Сот сараптамасы бойынша есептер



бет71/76
Дата15.04.2023
өлшемі1,44 Mb.
#82767
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Байланысты:
Сот сараптамасы бойынша есептер

Сарапшы В..................


VI - БӨЛІМ
Тақырып: «Сарапшының қорытындысын бағалау»
(әдістемелік нұсқаулар)
Төменде көрсетілген сарапшылардың қорытындыларын, қаулыларын мұқият оқып, оларға төменде көзделген талаптарға сәйкес баға беріңіздер, оларға:

  1. сараптама тағайындалғанда процесуалды талаптар сақталынды ма;

  2. барлық қажетті материалдар ұсынылды ма;

  3. қандай мерзімде сараптама орындалуы қажет;

  4. барлық материалдар зерттелді ма;

  5. ғылыми-негізділігі жағынан сараптама негізделген бе; сарапшының құзыретілігінде ма;

  6. сарапшының нәтижелерінің нысаны;

  7. олардың дәлелдемелік маңыздылығы бар ма, бар болса олар арқылы қандай мән-жайлар анықталады.

1 есеп.

11089 САРАПШЫЛАРДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ


(комиссиялық)


13 қаңтар 20..ж.
19 және 25 қарашада, 22 және 24 желтоқсан 20..ж. ҚР ӘМ ССО-на (Алматылық) қосымша Алматы қ. Медеу ауданының сотынан К. судьясының 4 қараша 20..ж. азаматтық іс бойынша ұйғарымында, талапкер С.М.Гумар, С.Ф.Ускованың жауапкер Р.С.Гумар, нотариус А.И. Ш .... өсиетін заңсыз деп тануға қатысты комиссиялық сот-қолжазбатану сараптамасын тағайындау үшін келесі материалдар келіп түсті:
1-2) 28 ақпан 2003 ж. М.И.Гумардың атынан Р.С.Гумарға жазылған өсиетің 2 данасы;
3) нотариалды әрекеттерді тіркеу үшін №1-2 реестр журналы, А.И. Ш... мен жасалған /Басталды 14 ақпан 20..ж. Аяқталды 25 наурыз 20..ж./
Сарапшылардың алдына келесі сұрақтар қойылады:
1. Өсиет Михаил Иванович Гумармен жасалған ба ?
2. Қол таңбасы делінген графада Михаил Иванович Гумардың немесе өзге тұлғаның қол таңбасы қойылған ба ?
3. Егер өсиет Михаил Иванович Гумармен жасалмаса, ол оның зайыбы Раиса Семеновна Гумармен жасалуы мүмкін ба ?

Салыстырмалы зерттеу үшін келесі материалдар ұсынылған:



  • Михаил Иванович Гумардың қолжазбасының еркін үлгілері, Гумардың қол таңбалары бар 06.04.2002 ж., 06.05.2002 ж. көлікті сыйға тарту туралы екі шарт, тіркеу журналының 70-71 беттер, №2447 көлікті сыйға тарту шарты, 07.01.1992 ж. үйді жалға беру шарты, 18.07.1995 ж. КР-6 №094208 сақтандыру куәлігінің сериясы, 25.11.1998 ж. Саз СМУ басшысының атына жұмысқа алу туралы арызы, 26.102000ж. б/№ паспорт, 24.07.1989ж. жылдық демалыс беру туралы арызы, 24.05.1991 ж., 29.09.1988 ж., 26.07.1990 ж., 02.06.1992 ж. сақтандыру полюсі, 18.08.1994 ж. № р21392 қарыз алу шарты, 29.03.2001 ж. жарлық, 1006.1986 ж. №730 жеке карточкасы, 09.08.1993 ж. төлем сериясы №7445519 БЧ салықты төлеуді қабылдау түбіртегі, 25.11.1991ж.өз есебіне демалыс беру туралы арызы, 21.06.2002ж., 12.10.1999ж., 03.11.1999ж., 07.12.1999ж., 27.12.1999ж., 31.01.200ж.,13.03.2000ж.,01.04.2000ж.,06.05.2000ж.,22.05.2000ж.,22.06.2000ж., 31.07.2000ж., 24.08.2000ж. хабарлама қағаздары, 27.02.1995ж. зейнетақыны қайта есептеу туралы арызы;

  • Раиса Семеновна Гумарованың қолжазбасының және қол таңбасының еркін-шартты үлгілері, хабарлау қағазын алу туралы қол хат, 04.11.2003ж. істі қарау туралы қол хаты;

  • оның 7 бетте жазылған қолжазбасы және қол таңбаларының салыстырмалы үлгілері.

Ескерту 1. Зерттеліп отырған қолтаңбаларды жазу кезінде Р.С.Гумар 70 жаста болды. Жастық топқа қатысты бұл қартаң жасқа жатады (Резолюция всесоюзной конференции по проблеме «Функциональные и морфологические показатели старения», Киев, 1963 г.).
Азаматтық істердің материалдары бойынша, М.И.Гумар 20..ж маусымда қайтыс болды.
Сараптаманы жүргізу сот-қолжазбатану сарапшылар комиссиясының қызметкерлеріне берілген, олардың құрамы: Ильчина Комарова 1 класс әділет кеңесшісі, Маржан Ержігітовна Ахметова, жоғарғы заң білімі бар, 2 класс заңгері, мамандығы «Қолжазба мен қол таңбаны сот-сараптамалық зерттеу», еңбек стажы 1973 жылдан 1997 жылға дейін.
Сарапшы қылмыстық жауапкершілігі туралы ҚР ҚК 352 б. сәйкес, жалған қорытынды бергендігі ескертіледі:
.....................................................................
Зерттелетін құжаттар «СОТ САРАПТАМАСЫ ОРТАЛЫҒЫ» мөрдің баспа таңбасымен, үлгілері «ҮЛГІ» мөрдің баспа таңбасымен белгіленген.


ЗЕРТТЕУ

Зерттеуге келіп түскен құжаттарға: 29,8*21,1 см. мөлшеріндегі және стандартты ақ қағазға жазылған өсиет; 99 беттен тұратын, ақ қағазды тысы бар стандартты кітап-реестрлік журнал.


Зерттеуге ұсынылған жазбалар қара түсті бояумен орындалған.
«Гумар», «Гумар Михаил Иванович» деген жазулар келесі жолдарда орын алған – «Өсиет берушінің қол таңбасы», 2 даналы өсиет, М.И.Гумардың атынан Р.С.Гумарға арналаған, 28 ақпан 2003 ж: № 1165, «Содержание нотариального действия», «Оплачено за совершенные нотариальные действия», «Расписка в получении нотариально оформленного документа» графасында, №1-2 реестрінде, А.И. Ш... мен жасалған б/№ нотариалды әрекеттерді тіркеу журналында /Басталды 14 ақпан 20..ж. Аяқталды 25 наурыз 20..ж./ және келесі жалпы белгілермен сипатталады:

  • шынықтыру деңгейі: орташадан жоғары;

  • 1 топтық қозғалысты координациялау: біршама төменделген;

  • 1 топтық координацияның төмендеу белгілері: элементердің сопақша және доға тәріздес бөліктерін орындау кезінде ірі бұрыштылық орын алады (1), тік түзулік бөліктерді орындау кезінде ірі және ұсақ иірлігінің бар болуы (2);

  • 2 топтық қозғалысты координациялау: төменделмеген;

  • орындау темпі: баяулатылған;

  • темптің баяу болуының белгілері: жазу мәшінкісінің негізсіз тоқталуы (3), штрихтердің басталуы мен аяқталуының дөкір болуы (4);

  • қысымы: ауытқымалы, әлсізден күштіге дейін, дифференцияланған;

  • мөлшері: үлкен;

  • екпіндігі:тұрақты емес, кішіден орташаға дейін;

  • еңкіштігі: оң жақ, шамалы.

Сол сияқты, 1-2 топтағы координациялық қозғалыстың төмендеуі, темптің азайуы, қысымның пайда болуы жазуды орындаған адамға жазу кезінде қандай да бір факторладың кедергі болуын дәлелдейді, оларға: ыңғайсыз қалып, жазуды орындаған қолдың әдетсіз жағдайда болуы, М.И.Гумардың қолжазбасына ұқсас етіп жазуы немесе организмнің жастық өзгерістерінің себебінің әсер етуі. Кейінгі салыстырмалы зерттеулер әдістемелік ұсыныстарға лайық жүргізілді.
Аталған қолжазбалар мен қол таңбаларды және М.И.Гумардың қолжазбаларымен салыстырмалы зерттеу кезінде 1 топтағы координациялық қозғалыстың ерекшеліктері анықталды (үлгілерде-төмендетілген), 2 топтағы координациялық қозғалыс (үлгілерде – төмендетілген), екпіндігі (үлгілерде – тұрақсыз, кішіден үлкенге дейін) және келесі жеке белгілерде:
═ «о» қиылысу штрихын бастау және аяқтау кезінде, № 2 зерттеу қолжазбасында «о» - тік түзу жазылған, үлгілерде – доға тәріздес және бүгілмелі (1);
═ «н» әріпінің 2-3 элементтерін қосу кезінде қозғалыстың формасы №1 зерттелетін қолжазбада – «s» латын тәрізді, үлгілерде доға және ілмек тәріздес (2);
═ Орындау кезіндегі бағыт: «н» әріпінің 2 элементінің бастапқы бөлігінің штрихын қосу кезінде №1 жазылған қолжазба – сол жаққа айналған, үлгіде - оң жаққа айналған (3); «и» 2 элементінің қорытынды бөлігінде №3 жазылған қолжазбада – оң жаққа айналған, үлгіде – сол жаққа айналған (4); «х» 1 элементінің төменгі бөлігінде зерттеліп отырған қолжазба- горизонталды, үлгіде – төменнен жоғарыға қарай және жоғарыдан төменге қарай; «о» төменгі экстремалды учаскесі №3 жазылған қолжазбада - горизонталды, үлгіде– сол жаққа айналған(5);
═ Қозғалыстың ұзындығы горизонталды орындау кезінде: «о» - №1 жазылған қолжазба, үлгімен салыстырғанда кішірек (7);
═ «н» 2 элементінің негізгі бөлімін орындау кезінде қысымның үлестіруі №1 жазылған қолжазба –кішірек, ал үлгіде бір қалыпты (6);
═ Нүктелерді жайғасытру қозғалысын орындау кезінде: «о» қорытынды бөлігі №1 жазылған қолжазба- жоғары, ал үлгіде – орташа (9);
═ «и» 1 элементін сол жақтан оң жаққа қарай қосқанда қозғалыстың жайғасуы №2 жазылған қолжазбада үлгімен салыстырғанда биік (10); «в» 1 мен 2 элементтері жазылған қолжазбада үлгімен салыстырғанда биігірек;
═ «М» 1-3 элементтерінің жоғарғы бөлігін вертикальды қозғалыспен жайғасуы жазылған қолжазбада бірқалыпты, ал үлгіде 2 есе биік;
═ Орындау кезіндегі қосып жазу: «Г» 2 элементінің бастапқы бөлігі №3 жазылған қолжазбада орын алған, ал үлгіде қосып жазудың белгілері жоқ (11).
Көрсетілген ерекше белгілер тұрақты маңызға ие, аталған белгілер жастық өзгерістердің және ауырудың қолжазбаны жазған кезде әсер етпейтінің дәлелдейді, осы арқылы жазбаны М.И.Гумар жазбағаның, ал өзге адаммен (адамдармен) М.И.Гумардың қолжазбасына ұқсастырып жазылғандығын мәлімдейді.
Зерттеліп отырған қолжазба мен Р.С.Гумардың қолжазбаларына салыстырмалы зерттеу жүргізілгенде, олардың арасында ұқсас немесе ерекшеленетін белгілер анықталған жоқ. Бұл зерттеуге қатысты кесімді немесе жағымды нәтиже беру мүмкін емес, олардың себебі:
- М.И.Гумардың қолжазбасына ұқсастырып жазу жалпы жеке белгілерінің трансформациялануына қатысты, ол өз алдына нақты тұлғаның қозғалыс дағдыларын жекешелендіреді (1 топтың қозғалыс координациясының төмендеуі, орындау темпінің баяу болуы, қысымның жайғастырылуы). Сондықтан, зерттеліп отырған қолжазба Р.С.Гумармен немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) орындалғандығын анықтау мүмкін емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет