Мидың қиялға ғажайып ертегі емес. Тек, жетілдіре білсек мидың
сыймас құдіретіне шек жоқ екендігін көрсетеді. Осыншама
қызметтері ерекшелікке өз жігері арқылы жеткен адам жайында
сыр шертпекпіз. Оның аты-жөні – Жан Шевалье?! Ол 18 ғасырда Швейцарияда өмір сүрген. Оны былайғы жұрт “сайтанмен қатынасы бар” деп сескенетіндіктен, тіпті оған жақындаспақ түгіл жанына келуге де қорқады екен. Шевальенің адам таң қалатын ерекшелігі – уақыт сұраған жанға ойланбастан, кез-келген сәтте сағатқа қарамай-ақ дәл уақытты кідірместен айтып бере алады екен. Міне, оның осы қасиетін білетіндер, өмір бойы таңданып таңырқағанмен еш шешемін таба алмапты. Ол өмірін сол өзінің шағын диірменінің басында, жападан жалғыз өткізіпті. Әйтседе, оның “уақыт білгіштігі” түрлі қауесеттермен аймағына таралып кеткен. Оның өмірінің соңғы шағында швейцар зерттеушісі Шаван келіп, жақсы түсіністікпен жиі жолығып жүреді. Ғалым жақынырақ таныса келе, Шевальенің ешқандай да сиқыршылығы және ақыл-есінен де кемшілік таппайды. Қайта керісінше оқығандары мол, неше алуан әңгімеге бай, көп нәрсені білетін адам екенін түсінеді. Сонда ғалымның аңғарғаны, Шевальенің сыры бір жағынан оңай да, сонымен қоса, тым қарапайым қадеттерден тұратын аса таңқаларлық жәй екенін ұғынады.
Жұмбақ сырдың себебі: Шевалье өмір бойы уақытты күні-түні үзіліссіз іштей есептеп, тіпті сағаты түгіл, секунды мен минуттарына дейін санап жүруге қадеттеніп кетіпті. Бұдан да бетер қызығы ол ұйықтап жатқанда, миының өзі-ақ есептей беруге үйреніп алған көрінеді. Оның бүкіл болмысына сіңген осы қадеті – қандай жұмыс үстінде жүрсе де, тіпті кітап оқып отырса да, өзге жұртпен әңгімелесіп тұрса да, онан да бетер қызығы қиынқыстау жағдайлардың өзінде де, іштей уақыт санауын тоқтатпайды екен. Бірақ, оның бұл қадеті басқа жұмыстарына ешбір кедергі келтірмейтіндігімен де құнды. Кейде жұрт оны әдейі шатастыру үшін дау шығарып, қызылкеңірдескен айғайдың үстінде сұрап көрген. Бәрібір, “тірі сағат” ешуақытта қателеспейді. Міне, бұл адам миының теңдессіз қабілеті мен шексіз икемділігін байқатады.
Тіршіліктің бұл тәріздес ритмдерін сөз еткенде, белгілі физиолог Н.Пернаның – арасы 6-7 жылдан тұратын – “психологиялық” ритмдерін еске алған жөн сияқты. Оның ғылыми болжамдары бойынша, адам өзіне тиесілі ғұмырында бірнеше рет ауысып отыратын, “бетбұрыс кезеңдері” болатындығын қатты ескертеді. Ол бетбұрыстар: 6-7 жасында, 12-13 пен 18-19-ында, 25-26 және 31-32, 37-38 жастарында қайталанып, одан ары да осылайша жалғаса береді. Мұны, әсіресе тәрбиешілер мен ата-аналар және әлеуметтік жағдайларды зерттеушілердің білгені дұрыс. Себебі, дәл осы жылдар кезеңдерінде – адамдардың “рухани өсулері” мен “сананың сапасы” ерекше ашылып - өзара үндестікпен дамитындығын сипаттайды. Осы тектес ғылымның алғы шебіндегі жетістіктері, сан-алуан әдістері мол адам тәрбиесіне де, оның болмысындағы тұнып жатқан қабілеттерін ашуға да, тіпті сипаттары мен кісілік келбеттерін келістіруге де, тек физиологиялық заңдылықтарды ескермей, ешуақытта да мақсатты артықшылыққа қол жеткізудің мүмкіндігі аз екендігін тағыда дәлелдей түседі. Ендеше, осы күнге дейін жүргізіліп отырған адам тәрбиесінде көптеген қаталықтар бары, екі ұдай пікір тудырмайтыны айдан анық. Сондықтан, бүгінгі тәрбие әдістері мен үлгілерін түбегейлі өзгертпесе, келешек ұрпақтарымыздың алдында қисапсыз қиянаттар мен өзімшіл әрекеттерді жалғастыра береріміз хақ. Бұл адам деген атқа да, армен астасар кісілігімізге де жараспайды. Өз тегін өзі ластай берген тіршілік иелерін, табиғат ана жазаламай, жәй әшейін кешіре салмайды.