Сот сараптамасы бойынша есептер



бет58/76
Дата15.04.2023
өлшемі1,44 Mb.
#82767
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   76
Байланысты:
Сот сараптамасы бойынша есептер

Алматы қ. ІІД ТБ
майор полициясы Н. Сабырбай
261-27-09
4 есеп
Сот-дактилоскопиялық сараптамасын тағайындау туралы
ҚАУЛЫ
12.01.2010 ж. Алматы қ.

А. қаласының ІІД ТБ аға тергеушісі майор полициясы Н.Сабырбай, № 09751303120618 қылмыстық істің материалдарын қарап,




АНЫҚТАДЫ:
02.12.2009 ж. 22.00 сағ. Космедемьянский 1/23 көшесінде орналасқан тұрғын үйдің астыңғы қабатында 1980 ж.т. Батырбеков Асхат Мухаметкалиевичтің мәйіті табылды. Мәйіттің денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері бар және кеудесіне көптеген ойық жаралары болды.
Сол күні, аталған мекен-жайдан Алматы облыстық клиникасының жедел-жәрдем қызметі бөліміне 1978 ж.т. Қаржалов Мұхит Толетаевич келіп түсті. Оның денесінде көптеген пышақпен келтірілген ойық жаралары болды.
2009 ж. аталған қылмысқа қатысты 1978 ж.т. Қаржалов Мұхит Толетаевич ұсталды. Оның Космедемьянский 1/23 көшесіндегі тұрғылықты жерін қарау кезінде әр-түрлі жерлерден 14 дана қолдың іздері алынды.
Дәлелдемелік базаны ұлғайту үшін, ОБЖ алынған қолдың іздеріне қатысты дактилоскопиялық сараптама тағайындау қажет.
Аталған жағдайларды ескере отырып, арнайы білімді пайдалану қажеттілігін ескере отырып және ҚР ҚІЖК-нің 240, 242, баптарын басшылыққа ала отырып,


ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Аталған іс бойынша сот-дактилоскопиялық сараптамасын тағайындау және сараптаманы жүргізуді ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптама Орталығының Орталық Алматы ғылыми-өңдірістік зертханасына тапсыру.
2. Сараптаманың алдына келесі сұрақтарды қою:
1) ОБЖ алынған қолдың іздері тұлғаны идентификациялау үшін жарамды ма ?
2) Төменде көрсетілген тұлғалардың қайсысымен қолдың іздері қалдырылған ?
1. Қаржалов Мұхит Төлетаевич 1990 ж.т.
2. Батырбеков Асхат Мұхаметкалиевич 01.12.1980 ж.т.

Сарапшыларға келесі материалдарды жіберіңіздер:


1. қолдың іздері бар 14 қара дакто пленка.
2. қаулының көшірмесі.
3. №301, 04.12.2009 ж. шыққан маманның қорытындысы.
4. жоғарда көрсетілген тұлғалардың дактокартасы, 2 дана
5. фототаблица

ҚР ҚР К!ЖК-нің 83 б. көзделген сарапшылардың құқықтары мен міндеттері және жалған қорытынды бергендігі үшін сарапшының қылмыстық жауапкершілігі туралы ҚР ҚК 352 б. сәйкес, ескертіледі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет