Сақтықта мен , оны бірақ жасқаншақ және батылсыздыққа
қорлық жоқ. ұрындырмаулары керек. Ол үшін баланың арандап
қалатын сәттерін білсек, онда алдын алу шараларына баса көңіл аударған жөн. Ендеше, ең негізгі қатер мен қауіпті сәттерді сөз етеміз:
■ Баланы қазақы дөңгелек столдан тамақтандырғаннан артық ештеме жоқ. Ал егер де өздеріңізбен бірге биік столға отырғызатын болсаңыздар, онда арнайы жасалынған орындыққа отырғазып, орнықты етіп қымталынғанын қадағалау шарт. Әйтпесе, нәресте ырғалып-шайқалып қимылдаған сәттерінде, елеусіз қалып құлап кетуі әбден ықтимал. Сол сияқты баланы серуендететін қоларбаның да жатаған жайлы болуы өте қажет-ақ.
■ Ас әзірлеу кезінде, нәрестенің ас үйде жүруі толып жатқан қатерлердің жанында екенін ескеру керек. Тіпті, қарапайым ғана ыстық ыдыстарды тартып қалуын айтпағанның өзінде, шыжғырылып жатқан майдың шашырандылары-ақ қауіпті. Иә, бетіне иә көзіне тисеші?! Сондықтан анасы ас әзірлеуге кірісерде, әуелі баланың қолына ойыншықтарын беріп, арнайы жасалынған манежге отырғызу арқылы жоғарыда айтылған қатерлерден сақтанары қақ. Дастархан әзірлегенде де ыстық заттарды столдың ортасына қою әр кез есте болу керек. Дастархан матасының мол болғаны жақсы, бала тартып қалған күнде де шолтаң етіп сырғанай түспеуіне септігін тигізуі мүмкін.
■ Бір жастан асқан балалардың жиі жасайтын бір әдеті, қолына түскен кез-келген заттарды бірден аузына салу. Осыны ескерген аналар, ұсақ-түйек заттарды баланың қолы жетпейтін жерге қою арқылы, оны жұтып жібермеуінің алдын алары анық.
■ Баланы суға түсіргенде, әзірлеп қойған судың ыстығын қайталап тексерудің еш артықшылығы жоқ. Әсіресе ағып тұрған кранға сақ болу қажет.
■ Ендігі бір ерекше байқайтын нәрсе, электр ұялары мен сымдарын жауып ұстаған жөн. Әсересе, столға қоятын шамдардың лампаларын қатты бұрап, тіпті баланың қолы жетпейтін биікте болғаны жөн.
■ Ас үйдегі шырпының сақталуы.
■ Өткір заттардың өз орнында болуы.
■ Далада жүрген итпен ойнауға жол жоқ.
Міне, аз-кем осылай жинақтап айтылған жағдайлардан сақтану арқылы нәрестені көп қауіптен сақтандыруға әбден болады. Әсіресе, нәресте кезеңінің жөні бөлек-ақ.