Сот сараптамасы бойынша есептер



бет73/76
Дата15.04.2023
өлшемі1,44 Mb.
#82767
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Байланысты:
Сот сараптамасы бойынша есептер

Алматы қ. ІІД ЖКА ІБ
аға анықтаушысы
майор полициясы Ж.Д. Мураталиев

5960 САРАПШЫЛАРДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ




15 тамыз 2005 жыл.
15.07.2005 ж. ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптама Орталығының Орталық Алматы ғылыми-өңдірістік зертханасына ІІД ЖКА ІБ аға анықтаушысы майор полициясы Ж.Д. Мураталиевтен 13.07.2005 ж. сот автотехникалық сараптаманы тағайындау туралы қаулы мен қылмыстық істің материалдары келіп түсті. № 05751406100188 қылмыстық істің материалдары екі көліктің, м/н В912 ССМ «Мерседес-Бенц» м/н А 406 МТТ ВАЗ-21213 көліктердің бір-бірімен соқтығысу туралы. Бұл факті №41 үйдің қарама-қарсы жағында 19.06.2005 жылы 22 сағат 30 минут уақытында орын алды.


Сарапшының алдына келесі сұрақтарды қою:
1. м/н В912 ССМ «Мерседес-Бенц» көліктің тормоздық және рульдық жүйесінің техникалық жағдайы қандай күйде ?
2. Егер жөндемсіздік ЖКО дейін пайда болса, жүргізуші ЖКО дейін немесе кейін байқауға мүмкіндігі болды ма ?
3. Егер жөндемсіздік ЖКО дейін пайда болса, көлік жүргізушісі оларды шыға берісте байқауға мүмкіндігі болды ма ?
Ескерту: 18.07.2005ж. ІІД ЖКА ІБ аға анықтаушысы майор полициясы Ж.Д. Мураталиевке көлікті ЖКО кейін жөндеусіз күйінде зерттеуге жіберу туралы өтініш жіберілді.
08.08.2005 ж. м/н В912 ССМ «Мерседес-Бенц» аға анықтаушысы майор полициясы Ж.Д. Мураталиевтің қатысуымен Алматы қаласының арнайы автотұрағында ( кәдімгі жарықтықта) зерттеу үшін ұсынылды.

Сараптаманы жүргізу СС автотехникалық бөлімінің жетекші сарапшысы Кравченко Василий Павловичке тапсырылды, оның жоғарғы заң білімі бар, «Көлік құралдарын сот-сараптамалық зерттеу» мамандығы бойынша біліктілігі бар, еңбек стажы 2002 жылдан бастап.




ЗЕРТТЕУ
Қолданылған әдебиеттер:
1. Руководство по ремонту и техническому обслуживанию автомобилей моделей «Меrcedes-Benz» Издательство «Гранд» 1996г.
2. Методические основы. «Судебно-экспертное исследование технического состояния транспортных средств» УССР 1982г.
3. Правила дорожного движения Алматы 2001 г.
1. м/н В 912 SСМ «Мерседес-Бенц» көлігін қарау кезінде келесі мән-жайлар анықталды: ол қара түсті бояумен боялған және алдының сол жағы мен бүйір бөлігінде қатты зақымдар орын алады.
Деформацияланған: алдынғы бампер, алдынғы қанат, радиатордың шілтері, капот, сол жақтағы алдынғы есік, радиатор, алдынғы қораптың тұрағы, төбенің панелі, рульдық бағана, қораптың едеңі, есіктің ойығы (фото 1-6)
Қозғалтқыш бұзылған және өзінің бекіту орнынан жұлынып алынды (фото 3).
Көліктің салпыншағының алдынғы сол жағы бұзылған (фото 10).
Сол жақтағы көліктің салпыншағы бұзылған (фото 10).
Көліктің алдынғы терезесі, сол жақтағы алдынғы есіктің терезесі, алдынғы шамжарықтары, бұрылыстың көрсеткіштері бұзылған (фото 1-3).
Салонда деформацияланған: панель аспаптары, алдыңғы отыратын орын, төбенің қаптамасы, сол жақтағы есіктің қаптамасы.
Көліктің сол жақтағы дөңгелегі герметизацияланбаған, дөңгелектерді солға немесе оңға бұру мүмкін емес (фото 2).
М/н В912 ССМ «Мерседес-Бенц» көлігінің тормоздық жүйесін, рульдық жүйесін тексеру кезінде анықталды: тормоздың тауқасы, тормоздық цилиндрдің итергіші, басты цилиндрлік тормозы және оның жалғастырғыш тетігі бекітілген және ешқандай зақымдары жоқ.
Тормоздық сұйықтық негізгі тормоздық цилиндрде құнарлы резервуарында жеткілікті дәрежеде толтырылған, 15-20 мм. құйылу тесігінің жоғарғы жағынан санағанда, яғни, көліктің эксплуатацияның техникалық талаптарына сәкес (фото 11).
Тормозға басу, сол жақтағы алдынғы тормоздық механизмнің жабылуы кезінде, тауқаның қаттылығы сезіледі, тормозды жіберген кезде, ол өзінің алдынғы жағдайына келіп түседі, үш дөңгелегінің тез арада және бір уақытта тоқтатылуы орын алады, сол сияқты олар бір біріне кедергісіз айналады.
Артқы тормоздық қалыппын (колодки) және тормоздық дисктерді қарау кезінде, тормоздық қалыппының қаптамасы ескірмеген және майланбаған, тормоз дисктердің бүйіріндегі беттерде дөңгелек тәріздес жауырлар (потертость) орын алған. Аталған жағдайлар, эксплуатациядан оқиға болғанға дейін артқы тормоздық механизмнің жұмысын реттейді.
Артқы тормоз дисктердің қалындығы 36,5 мм. құрайды, техникалық талаптарға сәйкес олардың мөлшері 32 мм. кем болмауы керек.
Артқы тормоз қалыппының қаптамасы 4-4,5 мм., техникалық талаптарға сәйкес олардың мөлшері 2 мм. кем болмауы керек.
Артқы тормоз дисктердің оң жақтағы тормоз механизмдері таза және сондай дөңгелек тәріздес жауырлары да (потертость) орын алған. Аталған жағдайлар, эксплуатациядан оқиға болғанға дейін артқы тормоздық механизмнің жұмысын реттейді (фото 13).
Алдынғы дистердің қалындығы 33 мм., техникалық талаптарға сәйкес олардың мөлшері 12 мм. кем болмауы керек (фото 13).
Алдынғы тормоздық қалыппының фрикциялық қаптамалары 1-1,5 мм., жаңа қаптамалардың қалындығы 8 мм., олардың тозуы 7-6,5 мм., көліктің эксплуатациясына және техникалық нормаларға сәйкес, қаптамалардың қалындығы 2мм. кем емес болу керек (фото 14-15).
Жоғардағы жағдайларды анализдей отырып, м/н В912 ССМ «Мерседес-Бенц» көлігінің аяқтық тормозы оқиға болған кезде басталды.
Алдынғы тормоздық қалыппының тозуы көліктің ұзақ эксплуатациялаудың нәтижесінен ЖКО дейін пайда болды.
М/н В912 ССМ «Мерседес-Бенц» көлігінің рульдық басқару жүйесін қарау кезінде, келесі мән-жайлар анықталды, олар: гидронығайтқыштың сорғышынан, редуктордан (орнатылған гидронығайтқышы бар), рульдық механизм, гидронығайтқыш сорғышының құнарлы резервуары, рульдық бағана (колонка), рульдық күш (тяга) сияқты бөліктерден тұрады.
Гидронығайтқыштың жетек сорғышымен рульдық механизмнің гидро жүйесіне қажет құнарлы резервуары қарау кезінде зақымдалмаған (фото 7,9).
Рульдық дөңгелек рульдық бағанамен бүйіріндегі терезе жаққа қозғалған және аспап құралдырымен қысылып қалған. Бұл жағдай өз алдына рульды әрі бері бұрып қарауға кедергі жасайды.
Сол жақтағы алдынғы лонжерон (автомобильдің өн бойын тұтастырып берік ұстап тұратын темір) мен қозғалтқыштың шашыратқышы, алдынғы салпыншағы, сол жақтағы рульдық күші (тяга) және оның ұшы бұзылған, сол сияқты қорап панелінің алдынғы жағына шығып кетті (фото 5-6).
Жоғарда көрсетілген рульдық басқарудың механизіміне қатысты рульдық басқарудың люфтік жиынтығын анықтау мүмкін емес.
Рульдық дөңгелектің рульдық бағанада айналу білігін, оның зақымдалануына қатысты анықтау мүмкін емес.
Көзделеген зақымдар келесі қорытынды жасауға мүмкіндік береді, рульдық басқарудың зақымы бір уақытта болған соғылу жүктемесінен пайда болды, мұндай жағдай ЖКО кезінде пайда болуы мүмкін.

3 есеп.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет