§ 9. ПЕДАГОГИКА МЕН ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ТӨРТІНШІ НЕГІЗІНДЕГІ ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ СИПАТ «Жан – күллі тіршіліктің формасы» ҰЖДАН.
À) БАЛБӨБЕКТІҢ КИІМДЕРІ
«Жанның он екі мүшесі, немесе арналары – түйсік, ұят, сүю, мінез, зерде, жігер, табиғи қабылет және ішкі бес сезім – түгелдей өздеріне тән тәрбие тәсілдерін қажет етеді» ҰЖДАН.
Жан мен тәннің Баланың балбөбек кезеңінде, яғни, бір жарым мен үш
арақатынасы. жас аралығында, таңғажайып өздеріне ғана тән жетілу ерекшеліктерін, тәрбие әдістеріне оңтайлы пайдаланудың берері көп. Оның жан дүниесіндегі ана құрсағындағы тәрбиемен жетілген т ү й с і к т і к ақылы, қырқынан шыға жетілетін с а н а л ы ойлауқабілеттерімен сабақтасып, үндесе дамыған жағдайлары тәрбие жетістіктерін осы балбөбек кезеңінде бар көріністермен аңғарта алады. Осының бірден-бір айғағындай, бөбектің ж а н қ ұ м а р л ы қ т а р ы мен күллі тіршілік иелеріне деген сүйіспеншіліктері және кісілік келбетіне ұмтылған әділшіліктері де анық аңғарыла бастайды.
Әсіресе, балбөбек кезеңіндегі Ж а н мен Т ә н н і ң жетілуі, ажырамас б і р л і к т е екені айқын байқалады. Тән құрылысындағы аяқ пен қолдың қызметтері ширап жетілген сайын, оның жандүниесіндегі танымы мен таңырқаулары да, ерекше қарқын алатыны айтпаса да түсінікті. Оның ойларының түрлері мен заттық нәрселерге деген қызығушылықтарынан анық аңғаруға болады.
Этнографиялық заттарға жататын: бөбектің ішкі және сыртқы киімдері, жатар орындары, ішер тамақтары, ойнар ойын-шықтары, айта берсе толып жатыр, әйтеуір ол ұстайтын заттардың тәрбиелік әсерлері аз болмайды. Былайша айтқанда оның т ә н і н е қажет заттық нәрселер, әсерленгіш ж а н ы н а да тағылымдық пайдасы мол көрінеді. Осылайша, адам болымысындағы е к і ж ү й е н і ң бір-біріне әсерлері үздіксіз қатынаста болады екен.
Бұл кезеңде жатар орынның берер тәрбиесі ерекше ?!