Сот сараптамасы бойынша есептер


III- БӨЛІМ Тақырып: Сот сараптамасын тағайындау (қаулыларды және өзге де құжаттарды құрастыру)



бет51/76
Дата15.04.2023
өлшемі1,44 Mb.
#82767
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   76
III- БӨЛІМ


Тақырып: Сот сараптамасын тағайындау (қаулыларды және өзге де құжаттарды құрастыру).
Әдістемелік нұсқаулар.
Қаулылардың немесе ұйғарымдардың үлгілерімен танысу қажет. Олар процесуалды нормаларға (ҚР ҚІЖК 242,245,246 баптары, ҚР АІЖК 91бабына, Сот сараптамалық қызмет туралы Заңға) және әр сот сараптамасының түрі бойынша әдістемелік талаптарға сәйкес жасалған.


Қаулылар мен ұйғарымдардың үлгілері.


1. Сот-қолжазбатану сараптамасын тағайындау туралы
ҚАУЛЫ
06 қараша 200.. ж. Алматы қ.
Алматы қаласының Алмалы АІІБ ТБ тергеушісі капитан полициясы Е.М.Еркешов, № 99156 қылмыстық істі қарап,


АНЫҚТАДЫ:
№46 ПМК-ның (КСК) төрағасы кассир О.П.Некрасовпен бірлесіп 2005-2006 ж. аралығында кооперативтің ақша қаражаттарын иеленген. Олар, № 10 2005 ж. К.Н.Ниязов пен П.С.Черниковке 17 мың тенге көлемінде еңбек жалақысын жалған ведомосьқа сәйкес, әрбіреуіне берген. Тергеу барысында, П.С.Черников ПМК-да сантехник болып 2005ж. ақпан айына дейін жұмыс істеген және жұмыстан шығып, Ресей Федерациясына тұрақты мекен-жайға кеткен. Ал, К.Н.Ниязов ПМК-да маусымды жұмыстарды жасаған, 20005 ж. № 10 ведомосьпен жалақы алғандығын мойындаған жоқ.
Аталған жағдайларды ескере отырып, тұлғаның қылмысқа қатыстылығын анықтау үшін, қолжазбатану сараптамасын тағайындау керек және ҚР ҚІЖК-нің 240, 242, және 245 баптарын басшылыққа ала отырып,


ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Аталған іс бойынша сот-қолжазбатану сараптамасын тағайындау және сараптаманы жүргізуді ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптама Орталығының Орталық Алматы ғылыми-өңдірістік зертханасына тапсыру;
2. Сараптаманың алдына келесі сұрақтарды қою:
1) №10 2005ж. ведомостегі қол таңбасы П.С.Черников, Н.И.Смагулов, О.П.Некрасовпен немесе басқа тұлғалармен орындалған жоқ па ?
2) №10 2005ж. ведомостегі К.Н.Ниязованың қол таңбасы Н.И.Смагулов, О.П.Некрасовпен немесе басқа тұлғалармен орындалған жоқ па ?
3. Сарапшының алдына келесі материалдарды жіберу:
1) №10 2005ж. мамыр айынан шыққан және хатқалтаға сүргі салған ведомость;
2) К.Н.Ниязованың еркін қолжазба үлгілері, 2004ж. қазан, қараша, желтоқсан және 2005ж. қаңтар мен ақпан айларында жалақысын алынғандығы туралы ведомость (5 бетте);
3) К.Н.Ниязованың еркін қолжазба үлгілері, «Блокнот» дәптердің 125 бетінде;
4) К.Н.Ниязованың салыстырмалы қолжазба үлгілері, 8 бетте және 5 қол таңбамен бірге;
5) К.Н.Ниязованың еркін қолжазба үлгілері, «Журнал учета хозяйственных операции» делінген жалпы дәптердің 26 бетінде;
6) К.Н.Ниязованың еркін қолжазба үлгілері, «Журнал платежных поручений» делінген дәптердің 105 бетінде;
7) К.Н.Ниязованың салыстырмалы қолжазба үлгілері, әр біреуінде 4 қолтаңбасы бар 10 бетте;
8) Н.И.Смагуловтың еркін қолжазба үлгілері, «Ежедневник» делінген дәптердің 98 бетінде;
9) Н.И.Смагуловтың еркін қолжазба үлгілері, «Учет товарно-материальных ценностей» делінген дәптердің 150 бетінде
10) Н.И.Смагуловтың салыстырмалы қолжазба үлгілері, әр біреуінде 4 қолтаңбасы бар 10 бетте;
11) Н.И.Смагуловтың К.Н.Ниязовтың атынан қол таңбаларын орындаудың салыстырмалы қолтаңбалардың үлгілері, әр біреуінде 5 қолтаңбасы бар 8 бетте;
12) О.П.Некрасовтың К.Н.Ниязовтың атынан қол таңбаларын орындаудың салыстырмалы қолтаңбалардың үлгілері, әр біреуінде 5 қолтаңбасы бар 8 бетте.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет