Совет–Хан Єаббасов


Балаға – қозғама, тиіспе дегенді қалай түсіндіруге болады?



бет147/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   294
Балаға – қозғама, тиіспе дегенді қалай түсіндіруге болады?
Тек қана “қозғама” иә болмаса “тиiспе” дегенмен оны тоқтата алмайтынымыз айдан анық. Тiптi қатаң дауыспен айтсаң да, зекiп иә ұрысып тыюға тырыспаған дұрыс. Оның орнына “тиiспе” деп ескертумен қоса, дереу қолына бiр қауiпсiз затты ұстатып, алдандырып жiберген жөн. Осылайша, қайталаған сайын осы тәсiлдi пайдаланып, ойыншықтарымен ойнауға қадеттендiруге ұмтылған пайдалы. Бұлай iстеуге болмайтын әрекеттердi, бiрте-бiрте нәрестенiң өзi-ақ түсiне бастайды. Ал үкiмдi тәрбие әдiстерiмен қойдырмақ түгiл, қайта оның қасарысқан мiнездерiн өршiтiп алудың қаупi көп.
Осы сияқты нәрестенi тамағын iшуге де зорламай, стол басында ойнай бастаса болды аузын сүртiп, ойнауына еркiндiк берген жөн. Егер бала iшкiсi келсе, көп ұзамай өзi-ақ сұранады. Қайта келiп отырған соң, оның тыныш тамақтануға тырысатынын өзiңiз де аңғарасыз.
Қолындағысын түсіру және лақтыру әдеті. Нәресте кезеңiнiң соңғы айларында, бала көбiне қолындағы заттарын әдейi түсiрiп, не лақтырып ойын тапқандай әсерде болады. Кейде ол төсекте иә диванның үстiнде отырып, ойыншықтарын алма-кезек түсiрiп тастайды да, артынша ойбайға баса бақырып жылайды. Оған ашуланған анасы, ол әдейi жасап отыр екен деп ойлайды. Шындығында бұл оның өзiнше тапқан ойынының түрi едi. Ойыншықтарды бiрден жинатпай сол қалпында қалдырып, әлiптiң ақырын күткен жөн. Әйтпесе, дереу жинай бастасаң ол қайыра лақтырып тағы да жаңағы әрекеттерiн қайталауы мүмкiн. Өйткенi, ол өзiнiң лақтырғанынан және сенiң көтергенiңнен жаңа ойынның түрiн тапқандай әсерге бөленедi. Бұл әрекетiнде де оны жерге түсiрiп жiберген дұрыс. Артынша өзiнен-өзi қойып кететiн болады.
Ұйқы мөлшерінің өзгеруі. Көпшiлiк жағдайларда бала нәресте кезеңiнiң соңғы айларында, яғни 1 жас 7-8 айдан аса бергенде оның ұйқысының саны мен сапасы да әртүрлі өзгерiстерге ауыса бастайды. Олар көбiне түске дейiнгi ұйқыларын доғарып, тек түстен кейiнгiсiн ғана қалдырады. Бұл өзгерiстiң әсерiнен, кештеу жатуды шығара бастайды. Кейде осы өзгерiсті еркiн меңгере алмай, түстен кейiнгi ұйқысының алдында қалғып-шұлғып дұрыс тамақтана алмайтын сәттерi де болуы мүмкiн. Мұндай сәтте, бiрер сағат ертерек тамақтандырып, уақытында ұйықтатуға тырысқан жөн. Жалпы Нәресте кезеңiнiң соңы мен Балбөбек кезеңiнiң басында, баланың тәулiктiк режимдерiн белгiлi уақыттарда ауыстырмай орындалуына, мiндеттi түрде көмектесiп отыруды естен шығаруға болмайды. “Баланы - жастан” дейтiн “тектеушiлiк” дәл осы тәулiктiк режимдердiң дұрыс сақталуы үшiн айтылса керек.
Өзі тамақтануды ертерек үйрету. Анасы әркез еркiндiк берiп отырса, нәресте жасқа толмай ақ сүтiн кеседен өзi iшiп, қасығын оңтайлы ұстауға тез қадеттене бастайды.
Жалпы баланы 6 айлығынан бастап, өзi iшуге үйреткен артық болмайды. Өйткенi, ол бұл кезiнде ата-анасымен бiрге отырып тамақтанғанды ерекше мақтан тұтады. Ата-аналардың жоғарыда айтылған көптеген ұсыныстарды тастай қатырмай керiсiнше дамытып та, жан-жақты жетiлдiрiп те пайдаланса игi. Өйткенi, ұрпақ тәрбиесiнiң сыры мен қыры аса мол! Сондықтан тәрбие тәсiлдерiн қозғалмалы еркiндiкпен, әр баланың сан-алуан өзгешелiктерiн ескере отырып жүргiзудiң артықшылығы көп-ақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет