Емізу реттілігі ең әуелі анаға керек. Омырауды күтудің басты
мерзімдері шарты да осымен байланысты. Өйткені, емізу тәртібіне мән
бермеуден омырауды дертке шалдықтырғаннан кейін, баланың күтімі де ананың жағдайы да, бәрі де адыра қалып ауыр күйге түсіреді. Міне осындай жағдайды болдырмау үшін, емізудің реттілігін бірінші күннен жолға қою керек. Ол үшін емізу у а қ ы т т а р ы н біртіндеп ұ з а р т ы п, әуелі омыраудың ұ шы н ш ы н ы қ т ы р у ғ а баса көңіл аудармай болмайды. Сәл жарақат түскеннен кейін-ақ, ол қайта-қайта жаңғырып мазаны алады. Оны болдырмау үшін не істеу керек?
Ең алдымен алғашқы үш күн бойы, нәрестенің әр емуінің ұзақтығы, тек 5-ақ минуттан аспасын, онан кейін біртіндеп ұзартып, төртінші күні – 10 минут, бесінші күні – он бес /15/ минут, содан соң бірнеше күн қатарынан – 20 минуттан аспайды. Егер осылайша емізу тәртібін ұйымдастырған жағдайда, шамамен он күннің ішінде омыраудың ұшы әбден шынығып болады. Міне бұдан кейін қалай емізем десең де, нәрестені омырауда қанша ұстау еркіңізде?! Әйтседе, омырау берудің ұзақтығы 25-30 минут болса жетіп жатыр ең көп болғанда 40 минуттан аспауы керек.
Омыраудың бәрі де, нәрестенің тәрбиесіне жатады. Осылардың
екеуін де беру әрқайсы-ақ, оның Тәні мен Жанын үндестіре жетілдіру
керек пе?ге ықпал етпек. Жалпы кез келген өркениетті елдерде,
ең әуелі бала мен ана күтімдері шешілсе ғана, өзінің зайырлы мемлекет екенін дәлелдейді. Мұндай елде нәрестені күту режиміндегі былапыттылық атымен жоғалады. Бала қыңқ етсе омырауды ала жүгіруге болмайды. Әуелі оның жүзіне қарап неге мазаланып жатқанын түсінуге тырысқан жөн. Сонан кейін ғана керек етіп жатқанын беруге болады. Реттелген режиммен емізу аралығы ұзарғандықтан, омырауының сүті молайған аналар, нәрестесін бір емшегінің сүтімен-ақ қанағаттандыра алады. Келесі жолы екінші омырауын беріп, осылайша алма-кезек ауыстырып емізуге үйренеді. Бірақ қазіргі кезде мұндай сүті мол аналар өте сирек кездеседі. Соңғы жылдары, тіпті екі омырауын беріп те жарытпайтын аналар көп. Себебі, халқымыз ғасырлар бойы қалыптастырған бала тәрбиесі бұзылып, өз қасиетін өзі тепкен көзсіз еліктеушіліктіңсалдарынан, аптаға жетпей-ақ жаңа туған нәресте де жас босанған ана да, ұйқыларының қисапсыз қатты бұзылуынан н е в р о з ауруына шалдығады. Осының кеселінен омыраудың сүті тартылып жатыр, әйтседе, әр омырауды 12-15 минуттай қақтап емізу арқылы сүтті аз-кем молайтуға болады. Өйткені, қотарыла босаған емшекке қайыра сүттің жиналуы жиілейді.
Бұл сауалдың жауабын білуге бірнеше рет