Совет–Хан Єаббасов


әлеуметтік сөздерден тыйылғандары жөн. Сөз жарыстыра салғыласу, кеңестер



бет270/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   294
әлеуметтік сөздерден тыйылғандары жөн. Сөз жарыстыра салғыласу,
кеңестер. тек пәле атаулының басы ғана емес, сонымен қоса, жан-дүниенің таяздығын аңғартатын м ә д е н и е т с і з д і к белгісі.
Е к і н ш і, боларға да, болмасқа да, ақыл айтып кеңес беруден аулақ болған жөн. Ұлы Абай айтатын: «Сөзіңді ұғады-ау деген адамға да, оған айтар уақыттың с ә т і н тауып айт.» ‑ деген нақылын есте ұстағанның артықтығы жоқ. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы, өздерінің әдеттері мен үйреншікті әрекеттерін сыйлағанды жақсы көреді. Түсінісушілік пен татулықтың сыры да осында жатса керек.
Ү ш і н ш і, кісі көзінше бірін-бірі сынап-мінеген жандардың қасында отырудың өзі қиын. Бұл әдет заманына орай, қазіргі кезде, тым көп тараған кемшіліктің бірі. Мінеки, әлеуметтік зерттеулердің қортындысына көңіл аударыңыздар: «Күйеуіңізді танымайтын немесе таныстарыңыздың көзінше, туыс-туғандар мен бала-шаға алдында жиі сынайсыз ба?» деген сауалға, әйелдердің тек 31 проценті ғана сынамаймын‑дегенді айтады.Ал қалған 69 проценті сынайтындықтарын мойындаса, соның ішінде 13 проценті аса жиі қайталайтындықтарын жасыра алмады. Психологтардың айтуынша, тіпті дұрыс нәрсенің өзін бір-біріне жеке айтқандарын қалайды. Ендеше, сын өзара сынның айтылу сәті мен өз орны бар екенін ескерелік.
Т ө р т і н ш і, тек ерлі-зайыптылар ғана емес, бүкіл шаңырақ астындағы жандар бірін-бірі бағалай білсе, құт-береке сонда келмек.
Б е с і н ш і, бір шаңырақта өмір сүретін жандардың бір-біріне айтатын: «қайырлы таң!», «ас тәтті болсын!» сияқты шынайы мейірімді сөздерімен-ақ жеңіл-желпі сырқаттардан бірін-бірі жазып алады екен. Адам көңілі дегеніміз осы? Мінеки, бұл тіршіліктегі жиі кірлетіп, тоздыратынымыз да көңіл екен.
А л т ы н ш ы, ерлі-зайыптылардың арасындағы адалдығы. Бұл, тіпті ең басты жауапкершілік!
Ж е т і н ш і, әр кезде жақсы іс-әрекеттерді, қайталап еске алып отырғанның артықтығы жоқ. Оның есесіне, көңілсіз жайларды еске алмаған дұрыс. Бұл да тіршіліктің өз заңы болса керек.
С е г і з і н ш і, семьяның саулығы мен к ө ң і л д і л і г і бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл арада да «өзімшілдік сезімдерін» еске алған жөн. Өзімшіл тіршіліктің берері, тек опық жегізетін ө к і н і ш?!
Т о ғ ы з ы н ш ы, тіршілігіміздің жаңа бір л а ң ы — СПИД жайында есте ұстамасақ болмас. Адам баласы соңғы уақытта, өзінің рухани ішкі тазалығын тым кірлетіп те, жүдетіп те алғаны әрқайсыңызға аян. Соның ең жексұрын сипаты, жыныс қатынас-тарындағы, шектен асқан имансыздығы дер едік. Тіпті, осынау СПИД ауруы, соның зауалы сияқтанып та көрінеді. Бұл ауру, ертең-ақ бүкіл бір халықтың иман-таразысының белгісіне айналуы мүмкін. Осыны ескерейік.
О н ы н ш ы, қосағыңмен қоса қартаюдың өзі — асқан бақыт?! Олардың — 25 және 50 жылдық тойлары ұрпағына сыйлаған үлгісі мен өнегесі ретінде ‑ мерекені мемлекеттік маңызға көтеру қажет.
О н б і р і н ш і, ерлі-зайыптылардың арасындағы татулыққа — дос-жарандардың әсері. Бұл тәлім, әсіресе, қонақжай біздің халқымыз үшін, ерекше орын алады. Семья болып араласудың тазалығы мен адамгершілігін кір шалмау керек. Иненің жасауындай да сызат түсірмеуге тырысудан үлкен жауапкершілік жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет