолжазбатану» және «сот- қолжазбатану сараптамасының» қандай өзара байланысы бар;

  2. қолжазбатануда және сот-қолжазбатану сараптамасында қандай объектілер зерттеледі;

  3. сот- қолжазбатану сараптамасының ғылыми негізін не құрайды;

  4. қолжазбаның жекелігіне (индивидуальность) және жазудың өзгеруіне қандай факторлар әсер етеді;

  5. сот- қолжазбатану сараптамасының қандай мүмкіндіктері бар;

  6. қандай каегориялы істер бойынша сот- қолжазбатану сараптамасы, әдетте тағайындалады;

  7. сарапшының алдына қойылатын идентификациялық сұрақтар;

  8. сарапшының алдына қойылатын идентификациялық емес сұрақтар;

  9. идентификациялық сараптама тағайындалған кезде жіберілетін материалдар;

  10. идентификациялық емес сараптама тағайындалған кезде жіберілетін материалдар;

  11. еркін, салыстырмалы және шартты-еркін үлгілердің ұғымын не құрайды;

  12. еркін үлгілерді алудың тәртібі, оларды азаматтық және қылмыстық істер бойынша алудағы ерекшеліктері бар ма (процесуалдық айырмашылығын атаңыздар);

  13. салыстырмалы үлгілерді алудың тәртібі, оларды азаматтық және қылмыстық істер бойынша алудағы ерекшеліктері бар ма (процесуалдық айырмашылығын атаңыздар);

  14. сараптамаға жіберілетін үлгілерге қандай талаптар қойылады;

  15. үлгілердің қайсысы жоқ болған жағдайда, сарапшы сараптама жүргізуден бас тарта алады;

  16. кім және қандай мәліметтер туралы сарапшыға хабарлау қажет;

  17. қолжазбатану сарапшы қорытындысының ғылыми негізділігі мен толықтылығы нені білдіреді;

  18. зерттеу барысының нәтижесінде сарапшымен қандай нәтиже беріледі;

  19. сарапшының қандай нәтижесі іс бойынша дәләлдемелік маңызға ие;

  20. қайталама және қосымша сараптаманы тағайындау үшін қажетті негіздер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет