Дене тәрбиесі. мiндеттi түрде белгiленген режимдер бойынша
жүргiзiледi. Олар түрлi-түрлi жағдайларда – таңертеңгi жаттығу, арнаулы қозғалыс сабақтары, серуен, би билеу рәсiмiмен де өтiп жатады. Төрт жастан бастап, балалар қимылға iш-киiмдерiмен шығуға, қозғалыс кезiнде бөлменiң желдеткiштерiн ашып қоюға рұқсат етедi. Ал балалардың үлкен тобында, тiптi әртүрлi шынықтыу сабақтарына жаттықтырады. Көбiне дене шынықтыруды ойын ретiнде өткiзу қызықты болып келедi. Қай халықтың болмасын этнопедагогикалық тәлiмiнде ұлттық ойындардың түрлерi жетiп жатыр. Мәселен, халқымыздың сондай ойындарының бiрi, көпшiлiкке танымал „ұшты-ұшты, не ұшты?” дейтiн жаңылтпаш ойынын айтуға болады. Мұндай баланың тек дене қозғалысы ғана емес, бүкiл ойлану мен тiл ұстартудың да бiрге игерiлетiнiн ескерген жөн. Сонымен қоса, ойын кезiндегi балалардың көңiл-күйлерi де төтенше жақсы жағдайларға ауысатыны белгiлi. Әсiресе, ержетiп қалған балалар бұл ойынды өте қызықты етiп өткiзедi.
Бала қырқынан шығып, қарашығын меңгереген
Ақыл тәрбиесі соң, алғаш рет ақпен қараныажыратқаннан бастап,
нәрестеде а қ ы л т ә р б и е с i басталатындығын жоғарыда егжей-тегжей айтқан едiк. Сол сәттен өмiрiнiң ақырына дейiн, үздiксiз жалғаса беретiн ақыл тәрбиесi - үнемi өзгерiп те, уақыт өткен сайын жаңадан жаңғырып та отыратыны белгiлi. Ендеше, қай кезеңде болмасын ақыл тәрбиесiнiң қыры да, сыры да, мол. Адамзат қауымының ең үлкен тәрбиешiсi – Табиғат ?! Жалпы Адам мен Табиғат – егiз ұғым! Табиғат – адам баласын жаратқанда, оған өзiнiң де, өзгенiң де тiршiлiк етерiн аманат еткен сияқты. Бiрақ, адамзат қауымы мұндай түсiнiкке және жауапкершiлiктi мойнына алған санаға әлi жете қойған жоқ. Ол үшiн Адам – ең әуелi өзiн-өзi түсiнiп, адам тәрбиесiндегi көптеген қателiктердi үзiлдi-кесiлдi өзгертуi керек. Әуелбаста қателiкпен салынған ескi сүрлеудi қайталай бермей, батыл түрде ғылыми жүйеленген тәрбие тәсiлдерiне көшiп қана қоймай, оны бүгiнгi ғылыми жетiстiктердiң озық үлгiлерiмен үнемi жетiлдiре беру ең негiзгi мақсат. Адамзаттың ақыл-ой тәжiрибелерiнде қандай ұлы мақсаттарда болмасын, ең әуелi оны қиял-ғажайып құбылыстар деңгейiнде шешiп, сонан кейiн ғана бiрте-бiрте өмiр тiршiлiгiмiзге әкелетiнi белгiлi ғой. Мiне, бiзде адам болмысының мүлдем өзгерген үлгiсiн қиялымызбен жобалап, бұл жайында – “ Кәусәр” (1985)‑ атты ғылыми-фантастикалық роман жазылды. Ондағы ең талқыланатын мәселе, адамзат қауымының азаттығы немесе жаратылғаннан берi кесiлмей келе жатқан к i н д i г i н кесу арқылы, нағыз бостандыққа жетудiң жолын сипаттайды. Оның бiр ғана жолы, тек адамның “қызыл өңеш құлдығынан” босануымен тiкелей байланысты екен. Адам баласы қызыл өңеш құлдығынан босап, қалдықсыз қорекке қолын жеткiзiп игергенде ғана, ең әуелi өзiнен-өзi қабағат қатты құрсаудан босанып, оның табиғатындағы таңғажайып қасиеттердiң толық ашылуына мүмкiндiк алады екен. Сонда, бүгiнгi таңда бар жоғы 4–6 пайызы қызмет iстейтiн А д а м м и ы,қалдықсыз қорекке ауысудың әсерiмен, толық түрдегi 100 пайыздық жұмыс iстеу қабiлетiне ие болады екен. Мiне, адам тек осы сипатта ғана абсолюттiк ақыл иесiне айналмақшы. Бұл бiздер ұсынып отырған а қы л т ә р б и е с i н i ң қиялға сыймас көкжиегiн тек осылай ғана болжауға болатындығын аңғартады.
Балабақшадағы тәрбие сабақтарында қолданылмайтын құрал жоқ. Бүкiл айналадағы табиғаттың өзiнен бастап, осы уақытқа дейiн жасаған адамзат қауымының рухани байлықтары – тарих, өнер, әдебиет ғылымының жетiстiктерi де ұрпақ тәрбиесiнiң құралына айналады. Солар арқылы баланың санасына сөз болып та, ән-күй, әуен түрiнде, түрлi түстi сан қилы суреттермен де сiңетiндiгiн бiлемiз. Осындай үзiлiссiз тәрбие ғана өзiнiң кәмелетiне жетiп, адам өмiрiнiң өркендi болуын қамтамасыз етедi екен.