Е к і н ш і мысал, соңғы ғасырлардағы қазақ халқының тұрмыс-тіршіліктеріне тікелей қатысы бар - Орыс империясының әсерінен - оның қоластында болған жүздеген елдердің халық педагогикалары өзінің ғылыми дамуынан мақұрым қалды. Жалпы орыс империясының идеологиясы мен оқу-ағарту жүйелерінде Рим империясынан алынған көптеген алдауға толы әдістер мен айлалы әрекеттер молынан кездеседі. Ең әуелі империялық саясатта, адамды - биологиялық индивид ретінде ‑ әдейі мойындамайды. Себебі, генетика ғылымының ең негізгі заңдылықтары империялық саясаттың, негізгі мақсаттарына қарама-қарсы келеді. Мінеки сондықтан да, жалпы империя атаулы өзінің езгісіндегі халықтардың - ұлттық тарихын да, халықтық педагогикасын да асқан жәдігөйлікпен жаныштап, олардың ғылыми негізделініп бой көтеруін қаламайды. Өйткені, бұл екі пәннің тәрбиелерінен қай халықтың болмасын ұлттық санасы мен азаматтық рухтары оянады. Ендеше, қай кезде болмасын империя атаулыны күйрететін күш, тек ұлттық сана мен адамдық рух екенін дәлелдеп жатудың өзі артық.
* * *
ТҮЙІНІ:
Сонымен, Замана сыры мен Уақыт тынысының мәні мен мағанасы қандай?
Бірінші, қазақ халқының көне дәуірлердегі мемлекеттік атауларын игеру.
Олардың таным‑сенімдері мен мәдениеті жайында білу.
Айналасындағы қоршаған ортамен қатынастары.
Адам өмірі үшін уақыт тынысының мәні мен маңызы.
Физиологиялық кезеңдердің өзіне тән тәрбие тәсілдерін игеру.
Тапсырмалар мен сұрақтар:
Замана сыры ‑ атты түсініктің мәнін ашу қажеттігі ?
Уақыт тынысының – қандай сипаттары мен маңызы бар ?
Бұлардың адам өміріне тигізер әсерлері мен берері қандай ?
Халық педагогикасының қиын тағдыры мен өткен жолдары ?