3. ЕУРОПАЦЕНТРИЗМ МЕТОДОЛОГИЯСЫ
АПАТ !..
Енді ғана басталып жатқан ХХІ‑ші ғасырдың күрделі де күңгірт сыр‑сыйпаттары мен құйтырқысы мол европацентризмді – барынша нақтылап, ғылыми негізде терең түсіну ‑ әсіресе, халқының саны аз, экономикасы әлсіз шағын мемлекеттерге ауадай қажет ?! Себебі, империялық мүдде мен европацентризм методологиясы, бұрынғы қай‑кездегісінен де қабыса түсіп, екеуара үндесудің не бір айлалы тәсілдері мен түрлерін (формаларын) ұсынуда... Бұл әдіс‑айлалардың аты мен затын, көкірегі ояау жандар жақсы біледі. Бүгінгі таңдағы ең жоталысы – Ғаламдану немесе ЖаҺандану – дейтін өркениетке көшуді жеделдетуде. Оның да сүйенетіні – Европацентризмнің қатпары қалың аяарлықтары ‑ екені белгілі болып отыр. Өйткені, «супердержавалар» – жаңылтпаш ғылым ретінде ‑ европацентризм методологиясынан асқан – тәсілдің де, айланың да жоқ екенін терең түсінеді. Ендеше, «Европацентризм методологиясы» ‑ дегеніміз не ? – дейтін заңды сұрақ туындайды...
Иә‑ә, бұл жайында, көптен айтылып келе жатқанымен, еш уақытта сараптай салалап талданып та, астарындағы құпия сырларын ашып, жүйелі түрде жазылған да емес. Міне, осы сауалдың төңерегінде аз‑кем ойлануды, ұлттық қажеттілікке балаймын ?!?.. Сондықтан да, ең әуелі кез‑келген – методологияның негізі – ғылым екенін түсініп алғанымыз жөн. Олай болса, европацентризм методологиясы да – ғылым ?! Бірақ, бұл қандай ғылым ? ‑ деп зерделей түсіп зерттесек, оның «тылсымы мол құпиясы көп» екенін анық байқауға болады. Бұған, тіпті Сіздер аса қатты таңырқай да қоймауларыңыз мүмкін?!.. Өйткені, бәрімізде осы методологиямен құндақталып, неше ғасыр ұйқылы‑ояау арбалып, сандалумен күн кешіп жүргеніміз де анық. Тек, ойда жоқта келген ‑ тәуелсіздік ‑ дейтін тәтті сөздің ырғағымен ғана, Европацентризм ерекшеліктеріне – енді‑енді ғана ой жіберіп жатқандаймыз. Міне, осы арада санамызды ашып қарасақ, біздерді бодандықтың көрпесімен қымтап алған – европацентризм методологиясы – бұрынғыдай емес, ‑ Жанымызды да, Тәнімізді де ‑ қызған темірдей қарып бара жатқанын сезіне бастадық. Сонда, оның жалпы сипатынан, тайға таңба басқандай анық байқалатыны – Империялық озбыр саясаттың, айлалы тәсілдерін жүйелейтін ‑ ілімі екені анықталып отыр. Мінеки,осы қағиданың бірнеше ‑ дәлелдерін ‑ келтіріп көрелік ші ?!..
Достарыңызбен бөлісу: |