Жасанды қорекке жөні бөлек. Оның анаға да балаға да берері мол ?!
көшу әдісі Омыраудың сүтін жеткенінше беріп, қалғанын
жасанды сүттің мөлшерімен жетілдіру үшін, нәрестенің түнгі сағат 2-дегі және таңғы 6-дағы емізуіне – жасанды сүтті бергеннен пайдалысы жоқ. Сонда, таңертеңгі емізуге – омыраудағы сүт жетіп артылады. Екінші тәсілі – омыраудың сүті мен жасанды сүтті алма-кезек ауыстырып емізуге де болады. Жалпы, омырау сүті тартылып кетпес үшін, аналар халық тағылымындағы көптеген әдістерді қолданады. Оның пәрменді әсерлері де мол екенін ескерген жөн. Тіпті ешқандай амал көмектеспесе, біржола жасанды қорекке ауысудың айыбы жоқ. Қашанда қосымша қоректің мөлшері алғашқы айлардың өзінде-ақ, мөлшермен 90-95 мл. кем болмауы керек.
§4 НӘРЕСТЕНІ ЕМІЗУ РЕТІ
“Жас баланың бабын табу – аналық өнердің шыңы”
Ұждан.
Дүниеге келген әр нәресте өзі бір жатқан жаңа құбылыс?! Сол құбылыстың сырын ашып, тылсымын тауып жетілдіру тек адам тәрбиесіне тікелей байланысты. Ондай тәрбиенің бағыты мен бағдарын, адамзат қауымы әлі игере алмай келе жатқанына көзіміз жетіп отыр. Жалпы, жаңа туған жас баланың бабын табу деген сөз, оның Т ә н құрылысындағы 12-мүшесінің дұрыс жетілуі мен Ж а н дүниесіндегі 12-арнасының да, үндесе қалыптасуын қамтамасыз ету болып табылады. Оған қол жеткізу үшін, адам дамуының физиологиялық әр кезеңдерінің өзіне тән тәрбие тәсілдерін дер кезінде жүргізудің мәні зор. Сол сияқты, Нәресте кезеңінің ең негізгі тәрбие тәсілі – баланы е м і з у болып табылса, оның р е т і мен к ө л е м і барынша терең ескерілетін тетіктері екенін есте ұстау қажет.
Нәресте анасының барлық қимыл-әрекеттері мен дауыс ырғағындағы өзгерістерді, сөйлеген сөз бен көңіл-күйдің реңіне дейін тапжылтпай тамаша түсінеді. Негізінен нәресте кезеңнің т ә р б и е тәсілдері, мезгіл-мезгіл омырау беретін ояу кездерінде жүргізіледі. Ананың нәрестені емізу сәтін, тек қана – қоректендіру – деп қана түсінсек, онда көп нәрседен ұтылатынымыз анық. Ал бүгінге дейін, дәл осылай ойлап келгеніміз де, өтірік емес екенін айтқанымыз жөн. Ендеше е м і з у сәті, оның к ө л е м і мен р е т і н е барынша көңіл бөлу, нәресте кезеңінің ең басты тәрбие тетігі екен. Сондықтан да, нәрестенің е м і з у р е т і мен сүттің к ө л е м і н, бақылаушы дәрігер мен анасы ақылдаса отырып шешеді. Оның тамақтану реті /режимі/ мен көлемі, - негізінен салмағына, тәбетіне, көңіл-күйіне, ұйқысына – тікелей байланысты болмақ. Әйтседе, біздердің баса көңіл бөлетініміз, осы әрекеттердің үстінде– нәрестеге жүргізілетін т ә р б и е тәсілдері болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |