Жалпы ғылыми жүйе – кез келген пәннің атқарар мың сан қызметтерін үндестіре жинақтап, ондағы зерттелетін ішкі-сыртқы ұғымдардың біртұтас бүтіндігі мен ауқымдылығын қамтиды. Осының арқасында әрбір п ә н өзінің дұрыс бағытында зерттеліп қана қоймай, оның ашылмай жатқан ғылыми танымдары да жан-жақты танылып тереңдей береді. Ғылыми жүйесімен негіздері дұрыс қаланбаған п ә н д е нәтижелі мағына мен мәні де, тіпті диалектикалық жетілудің болуы да мүмкін емес. Мәселен, қазіргі ғылыми педагогиканың күйі тура осыны байқатады. Бұл біздің кешегі өмір сүрген жасанды қоғамымыз-дың, аса ауыр запыран тектес ащы шындығы.
Қазіргі кезде, ежелден ғылыми жүйелері мен негіздері дұрыс қалыптасқан п ә н д е р,өздерінің өте күрделі ішкі сипаттарын қопара ашып, тереңде жатқан қиялға симас ғажайып құбылыстарын танытуда. Мысалы, физикадағы - кванттық теорияның дүниеге келуі, биологиядағы - биотехнология, химиядағы - жасанды белок алу жолдары т.б. айта берсе шынайы ғылыми негіздерінде дамыған п ә н д е ртолып жатыр. Тағыда бір мысалға көңіл аударсақ, Мәселен, ми қабаттарының жұмысын түсіну үшін - оның тек клеткаларының қызметін жеке-жеке қарастырып қоймай, керісінше нейрондардыңөзара байланысуымен – клетка аралық біртұтас жүйенің қалыпта-суынан бөлек-бөлек мишықтардың атқарар қызыметтері үндесіп, бүкіл адам миының болмысы мен табиғи жүйесі анықталады екен. Дәл осы тектес ғылыми жүйе – халық педагогикасы мен психологиясына да ауадай қажет екеніайтпаса да түсінікті. Бірақ ол ешқандай жасандылыққа ұрынбай, өзінің ішкі мүмкіншіліктерінен өркен алуға тиісті. Оның барынша табиғи қалпын анықтайтын ең маңызды тетігі - Халық педагогикасы мен психологиясының жүйесі - өзінің ғылыми методологиясынан шығатындығымен құнды. Біз ұсынып отырған методологияның екі сатысынан немесе екі деңгейінен - биологиялық индивидтен - жүрек тәрбиесінің жүйесі қалыптасса, ал екінші сатысы сананың жетілуінен - ақыл тәрбиесінің жүйесі пайда болады екен.