Совет–Хан Єаббасов


Жанның сәулеленуі немесе арналарының ашылуы



бет150/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   294
Байланысты:
treatise70934

Жанның сәулеленуі немесе арналарының ашылуы. Ұрық тазалығы мен Ана құрсағындағы ж ү р е к т ә р б и е с i оянып туған балалар 2 жасында‑ақ, өзiнiң жайсыз iстерiне ұялатын қылықтар көрсете бастайды. Ол өзiнiң әрбiр іс-әрекеттерінен де, әсiресе ата-анасы мен үйдегi үлкендердiң жақсы қылықтары мен жаман iстерiнен де тәлiм алуға талпынады. Басқа адамдардың қиналғаны мен жылағандарын көрсе, өзiнше жанашырлық сезiмдерiн бiлдiредi. Өзiнiң де, өзгенiң де жақсы әрекеттерiне қуанады. Үлкендердiң тiлiн алып, жұмсағанға жарағанын iштей сезiнедi. Өзiмен бiрге ойнап жүрген балалармен есептесiп, олардың айтқандарын тыңдап өзiнiң де өтiнiштерiн орындата алғанын тұшынған сайын, өзара сыйластықтың мәнiне көңiл бөле бастайды. Мұндай қарым-қатынастардан iшкi қуаныш сезiмдерiне кенелетiнiн аңғарады.
Алдыңғы тарауларда терең талданған, өз заманында н е г i з i н әл-Фараби қалаған – х а у а с i л i м i н - ана құрсағында жүргiзiлген тәрбиенiң жалғасы ретiнде, дәл осы балбөбек кезеңiнде тек еске алып қана қоймай, пәрмендi түрде пайдаланудың қажет екенiн айтпақпыз. Бұл i л i м д е р д i ң – хауас және хауас сәлим яғни, т ү й с i к пен i ш к i б е с с е з i м н i ң – халық педагогикасы мен психологиясының 2-ші негiзiнде жүргiзiлетiн т ә р б и е г е қалай және қайтiп қолдануға болатынын жан-жақты сөз етiлген едi. Ендi осы iлiмдердiң бiртұтас жалғасы тәрiздi – хауаси хамса заһиридi яғни, с ы р т қ ы б е с с е з i м н i ң әсерiнен туындайтын тәрбие тәсiлдерiн балбөбек кезеңiне қолдансақ,оның ендi ғана жетiле бастаған з е р д е с i мен з е й i н i н ерекше сапамен қауырт дамытар едi.
Балбөбек кезеңiнде баланың – ақыл-есiнiң жетiлуiне әсер ететiн тәрбие тәсiлдерiн: - есту – көру – сезу – ойнау арқылы қажеттiгiн жоғарыда аз-кем айтқанбыз. Ол үшiн балбөбек кезеңiндегi с ы р т қ ы б е с с е з i м д е р д i ң әсер етуi сипаттарын анық түсiнiп алмай, оны бiрден тәрбие әдiстерi ретiнде пайдаланудың қиыншылықтары да жоқ емес. Ең әуелi мұнда адамның – т ә н қ ұ р ы л ы с ы м е н ж а н д ү н и е с i н i ң арақатынасындағы өзара әсерлерi мен байланыстарын аса айқын бiлген жөн. Мәселен, сыртқы бес сезiм мүшелерi – Тән құрылысында орналасса, ал iшкi бес сезiм – Жанның а р н а л а р ы н а жататындығы да жоғарыда кең көлемде айтылған. Ұрпақ тәрбиесi бiздер ұсынып отырған – методология – жүйе – негiздердi ‑ басшылыққа алып жүргiзiлсе, онда Жүрек тәрбиесi мен Ақыл тәрбиесiнiң үндесуiнен i ш к i және с ы р т қ ы б е с с е з i м д е р д i ң өзара әсерлерi де жақсы дамитындығы белгiлi. Жалпылама түсiнiкпен айтылғанда, Жанның қорегiн қамтамасыз ететiн Тән екенiн ескерсек, онда сыртқы бес сезiмнiң әсерiнен – Жан дүниесiндегi iшкi бес сезiм де қозбалы күй кешедi. Мысалы, Ұлы күйшi Құрманғазының “Сары-арқа” күйiн тыңдағанда өзiмiзге таныс оның заттық қозғалыстарынан – табиғат суреттерiн – дала көрiнiстерiн – ат шабысының дүбiрiн – анық көзбен көрiп, құлақпен естiгендей болсақ, ал дыбыстың рухани зердеге ауысуы арқылы iшкi бес сезiмнiң үндесуiнен жан дүниенiң де толқындай тулап – қиялға – арманға – сағынышқа – жiгерге – қалай енiп кеткенiн артынан барып, рухыңның ажарлана түскенiнен аңғаратының ғажап емес? Осындағы дыбыс арқылы берiлетiн айналамыздағы қозғалмалы заттық құбылыстар – т ә н i м i з г е әсер етсе, iшкi бес сезiмнiң тербелуiнен – ж а н ы м ы з д ы әрқилы күй кешуге жетелейтiнi де таныс қой. Мiне, хауаси хамса заһири iлiмiн былайша айтқанда, сыртқа бес сезiмнiң берер әсерлерiн, ұрпақ тәрбиесiне осындай терең таным арқылы пайдаланған жөн. Сонда, анық байқалатын бiр жағдай рухани тәрбиенiң жүйесiн, тек халық педагогикасы мен психологиясының негiздерi ғана қалыптастырады екен. Ал оның ішіндегі ұстап та, көріп те байқалатын заттық сипаттары этнопедагогикалық тәрбие жүйесіне жататыны ешқандай күмән тудырмаса керек. Сондықтан, бұдан былай халық педагогикасы мен этнопедагогиканы тайталастырмай, қайта этнопедагогика – халық педагогикасы негіздерінің ішіндегі бір саласы болып, заттық сипаттарын ғана анықтайтындығын анық түсінген жөн. Әйтпесе, теориялық шатасулардан – практикалық былықтар бастау алады. Сонымен қоса бұл екі і л і м д е д е адамдағы Жан мен Тән тәрізді, тек шарттылыққа ғана симаса – ажыратуға көне бермейтін күрделі құбылыс. Солай дегеннің өзінде де, Жан мен Тәнді де, сол сияқты Халық педагогикасы мен этнопедагогика – делінетін түсініктерді де, әрқайсысының өздеріне ғана тиесілі қасиеттерін саралай жіктеп пайдаланбаса, ұрпақ тәрбиесі тектес аса күрделі мәселеде, адамзат қауымының бүгінге дейін жіберіп отырған қ а т е л і к т е р і н жалғастыра береріміз қақ. Ұлы данышпа әл-Фараби айтқандай : - «Жан мен Тән біртұтастық бірлікте қаралмаса, таусылмайтын дау бітпейтін пәлеге қаласың», ‑ деп соншама көрегендікпен біліп айтқанын түсінетін мезгіл жетті. Осы тұжырым қазқалпында Халық педагогикасы мен Этнопедагогикаға да тура келеді. Ендеше білгеннің тілін алып, осыған дейін пайдаланып келген ұрпақ тәрбиесінің қағидаларын, бүкіл адамзаттық деңгейде қайта қарауға мәжбүр екенімізді ашық айтқан жөн. Бұдан басқа жол жоқ! Табиғатты күллі тіршілікке міндеттеген «ұрық тазалығын сақтау» дейтін алтын заңын адам баласы да бұлжытпай орындауы керек.
Нәресте кезеңінде бала өздері де, біраз әрекеттерді істеуге


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет