Совет–Хан Єаббасов


Омырау беру Әр ананың емізу ыңғайлары бар. Оған бала да өзі де



бет117/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   294

Омырау беру Әр ананың емізу ыңғайлары бар. Оған бала да өзі де


әдістері әдеттеніп алады. Әйтседе, көп аналар нәрестесін отырып
емізуді ыңғайлы санайды. Қайбіреуі жанына алып жамбастай жатып емізгенді тәуір көреді. Жатып емізудің азды‑көпті өз қиындықтары бар. Ол үшін баланың басына жастық қойып, ана да қолтығының астын жастықпен тіремесе, нәресте омырауды толық аузына ала алмай әуре болады. Баланы осы ыңғайсыздық үнемі мазалайтын болса, оның емшек ему сәттерінің жиі бұзылуынан н е в р о з ғ а шалдығады. Жатып емізудің тағы да бір кемшілігі, ол ананың осы сәтте ұйықтап кетуінің ықтималдығы. Мұндай жағдай, әсірісе түнгі мезгілдерде жиі кездеседі. Ұйықтап кеткен ана нәрестесін тұншықтырып алуы мүмкін.Сондықтан түнде,отырып қана емізу керек.
Екінші бір ескеретін жәй, ол омырау берер алдындағы ананың көңіл-күйі, емшектегі сүттің сапасына да мөлшеріне де әсер ететінін білген жөн. Сондықтан шама келгенше омырау беруге әзірленіп, көңіл-күйді көңілді ұстауға тырысу қажет. Мұны айналасындағы адамдар да ескерулері керек.

Егер нәресте үнемі емшектің ұшын ғана аузына алса,


Емшектің онда ол бір де тамшы сүт сора алмайтыны анық. Себебі,
танакөзін ауызға емшектің әр тұсынан келетін сүт жолдары тек
дұрыс алу т а н а к ө з д е ғана тоғысып жиналады. Сондықтан,
нәрестенің танакөзді аузына толық алуын әркез қадағалап көмектесіп отырған дұрыс. Сонда сүт те жақсы жүріп, нәрестенің өзі де құныға еміп рахаттанады. Емшектің ұшын сорудан оның жарылып жарақаттануы да жиі болады. Жарақаттанған емшектің ұшын бала қызыл иегімен жаншып жиі ауыртады. Мұндай сәттерде, емшекті баланың аузынан жұлып алмай, оның иегінің астынан саусақпен басып босатып алған соң, қайыра омыраудың танакөзін тұтастай аузына алдырып емізуге тырысу керек.
Нәрестенің болмысындағы тума мінез-құлығы мен
Әр бала психикалық темпераменттерін, емізу сәттерінде
әртүрлі емеді анық аңғаруға болады. Мұны тек байқап қана қоймай,
жалпы баланы қоректендіру кездерінде, оған ықпалды түрде сылап-сипай отырып тәрбие тәсілдерін жүргізуге болады. Бірақ бұл нәрестенің рахаттана емуіне еш кедергі жасамайтындай етіп, терең психологиялық шеберлікпен қолдану жолдарын тапқан жөн. Арнайы зерттеулерге қарағанда, әр баланың емшек ему тәсілдері де сан алуан болатын көрінеді. Мәселен, біреулері – аса жігерлі қомағайлана сорып, қарны тойғанша жұлқи тартып әлектенеді. Мұндайлардың қызылиектеріне емшек ұшы ілінетін болса, оны жаншый жарақаттап та жібереді. Нәрестесінің мұндай мінездерін байқаған ана, омырау берерде барынша сақ болғаны жөн.
Екінші бірі – тым с е к е м ш і л болады. Ол емшек ерніне тиісімен-ақ қозғалақтап, омырауды аузынан шығарып ала береді де, оған ызақорланып қатты бақырып жылайды. Мұндай баланы саябыр таптырып алғаннан кейін ғана, емшекті қайыра алуына көмектесу керек.
Үшіншісі – с ү л е с о қ бала?! Көбінесе бұлар – алғашқы күндерде емшекті ауыздарына алмай, ондағы сүттің көбейе саулап тұруын күтеді. Бұларды да зорлауға еш болмайды. Омыраудың исінуін тосып күтуге тура келеді.Тағы бірі – т а л ғ а м п а з бала?! Бұлар әуелі бір тамшы сүтті таңдайына алып татпай, бірден солқылдата сорып еме бермейді.Ендігі бірі – д е м а л ғ ы ш бала?! Олар – бірден сорып-сорып алады да, біраз тыныстап алып, қайыра емуге кіріседі. Сондықтан оны дұрыс емізу үшін біраз уақыт кетеді. Оны да күштеп жылдамдатам деудің еш пайдасы жоқ, керісінше көптеген жайсыздықтарға ұшырауға болады.
Міне өздерің анық сезініп жақсы байқап отырғандай… бала емізудің т ә р б и е емес дейтіндердің қаншалықты қателесетінін, байқау тіпті де қиын емес. Адам тәрбиесінің физиологиялық әрбір кезеңдерінің өздеріне тән тәрбие тәсілдері бар екені – тайға таңба басқандай көрініп тұрған жоқ па? Жас босанған аналарға шынын айтсақ, бұл кезеңнің ерекшеліктері де беймағұлым. Көпшілігі жоғарыда келтіргендей, нәрестенің сан алуан психологияларын түсінбеудің салдарынан, ана мен бала тіл табыса алмай қаншама дағдарыстарға ұшырайтыны айтпаса да түсінікті. Сондықтан ұрпақ тәрбиесін ескі көзқараста қалдырудың зияны шаш етектен екенін түсініп қана қоймай, пәрменді түрде жаңа көзқараспен іске кіріспей болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет