Емізу режимін қалыптастыру. Ең бастысы нәрестені ұзақ жылатып, жиі көңіл-сіздендірудің салдарынан н е в р о з ғ а шалдықтырып алмауды қадағалаған дұрыс. Барлық нәрестелерге тән ортақ жағдай, олар әрбір емізудің аралықтары 3-4 сағатқа тұрақты орындалып тұрса, оған әдеттеніп алатындықтары соншама, тіпті осы мерзімде еркін еміп қайыра ұйықтай беруге де қиналмайды. Режимге нәрестелер тез үйреніп кетуге әзір, тек анасының ұқыптылығы болса жетеді. Екінші бір ескеретін жағдай, ол баланың салмағы өсіп есейген сайын, біртіндеп қоректендіру режимінің аралық уақыттары ұлғая береді. Мәселен, 2,5 кг.–нан 3,0 кг.–ға дейін салмақтағы балалардың тамақтану аралығы 3–сағаттан болса, ал 4,0 – 4,5 кг. салмақтағы балалар – 4 сағатқа дейін шыдай алады. Бала 2 айлығынан бастап түнгі тамақтанудан гөрі, ұйықтағандарын тәуір көре бастайды. Ал 4 ай мен 8 айдың аралығында, ему режимдері 5 сағатқа дейін ұзарады. Міне, осы реттіліктерді сақтау, нәрестенің жүдемей иә мазасызданбай, бірқалыпты өсуіне көмегін тигізеді. Мұның дұрыс орындалуы тағы да ана ұқыптылығына тікелей байланысты.
Нәресте мазаң болмай сабырлы қалыппен өсіп келе жатса, анасы өзінің ыңғайына қарай, мүлдем басқаша реттіліктерді пайдалануына болады. Мысалы, уақыт аралықтары – 7,00 – 11,00 – 15,00 – 19,00 – 23,00 – 3,00 – осындай кестемен де емізу мүмкіндіктері бар. Мінеки бұл нәрестенің психикалық темпераменттері мен мінез-құлығын жақсы тани білетін аналардың қолынан келмек. Нәресте кезеңіндегі ж ү р е к т ә р б и е с і мен а қ ы л т ә р б и е с і н і ң сәтті үндесуіне, осындай ана мен бала арасындағы терең түсінушіліктің берер жемісі мол.
§ 5. ЖАСАНДЫ ҚОРЕК
“Баланы жасанды жолмен қоректендіру – тіршілік сырын аңғартар, құбылмалы заман мен күрделі қоғамның қ и қ у ғ а толы бейнесі”
Ұждан.
Ертеде жасанды қоректі өте сирек қолданған. Тіпті босану үстінде анасынан айырылып қалған нәрестені де, тек омыраудың сүтімен өсіруге тырысқан. Ал кейде жалғыз үй отыратындар, ана сүтіне қосымша қорек ретінде, сиырдың сүтіне белгілі мөлшерде су және қант қосып жасайтын болған. Бұл әдісті қазір де пайдаланады. Мәселен, нәрестенің алғашқы айлары болса – 120 мл. сиыр сүтіне 80 мл. су және 2 шай қасықтай қант қосып қайнатады. Қайнаған қоспаны 3-4 минут басылған отқа қойып, шымырлата қайнауын жалғастырады. Міне осындай жасанды қоректің құрамы, омыраудың сүтіне жақын деп есептелінеді. Кейде кілегейлі және құрғақ сүттерді де пайдалануға тура келеді.
Жалпы есте сақтайтын бір жай, ол пайдаланатын сүттің де, ыдыстардың да тазалықтарын көздің қарашығындай сақтау қа-жет. Сондықтан, әуелі пайдаланатын ыдыстарды – 20-25 минут қайнатып алған соң, балаға берер сүтті де сондай мөлшерде қайнату керек. Үнемі тазалықтың ең жоғарғы кепілдігін сақтамаса, сүт тағамдарында микробтар тез жетіліп, тым көбейгіш келетінін ескермесе болмайды. Дайындалған тағамдар тек қана тоңазытқышта сақталуы тиісті.
Бұл осы заман технологиясының жемісі. Оны сүт құрамын
Достарыңызбен бөлісу: |