Алматы қ. ІІД ТБ
аға тергеушісі
майор полициясы Н. Сабырбай
261-27-09
№1 есеп
Н. қаласының Алматы аудандық сотының
ҰЙҒАРЫМЫ
А. судьясының төрағалығымен, Д. сот хатшысының қатысумен 20.. жылы 19 қыркүйекте, Шарипова 62 көшесінде орналасқан мекен-жайда ашық сот мәжілісі өтті. Сотта, К. талапкерінің (өкілі Ж.М. сот-химиялық сараптаманы тағайындауға қатысты сенімхаттың негізінде) азаматтық іс бойынша, талабы АҚ «А-СОРП» шартты жасаудың фактілі күнің анықтауға қатысты
АНЫҚТАДЫ:
К. АҚ «А-СОРП» шартқа отырудың фактілі күнің анықтауға қатысты талап арызымен сотқа жолданды.
Сотта, талапкердің өкілі химиялық –техникалық сараптама тағайындау туралы өтінішпен және аталған сараптама құжаттың жасалу мерзімін анықтау үшін қажеттілігін айтты.
Сот мәжілісінде, жауапкердің өкілі сараптама тағайындау өтінішіне қарсы болған жоқ.
Істің материалдарымен танысқан соң, тараптардың түсіндірмелерін тыңдаған соң, сот құжаттың дайндаған мерзімін анықтау үшін сараптаманы тағайындады. Мұндай сараптама, сияның ұшырап кету (2-3 жыл арасында ұшырап кету мүмкіндігі бар) механизімінің динамикасын зерттейді және қағаз бетіне сия түскен күннен бастап, оның уақытын анықтай алады.
ҚР АІЖК 91 б. сәйкес, істің мән-жайларын анықтау үшін арнайы білімді пайдалану қажеттілігі туындаса, сот сараптама тағайындалады.
Жоғарда аталғандардың негізінде және ҚР АІЖК 91 б. басшылыққа ала отырып, сот
ҰЙҒАРДЫ:
К. АҚ «А-СОРП» шартқа отырудың фактілі күнің анықтауға қатысты азаматтық іс бойынша, химиялық –техникалық сараптама тағайындау.
Аталған іс бойынша, химиялық –техникалық сараптамасын тағайындау және сараптаманы жүргізуді ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптама Орталығының Орталық Алматы ғылыми-өңдірістік зертханасына тапсыру.
Сарапшы қылмыстық жауапкершілігі туралы ҚР ҚК 352 б. сәйкес, жалған қорытынды бергендігі ескертіледі.
Сарапшыға 2-1854/08 ж. нөмерлі азаматтық істі беру.
Сарапшының алдына келесі сұрақтарды қою:
Құжаттың жасалу уақытын анықтау:
- К. мен АҚ «А-СОРП» арасында тұрғын үй салу бойынша, құрылыстық үлеске қатысу туралы №02/1-115 шарт, 20.04.2007 ж. жасалған ба немесе құжатта көрсетілгендей 25.12.2006 ж. жасалған ба?
Істі, сараптама аяқталғанша дейін тоқтата тұру.
Н. қаласының ұйғарымын 15 күннің ішінде Алматы аудандық соты арқылы шағымдануға болады.
Судья
№5 есеп
Достарыңызбен бөлісу: |