БАЛАНЫҢ 4 ПЕН 5 ЖАСТАҒЫ РЕЖИМІ (СХЕМА №7)
Iс-әрекеттер мен демалысы
|
4 жас
|
5 жас
|
уақыттары
|
сағ минут
|
Үйде:
тұру, жуыну, киiну, жету.
Балабақшада:
қабылдау, тексеру, таңертеңгi жаттығу
Таңертеңгi асқа әзiрлену мен ас iшу
Сабаққа әзiрлену мен сабақты өткiзу
Ойнау мен далаға шығып серуендеу
Серуеннен оралу:
Түскi асқа әзiрлiк және iшу
ұйықтауға әзiрлiк пен күндiзгi ұйқы
ұйқыдан ояну, тұру және жуыну
Бесiн тамақ:
Ойын және далаға шығу, серуендеу
Даладан оралу:
Кешкi асқа әзiрлiк және iшу
Ойнау және үйге қайту
Үйде:
|
6.30-7.30
7.30-8.30
8.30-8.55
9.00-9.45
9.45-11.50
11.50-12.15
12.15-12.50
12.50-15.00
15.00-15.25
15.25-15.50
15.50-17.50
17.50-18.15
18.15-18.45
18.45-19.00
|
6.30-7.30
7.30-8.30
8.30-8.55
9.00-10.00
10.00-12.15
12.15-12.40
12.40-13.00
13.10-15.00
15.00-15.25
15.25-15.45
15.45-18.00
18.00-18.20
18.20-18.45
18.45-19.00
|
Тамақтандыру Балабақшасындағы балалардың дұрыс дамып жетілуі
үшiн, тәулiктiк режимдердiң қатаң сақталуы қандай қажет болса, олардың тамақтануының мерзiмдерi де, сапасы да, мөлшерi де, тiптi тамақ iшу тәрбиесi де өте ұқыпты қадағалауды талап етедi. Өйткенi, өсiп келе жатқан организмге барынша сапалы тамақты, саналы түрде ғылыми негiздерде пайдаланған жөн. Сонда ғана оның жемiсi мен жетiстiктерiн көзiмiз көредi. Әсiресе, жас балалардың ағзасына қажеттi тамақты мөлшерден көп бергенде немесе белгiлi бiр мөлшердi азайтқанда – баланың дұрыс өсiп жетiлуiне, бiрден жайсыз ықпалдарын тигiзедi. Қазiргi кездегi балабақшаларда қолданылып жүрген тамақтану кестесi: үш сағат сайын – төрт рет тамақтану, негiзiнен дұрыс екендiгiн айтқан жөн. Осыған орай, ендi балаларды тамақтандыру үстiндегi тәрбиенiң өзiне ерекше мән бергендi қалар едiк. Мәселен, тамақ iшуге әзiрлеу сәтiндегi олардың жуынып сүртiнулерi, стол басындағы отыру мәнерi мен жанында отырған сәбилермен қарым-қатынастары, тамақ iшуге өзiн-өзi әзiрлеуi сияқты толып жатқан тәрбие тетiктерiн, үнемi қадағалау арқылы үйрету қажет. Осы айтылғандардың әрқайсысын да, баланың мiнез-құлықтарына дұрыс сiңiстiрiп, күнделiктi әдетiне айналдырудың өзi аз шаруа емес екенiн түсiнемiз.
Даладан серуендеп қайтқан балалар жуынып-шайынып тамақ iшуге дайындала бастайды. Олар келгенде жаюлы тұрған дастарханның сәндi де әдемi болғанын сәбилер өте жақсы көредi. Аппақ дастарханның үстiне жағалай қойылған ыдыс-аяқтар да, түрлi-түстi суреттермен безендiрiлiп, анадайдан‑ақ көз тартып тұрса, жағалай келiп отырып жатқан сәбилердiң көңiл-күйлерi де өсiп, олардың тамаққа деген тәбеттерi де күшейе түседi. Тамақтың уақытылы берiлуi мен ас iшудегi тәрбиесi қатаң сақталуға тиiстi. Жалпы тамақтану кезiндегi байқалатын тазалық сақтау мен өзара қайырымды қатынастар бала тәрбиесiнiң сан түрлi қырларын қамтып, олардың бойына сiңе бастаған iзгiлiктердi байқататын сындарлы сәт десек болар. Өйткенi, тамақтану үстiнде баланың қалыптаса бастаған мiнез-құлықтарды да, өз көрiнiстерiнен еш жасанды әрекетсiз сыр бередi. Сондықтан да, тамақтану үстiндегi бала тәрбиесi аса нәзiк те, астарлы қимыл-әрекеттермен байқаусыз ғана шебер жүргiзiлуi қажет. Мұнда тазалықпен сұлулыққа баулу да, әдептiлiк пен имандылыққа талпындыру да, тiптi әдiлет пен жомарттық та, өзара үндесе жүргiзiлуiн естен шығармаған жөн. Егер, бала өзiнiң жасына лайықты дұрыс тамақтана алуды игерген болса, онда ол көптеген нәрселердi іштей түсiне алатындығын аңғартады. Бұл аса үлкен жетiстiк екенiн қуана айтқан жөн.
Балабақша тәрбиесінiң мәнiн ерекше атағанымыз жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |