Совет–Хан Єаббасов



бет120/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   294
Байланысты:
treatise70934

Баланың тойғанын иә босанған аналардың ынталы екені белгілі.
тоймағанын қалай Әрине, мұны – нәрестені ұзақ емізу арқықылы
білуге болады? анықтауға болмайды. Жалпы барлық нәрестелерге
ортақ бір ә д е т бар, ол омыраудың сүтіне тойғаннан кейін де 10-шақты минут тіпті жарты сағатқа дейін сорып жатып алады. Себебі, жас нәрестенің сүт болмаса да, “ему рефлексінен” алатын ләззаты өз алдына бөлек құмарлық. Кейде осы – ему құмарлығы қанбаған бала, сүтке тойғанына да қарамай жылай береді. Жас босанған аналар, нәрестенің осындай табиғи қасиеттері болатынын білулері керек. Бұл қасиеттің физиологиялық өз қызметі де бар екенін ескерсек, тіпті емуі қанбаған балалар жүдеп те кетеді. Ендеше, жас нәресте үшін – сүтке тою өз алдына бір қажеттілік болса, ал омырауда сүт болсын-болмасын – оны құмарынан шыққанша емудің өзі – екінші қажеттілік болып табылады.
Көптеген байқаулар мен зерттеулердің көмегімен, 5-6 айлық нәрестенің бір рет емгендегі сүтінің мөлшері – 280 мл. болу керек. Кейде бала еміп болысымен де жылауы мүмкін, бірақ мұны тоймағанынан деуге де болмайды. Себебі, көбінесе жас баланың ішін ж е л қ у а л а п мазалайтыны жиі кездеседі. Сондықтан, ең басты мәселе ана нәрестесінің жүзінен, оны не мазалап жатқанын түсіне алатындай сезімталдыққа үйрену керек.
Екінші тәсіл – баланың дұрыс тамақтанып жүргенін – ай сайын салмағын қадағалау арқылы да реттеуге болады, егер бала тыныш және салмағы да дұрыс болса, онда оның қорегінің мөлшері де жеткілікті. Ал егер баланың салмағы дұрыс болып, тәуліктің екінші жартысында мазаланса, онда көбінесе ішек ішіндегі желден босануына көмектескен жөн. Сонымен қоса, салмаққа да абсолютттік маңыз беруге болмайды. Өйткені, кейбір балалардың өзі тыныш болғанымен, салмағы әжептәуір төмен болуы мүмкін. Бұл оның физиологиялық ерекшелігі болғандықтан, оған бола мазаланудың қажеті жоқ. Ал шыныменде мазасыз және салмағы әжептәуір төмен болса, мұндай балалар анасының сүтіне жарымайтындықтан, қосымша қоректі қажет етеді. Бұл мәселені – тек дәрігермен ақылдасып қана шешу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет