Совет–Хан Єаббасов



бет133/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   294
Ә) БЕСІКТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ


«Кең жайлау – жалғыз бесік жас балаға1,
Алла асыраған пендесі аш бола ма?
Ержеткен соң, сыймайсың кең дүниеге,
Тыныштық пен зар боларсың баспанаға».
Шиллер - Лермонтов – Абай.

Бесік – түп-түгел, тек ағаштан ғана жасалынады. Қазақ халқы негізінен т а л б е с і к т і ерекше қадірлеген. Себебі, т а л д а н жасалынған б е с і к к е – иіс-қоңыс сіңбейтін болған, оның үстіне талдан шығатын эфир майына әртүрлі кішігірім жәндіктер де жоламайтын қасиеті бар. Бесіктің екі басы – жұмыр талдан иіліп жасалынса. Оларды керме ағаштармен қосып, жеп-жеңіл қаңылтақтай етіп оп-оңай құрастыра қояды. Талбесіктің жоғарыда айтылғандай артықшылықтарына қоса, оның жеңілдігі мен тербетуге ыңғайлылығы да, ана үшін толып жатқан қолайлылықтар тудырады. Нәрестені бесікке бөлеу үшін пайдаланатын жұмсақ заттарын – «баланың жөргегі» - деп атайды.


Жөргектің құрамындағы заттар:

  1. Түбек. 8. Екі бел жастық.

  2. Шүмек. 9. Аяқ жастық.

  3. Бесіктің жазғы жабуы. 10. Бел көрпеше.

  4. Бесіктің қысқы жабуы. 11. Аяқ көрпеше.

  5. Қолбау. 12. Арқалыққа ілінетін

  6. Тартпа бау. жез қоңырау.

  7. Бас жастық. 13. Қазіргі жастықтың орнына сырып жасап матрас пайдаланады.

Қазақ халқы баланы бесікке салу дәстүрін ерекше құрметтейді. Сондықтан да, бесікті дайындауға – ақ сақалды қариялар мен ақ шашты әжелер де – үлкен жауапкершілікпен, әр затына дейін ұқыпты әзірлеуге ат салысады. Баланы алғаш рет бесікке салуды, тек аса шебер парасаты мол әжелерге сеніп тапсыратын болған. Жас келіншектер бөлеу үстінде мұқият үйреніп алуға тырысады.
Дәл қазіргі заманда, ерекше е с к е р т і п айтар бір мәселе бар?! Ол – көптен бері бесікке бөлеуді – ұмытып та үлгерген қауымға, ежелгі дәстүрлерді қайыра жандандырумен қоса, білетін адамдардан ерекше ұқыптылықпен үйренудің қажеттігін айтпақпыз. Өйткені, сәл жіберген қателіктің орны толмас өкініштеріне ұрынбаудың жолы үйрену мен пысықтау екені белгілі. Тіпті, халқымыздың қайбір ы р ы м д а р ы н да жаңғырту шарт.Оның да - өзіндік тәрбиелік мәні бар?! Мысалы, нәрестені сеніп тапсырған екі әже, бесіктің екі жағына жайғасып отырған соң, неден бастауды әзірлеуге кіріседі. Әуелі олар бас жастықтың астына – айна – тарақ - әтір – қалампыр – және шағын ғана қ ұ р а н кітапшасын қойып;
Бірінші әже:

  • Оң ба, оң ба? – деп сұрайды.

Екінші әже:

  • Оң, оң! – деп іле жауап береді. Сонан кейін, бастаушы әже – түбек тұратын тесіктен - өрік, мейіз, қант, кәмпит, бауырсақ пен құрт-ірімшіктерді уыстап тастай бастайды.

Тағы да бірінші әже:

  • Тышты ма, тышты ма? – деп сұрайды.

Отырғандар жамырай шулап:

  • Тышты, тышты, тышты! – деп әзіл-қалжыңға айналдырып, ойын-күлкімен мәз-мәйрам болады. Жаңағы дәмдерді екінші әженің қолынан ырым етіп, барлығы да таратып алады. Осыдан кейін, жөргекті түгендеп алады да, бастаушы әже нәрестенің анасына үйрете отырып бөлеуге кіріседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет